Шеттегі қазақты этнограф Жағда Бабалықұлы қалай атаған?

Қолымызға белгілі этнограф, өмірінің көп бөлігін Қытай жерінде өткізген арысымыз Жағда Бабалықұлының этнография, салт-дәстүрге қастысты бірнеше жазбалары келіп түсті. Қолжазбаны өзгертпей түпнұсқа күйінде жариялап отырмыз.
«Оралман» атауы туралы елдің танымы әртүрлі болып жүргені анық. Көп адам «оралман» деген атауды ұнатпайды. Сыртта қалған ел тағдырына тікелей байланысты «оралман» атауын өзгерту туралы «Таным» клубының көзқарасын алсақ дейміз. Көшіп келіп бір тудың астына шоғырланған туыстарды, қандастарды, отандастарды қалай атау қонымды болар екен деген оймен төмендегі атауларды тіздік:
Оралман
Оралғандар
Оралған туыстар
Оралған қандастар
Төркіндестер
Тұқымдастар
Кіндіктестер
Кіндік туыстар
Кіндік қандылар
Туыстар
Қандастар
Көшіп келгендер
Көшіп келген туыстар
Көшіп келген қандастар
Көшіп келген отандастар
Келген туыстар
Келермендер
Бетбұрғандар
Іңкәрлар
Елдестер
Еншілестер
Есжиғандар
Естапқандар
Елтапқандар
Елінтапқандар
Тоғысқандар
Табысқандар
Басқосқандар
Үйірсектер
Үйірін тапқандар
Үйір тапқандар
Аңсағандар
Шоғырланғандар
Елсірегендер
Елсүйерлер
Отандастар
Жағда Бабалықұлы жайында
Жағда Бабалықұлы 1917 жылы қараша айының 1-ші жұлдызында Қытай Халық Республикасы, ШҰАР Іле Қазақ автономиялы облысы, Тарбағатай аймағы, Толы ауданы, Құжыртай деген қыстауда дүниеге келген.
1934-1943 жылдары бастауышты Тарбағатай аймағының орталығы Шәуешек қаласындағы орта мектепте бітірген. 1943 жылы Үрімжі қаласындағы Шыңжаң пединститутының студенті болған.
Студент кезінде Ұлт-азаттық ұйым құрғаны үшін 1944 жылы Шың Шысай, 1945 жылы У Жың Шың үкіметі түрмесінде қамауда болды.
1945 жылы 5 сәуірде түрмеден шығарылып, Үрімжіде қатаң бақылауда болған. Бірақ Жағда бұл жерденқашып шығып, Шәуешек қаласына барып тағы да, Ұлт-азаттық ұйым жұмысына қатынасады.Қарулы партизан тобын ұйымдастырады.
1944 жылдың қараша айында Іле аймағында құрылған Шығыс Түркістан республикасының көтерген көк туының астына шоғырлануды армандаған Жағда Бабалықұлы 1945 жылдың тамызында ұлт-азаттық армиясының «Тарбағатай» атты полкін құрған. Содан бастап армия қатарында әртүрлі дәрежелі жауапты қызметтер атқарған. Полк командирінің орынбасары да болған. 1947 жылы Шығыс Түркістан республикасының әскери түрмесінде сегіз ай отырған. Түрмеден ақталып шыққан соң ұлт-азаттық армиясының саяси басқармасы бастығының орынбасары қызметін атқарған.Әскери атағы - подполковник.
1949 жылы Қытай компартияның қол астына кіргенде Қытай халық азаттық армиясының ШҰАР-дағы әскери сот төрағасының орынбасары, ШҰАР партия мектебі бастығының орынбасары тәрізді жауапты қызметтер атқарған.
1952-1955 жылдары ШҰАР Іле Қазақ автономиялы облысы Тарбағатай аймағының әкімі, 1955-1956 жылдары ШҰАР үкіметінің саяси заң басқарма бастығының орынбасары, 1956-1958 жылдары ҚХР-ШҰАР Іле Қазақ автономиялы облысын басқарған.
1958-1961 жылдары «ұлтшыл, оңшыл, үш отау түтінін бір жерден шығаруды армандаған, социализмге, коммунизмге қарсы элемент» деген желеумекн еңбекпен тәрбиелеу лагеріне жіберілген.
1961 жылдың қыркүйек айында лагерьден шығарылған соң, бала-шағасымен Қазақстанға өткен. 1961-1962 жылдары баспанасыз жүріп, мал баққан, әртүрлі құрылыстарда істеген, пошта тасыған. 1963-1983 жылдары «Мәдениет және тұрмыс» журналында әдеби қызметкер болған. 1983 жылы зейнеткерлікке шыққан. Тарихқа, салт-дәстүрімізге, туған тілімізге қатысты этнографиялық зерттеу мақалаларын баспасөзде үнемі жариялап тұрған. 1987 жылы Советқазы Ақатаймен бірге Қазақстанның азаматтық «Азат» қозғалысын құруға белсене қатысқан. Жалпы Жағда Бабалықұлының өмірі өте күрделі өтті. 1944-1961 жылдар ішінде төрт рет түрмеде, 1961-1991 жылдары арасында «Қытай жансызы, ұлтшыл, оңшыл, өте қауіпті элемент» деген қатаң бақылаудың құрсауында өмір сүрді.
«Қырандар», «Саят», «Мал ауруларының сырлары», «Қамшыгерлік» атты кітаптары жарық көрген. 2010 жылы 93 жасқа қараған шағында Алматыда көз жұмды.
Baq.kz сайтынан алынған

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста