Тарихты талқандау: Қазақтың тегі сақ емес

Тарихты талқандау: Қазақтың тегі сақ емес

Біз кімбіз өзі? Қазақ деген атау не мағына береді? Осы сұраққа жауап табам деп талай ғалымның миы қатты, қанша тарихшының қаламы сынды екен? Қайсыбіреулер қазақ деген «АҚ ҚАЗ» мағынасын береді дейді. Құс тотеміне табынудан шыққан болса керек деп өз ойын факті-сымақпен бекітіп қоятынын қайтерсің?!
Ау, жұртымыз, қазАҚ деген есімді иеленіп жатқан тұста қай дінде еді? Шаманист болса, бір сәрі! Бұл нұсқаның өмір сүруіне хақысы бар дер ек. Бірақ, қазақ деген түсінік пайда болардан 1000 жыл бұрын бабаларымыз Исламды қабылдады емес пе? "Жақсы есім қойыңдар",-деген Пайғамбар (с.ғ.с.) өсиетінен хабардар мұсылман аталарымыз қайдағы жоқ ит-құсқа өздерін теліді, теңеді дегенге сенгім келмейді...
Енді біреулер, "қазақ атауы қашақ, яғни «қашқын» мағынасын беру керек. Енді, Керей мен Жәнібек Әбілхайыр хандығынан бөлініп, Шу алқабына қашып барды емес пе?", - дегенді айтады. Бір-екі ру империядан бөлініп кетсе, мейлі. Оларды қашқын деуге болар. Бірақ, Керей мен Жәнібектің соңынан ергендер кімдер еді? Найман, арғын, дулат... Көшпелі Өзбек империясының сүйек-қаңқасы еді бұл тайпалар. Осы рулар Әбілхайырдың уысынан шығып кеткесін, хан Сарыарқада бір күнде тұрақтай алмай, Әму мен Сырға қарай кетті емес пе?! Тиісінше, кім «қашты» деген заңды сұрақ туады?
Тағы бір теория бар. Оған сенсек, қазақ сөзі «Хас Сақ», яғни нағыз сақ дегенді білдіреді екен. Бұл версияның авторлары қазақтан сақ жасауда алысқа кетті десек болады. Алтын адамның бөркі қазіргі сәукеленің прототипі дейді. Дұрыс-ақ. Тек бұл кісілер сақ пен қазақ арасынан ұқсастық іздеймін деп ең үлкен айырмашылықты ұмытып кетті. Сақ ханзадасы ер жігіт болатын. Ал сәукелені қыздар нақты айтсақ, ұзатылып бара жатқан қарындастар тағады. Парадокс па?
Иә, батыс мәдениетінде еркектің киімі мен әйелдікінің арасында аса үлкен айырмашылық болған жоқ. Ер жігіттері күні кешеге дейін етекті көйлек (юбка) киді емес пе? Тиісінше, олар айтса жарасар еді. Ханзаданың бөркі, уақыт өте әйелдердің сәукелесіне айналды деп. Ал көшпелі жұртта керісінше. Еркек пен әйелдің киімі бір-біріне ұқсамауы керек деген қатып қалған заң бар. Жейдеміз «қыздарский» көрінетіні үшін бала кезде талай мазаққа іліндік емес пе? Есіңізде ме?!
Есіңізде ме демекші, сақ патшайымы Томирис кейінгі тарихи оқулықтарда Тұмар немесе Томар иіс деп жазылып жүр. Томирис – туған есімі ме? Әлде парсыша бір мәртебені білдіре ме? Біздің тарихшылар ол жағын зерттеп әуреленбепті. Томирис дегенге қазақтың қай сөзі жақын? Томар деген бар. Ағаштың тамыры. Билігі тереңге кеткен деп аударуға жақсы. Иә, тұмар деген де бар. "Пәле-жаладан сақтайтын шүберек".
Сақтарды Парсының бодандығынан сақтаушы деп тәржімалауға келеді. Кім біледі. Томиристен Томар иіс немесе Тұмар жасаған тарихшылар осылай сөз ұйқасына билікті берді ме? Нақты білетініміз, скиф ханшайымының есіміне қазақы жалғау байланып, Томирис қазақтың протоәжесіне айналып шыға келгені.
Сақ пен қазақ...
Томирис дегенді қазақылап, Тұмар иіс десе не болыпты? Бәрібір, біздің түбіміз сақ емес пе дерсіз? Мен айтар едім - сақтың қазаққа қатысы шамалы. Иә, осы жолдарды оқып отырған сіз де өре түрегелерсіз. Бірақ, ақиқаты сол. Ақ арыс, Жан арыс, Бек арыс деп, шежіреден мысал келтірерсіз. Сондағы Ақ арыс скифтен шыққан, грек елінде танымал болған Анархасис атты философ еді деп (Дәлелге санай алмаймын. Томиристі Тұмар иіс деген секілді сөз ойнату ғана. Ұйқас қуалау).
Жә, Хас Сақ теориясының жалған екенін дәлелдеп көрейік. Сізге сұрақ! Біздің арғы атамыз сақтар ма, әлде ғұндар ма? Сақ жұрты біраз уақыт өткеннен кейін, ғұн деген этнонимді иеленді деген мифке бұл жерде орын жоқ. Керек болса, Сақ пен Ғұн туыстас жұрт емес, бір-біріне жау болған халықтар. Сақтардың он мың жылдық дәуірін басқа емес, осы ғұндар тоқтатқан.
55 жылы Алтайдан ауып келген жауынгер жұрт Тиграхауд, Хаомаварга дейтін сақ тайпаларымен соғысты. Оларды Жетісу жерінен ығыстырып, Сарыарқаға қарай жылжыды. Сақ тайпаларымен ғұндар бір ғасырға жуық арпалысты. Иә, тұрмысы да, менталитеті, бет-пішіні де бөлек, екі халық далада бірге күн кешуге мүдделі емес еді. Әрі мүмкін емес еді, екеудің көрші тұруы.
Не керек, ғасырға созылған соғыстан сақтар қан-жоса болып жеңілді. Ол аздай түп-тұқиянымен жоғалу қаупі туды. Себебі, ғұндар скиф тайпаларын қырып-жоя бастап еді. Бас сауғалаған сақтардың бір бөлігі Иранға қашты. Ол жерде Александр Македонский империясының жұрнағы Селевкидтер мемлекеті бар еді. Сақтар гректенген парсыларды талқандап, Парфия дейтін көшпелі хандық құрды.
Сарыарқадан жөңкіле қашқан скифтердің тағы бір бөлігі Үндістанға барды. Үндінің атақты Рамаяна жыры осы көштің кезінде жазылған. Солтүстіктен миллионнан астам әскер баса көктеп кірді. Махараджалар қиян кескі ұрыс жүргізді. Жеңілді. Жатжерлік арий тайпалардың мың жылдық билігі басталды деп жазады әлгі эпоста.
Енді айтыңызшы, тайлы тұяғы қалмай үдере көшіп кеткен жұртты неге әлі күнге ата-бабамыз деуден таңбай келеміз? Неге жеңген емес, жеңілген жұрттың ұрпағы болғымыз келеді?
Қазақ саққа жақын ба, әлде ғұнға ма?
Сақтардың бет келбеті еуропалық болатын. Оны Ирандағы Бехистун жартасына салынған скифтердің суретінен де байқауға болады. Ал ғұндар моңғолоидтық кескінге ие еді (Қазақтың 70%-ының көзі сығыр, қара шашты).
Сақтар парсы тілдес еді. Алтын адамның жанынан табылған алтын тостақта скифше бірнеше қатар сөз жазылған. Орхон-Енисей жазбаларына мүлдем ұқсамайды. Ал ғұндар түркі тілінде сөйледі. Ғұндардың патшаларының есімдерін, ру тайпаларының атауына қарасаңыз болады.
Сақтар тұрмыс заттарын, қару-жарақтарын аң стилінде өрнектейтін. Әлгі бүктеліп атылған барыс, қанатты атты есіңізге түсіріңіз. Ал ғұндар асыл тастарды көп пайдаланды. Жүзікке жаһұт тасты тақты. Сырғаға лағыл тас жапсырды дегендей. Қазіргі қазақ қай стильдің тұтынушысы екенін, екеуді салыстырсаңыз түсінесіз.
Қару жарақ деп қалдық қой, сақтар ақинақ дейтін ұзын семсер ұстады. Ал ғұндар қайқы қылышпен жауға шапты. Енді Қабанбай, Бөгенбайдың қолдарына қараңызшы? Семсер ме, әлде қылыш па ұстағандары?
Алтын адам сақ ханзадасы ма?
Бірақ, сақтарды протобабамыз деп жүрген тарихшыларды да түсіну керек. Бұл жерде Қытай, Иран, Ресей факторы бар. Сақтар ирантілдес еді деп мойындасақ, Иранның дәмесін оятып алуымыз мүмкін. Рас, скифтердің тілі, өмір салты парсыларға қатты ұқсас екені жыл өткен сайын анықталып келе жатыр. Сол себепті де шығар, кей тарихшыларымыз Алтын адам сақ емес, үйсін дегенді айтып жүр.
Бұрын бұл далада скифтер тұрған. Оларды ғұндар қуып шықты. Осылай десек, онда Қазақия жері жетпіс жұрт келіп, жетпіс жұрт көшкен, нақты қожайыны жоқ дала секілді көрінеді. Онсызда, теріскейдегі облыстарымызға көз алартып жүрген орысқа, бұл жақсы сылтау болуы мүмкін. Кім күшті, дала соныкы болған. Тарихыңа қара деп айта салуы кәдік. Сол себепті, тарихты белінен басып тұрып, скифтер біздің бабаларымыз деуге мәжбүрміз.

Дәлайтар КЕНЖИН, Материал jaqsy.kz сайтынан алынды.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста