Соғыс өзгерткен тағдырлар

Соғыс өзгерткен тағдырлар

Ұлы Отан соғысына аттанып тағдыры үшке бөлінген үш ағайынды жайында бір естелік...

Елімізде соғыстың суық желі үйін сырт айналып өткен отбасылар кемде-кем шығар. Қазақстанда әр отбасының есінде біріне әке, біріне ата, халқы үшін батыр тұлға бар.
Иә, біз олардың барлығының аты-жөнін, түрін біле бермейміз. Бірақ Ұлы Отан Соғысына қатысқан, бүгінгі жайма-шуақ өмірді сыйлаған батырларымызға қай уақытта да алғысымыз шексіз.
Биыл Ұлы Отан соғысының басталғанына 73 жыл, Ұлы Жеңіске қол жеткізгенімізге 69 жыл толып отыр. Соғыстан кейін туылған балалар бүгінгі күні есейіп, ер жетіп, қазір олардың да өз балалары, немерелері бар. Алайда жылдар бүгінгі ұрпақты соғыстың шындығынан алыстатып барады. Жыл өткен сайын бізге бейбіт өмір сыйлаған ата-әжелерімізді ұмытып бара жатырмыз...
Сондықтан да соғыс тек тарих пәнінің парақтарында жазулы күйінде ғана қалмауы үшін өткен күннің батырларын бүгінгі жастарға таныту сол батыр ата-әжелеріміздің ұрпақтарына парыз деп білемін.
Жеңіс күніне арналған материалымда соғысты көзі көрген әке мен шешенің қызы Гүлжауһар Қойлыбайқызының естелігімен бөліскім келіп отыр.

«...Мен дүниеге келгенде әкем 68 жаста болатын. Мен 1,5 жасқа келгенде әкем дүниеден өтіпті, ал анамнан 7 жасымда айырылдым. Жастық шақтары зұлматты соғыстың уақытына келгендіктен анам да, әкем де соғысты көздерімен көрген, ыстығына күйген адамдар.
Ата-анамнан ерте айырылғандықтан олар жайлы тек үлкендердің естеліктерінен ғана білемін. Бірақ олардың соғыс жылдарындағы ерліктерін бүгінгі күні өзім де, олардың немере, шөберелері де мақтан тұтамыз.
Соғыс уақытында адамдар алдында өлім күтіп тұрғандығын біле тұра, тұтқынға түсіп қанша қиналсада үнін шығармай, жаралыларды жауындай бораған оқтын астынан алып шығуға, тылда қара жұмыс істеуге өз еріктерімен барған ғой. Оған не себеп болды деп ойлайсыздар? Әрине оның жауабын ойланбастан айтуға болады, ол - «МАХАББАТ» деген ұлы сезім. Өзінің отбасына, еліне, ұрпағы мен олардың болашағына деген ұлы махаббат.
Жүректерін осындай үлкен махаббат кернеген біздің әулеттің үш ұлы соғыс басталысымен майданға ойланбастан аттанып кеткен екен. Алайда бір отбасынан шыққан үш жігіттің тағдырын соғыс үш түрлі өзгертіп жіберетінін ол кезде ешкім сезбегенде еді...

Үйдің тұңғышы, менің әкем Тупетов Қойлыбай 1942 жылы маусым айында әскерге алынып, Сталинградқа жіберілген. Ол Василий Иванович Чуйков басқарған 62-армия (кейіннен жалпы әскери 8-гвардиялық армия деп өзгертілген) қатарында болған. Әкем қарша бораған оқтың арасында жүріп, жауынгерлерге жол ашушы,сапёр болған және немістер түнде қиратып кеткен көпірлерді түні бойы жөндеп, біздің әскердің соғыс техникаларын өткізуге ыңғайлы жаңадан өткелдер жасаған адамдардың қатарында болған екен. Әкем Берлинге 30 км жетпей қалған.

Әкемнің інісі Тупетов  Наурызтай да сол жылы әскерге алынған. Алайда соғыс басталысымен немістерге тұтқынға түсіп қалған екен. Соғыс жылдарында «Ең соңғы оқты Совет жауынгері өзіне жұмсауы қажет» деген Сталиннің бұйрығы болған. Өйткені тұтқынға түскен адам сатқын саналатын. Бірақ адамның өз-өзіне қол жұмсау деген оңай нәрсе емес. Содан тұтқынға түскен ағам соғыс аяқталғанша немістердің концлагерінде болған екен. Соғыс аяқталғаннан кейін Кеңес әскерлері оларды концлагерден босатып алып, басынан нешетүрлі қиындықтарды өткізген Наурызтайды тұтқыннан шыққаннан кейін Сталиннің бұйрығын орындамай, тұтқынға түскені үшін 8 жыл өз елінде сатқын ретінде абақтыға жабылады. Ол кісінің жағдайы өте нашар болған... 

Әкемнің ең кіші інісі Тупетов Әбдіқадыр 18 жасында, 1943 жылдың мамыр айында әскерге алынып соғысқа аттанады. Ол Воронеж түбінде соғысқан. Сол жерде эшалондарына бомба түсіп қайтыс болған. Бүгінгі күні Воронеж облысы Болшаяверейка ауылдағы «Бауырластар» зиратында жерленген.

Анам Рахима Оспанқызы сол заманда өмір сүрген Оспан деген байдың қызы болған екен. Ол кезде байлардың дүние-мүлігін конфескация жасап, өздерін итжеккенге айдап жіберетін болған. Анам жеті жаста болғанда ол жағдай оның отбасына түскен. Сол кезде отбасымен оларды Сібірге жіберуге машинаға тиеп жатқанда, бір әйел ол жаққа жіберіліп жатқан кішкентай қызды аяп, оны солардың арасынан суырып алып қолынан жетектеп апарып балалар үйіне өткізіп жіберген екен.

Содан 1942 жылы анам Есік қаласындағы балалар үйінен шығады. Сол жақтан санитарлық курсты аяқтап шыққан ол өз еркімен соғысқа аттанады. Ленинградқа жіберілген анамсонда жараланған жауынгерлерді емдеп, медбикелік қызмет көрсетіп жалындаған соғыстың арасында жүреді. Анамның көзі тірісінде кішкентай болсамда: «Бір күні емдік дәрі-дәрмектерді алып келе жатсам дәл үстімнен немістер ұшақпен оқ жаудырып өтті. Сол кезде қорқып кеткенімнен аттың басын тартып қалыппын. Оқ басымнан ұшып өтті. Сөйтіп бір өлімнен аман қалғаным бар...» деп, қиын жағдайды құшқан ленинградтықтар туралы «Ленинградтықтардың аштықтан әлсірегендері сондай өздері тік жүре алмай қабырғаларды жағалап, әрең жүретін. Ол жылдар соғыспен қатар аштық орын алған қиын заман болатын» деп еске алып отыратыны есімде.

Анам 1946 жылы соғыстан елімізге қайтқан. Қазақстанға қайтып келе жатқанда енді не істеймін, әке-шешем кезінде итжеккенге айдалып кеткен болсада, осында туысқандарым болуы керек қой, оларды қайдан іздесем екен деп пойызда келе жатады. Пойыз Шамалған станциясына келіп тоқтаған кезде адамдар «Шамалғанға келдік, Шамалғанға келдік» деп айтып жатқанда, кішкентайында әке-шешесінің «Шамалған» деп айтып жатқан бір сөздері есінде қалса керек, не болсада әке-шешем осы маңайдың адамдары болуы керек, біреу болмаса біреу оларды танитын шығар, туысқандарымды осы жерден табармын деген үмітпен Шамалған станциясынан түсіп қалады. Біздің Сырымбет деген атамыз Әкімжан деген жеңгеміз болатын. Сол кісілердің естелігі бойынша: «1946 жылы кешке жақын біреу терезе қақты. Қарасам әскери киім киген жас қыз тұр екен. Жөн сұраса келіп оның Оспан деген кісінің қызы екендігін, бұл ауылға туысқандарын іздеп келгендігін білдім. Сөйтіп қанша жыл бұрын айырылып қалдық деген қарлығашымызбен жолықтық» дейді. Содан Әкімжан жеңге анамды өзінің қайнысы, менің әкем Қойлыбайға қосады.

«Ажалсыз қырық жыл соғысса да өлмейді» деген сөз бар ғой, қырғын соғыстың арасында жүрген әкем мен анам соғыстан аман оралып, екеуі шаңырақ көтеріп, бүгінгі күні артынан 5 ұл, 1 қыз қалдырып кетті.
Біздің әулеттің соғыспен байланысы осындай...».

baq.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста