Құмалақтан қайыр сұраймыз ба? Әлде құдайдан ба?
Жұма күні мешітке барсаң тағы да «Қызым,садақа бер» деп жағаңнан ала жаздайтын тәтелер көбейіп кетіпті. Оларға қарап жұма күнгі садақа алуды кәсіп қылып алған ба деп қаласың. Мешітке барған жандар әрине садақаны аянбай беріп жатады. Бірақ жұма күнгі садақа кембағал жандарға беріледі емеспе? Арнайы құран оқытып садақаны тағдырдың талқысына түсіп күйзелген пендеге беру ләзім. Ал мешіт қақпасының алдында тұрып алып садақа бермей өткендерге қарызын бермей кеткендей ренжитін кісілерге не дей аламыз... Заманның ағымына байланысты қалайда қолынан келсе бірін-бірі сан соқтырып кетуге дайын адамзаттар қоғамда көбейіп кеткені алаңдатады. Алданғың келмейді-ақ, бірақ еріксіз алданып қалатын кездер болады. Сондықтан өмірлеріңіздің алдыда қандай боларын өзгеден сұрамай, маңдайымызда не жазылса соны көрейік. Айлакерге алданып дана Абай айтқандай «қолымызды мезгілінен кеш сермеп жүрмейік!»www.elbirligi.kz
Последние статьи автора