Мәншүкті өз қолымен жерлеген

Мәншүкті өз қолымен жерлеген

Ел басына күн туған кезде Аягөз өңірінен Ұлы Отан соғысына аттанғандардың бірі Алматыда жасақталған Панфилов дивизиясының 100-атқыштар бригадасының жауынгері Ахметқазы Болатов еді. Атамыз 1949 жылы Аягөзге аман-есен қайтып келіп, май цехында қызмет атқарады. Кейін Алматыға көшті, 1997 жылы 21 маусымда дүние салады.

Ахметқазы ата өзінің естелігінде былай деп отыратын еді:
- Мен жаумен 1943 жылдың 15 қазанындағы шайқасқа Мәншүкпен бірге қатынасып, қалай мерт болғанын көзбен көрген адаммын. Мен сол уақытта да айтқанмын, қазір де қолымды көкірегіме қойып, ағымнан жарылып айта аламын. Сол күнгі Изочи станциясы үшін болған шайқастан аман-есен шыққан 100-бригаданың жауынгерлері тек Мәншүктің арқасында тірі қалдық. Өз өміріміз үшін де, соғыстан кейінгі көрген барша қызықшылығымыз үшін де Мәншүктің әруағы алдында қарыздармыз. Сондықтан оның ерлігіне бас ие отырып, өзіміздің көзіміз жұмылғанша оның атын қастерлеп айтып өтеміз.
...1942 жылдың қыркүйегінде Мәншүк Мәметова 100-атқыштар бригадасының құрамында Мәскеудің солтүстік жағындағы «Бабушкино» деген шағын қалаға келеді. Рота үлкен шабуыл алдындағы дайындық кезінде еді. Бұл ара М.Калининнің туған жері екен, сол себепті Калинин облысы деп аталған. Ол жау қолына өткелі біраз уақыт болған. Алда оны фашистерден азат ету міндеті тұр. Ахметқазы атамыз осы құрамада шабуылға әзірленіп жатады. Мәншүк штабта іс-қағаздарды реттеуші, әрі 4-бөлімшенің комсомол жетекшісі болады. Бригада Алматыда жасақталғандықтан, мұндағы жауынгерлердің түгелі дерлік қазақ жігіттері еді. Сондықтан олар Мәншүкті аялап, «арамыздағы қарлығаштай қызымызды оққа ұшырып алсақ, елге не деп барамыз»- деп, мүмкіндігінше оны штабта ұстайды. Ахметқазы Болатов топ комсоргі, бөлімдегі жауынгерлердің есебін штабқа апарған кезде Мәншүкпен жүздесіп, әңгімелесіп жүріпті.
Кейін бұл бригада генерал-лейтенант К.Галицкийдің басқаруындағы 3-тегеурінді армияның құрамында атақты Великие Луки шайқасына қатынасады. Ұлы Отан соғысының тарихында бұл «Кіші Сталинград шайқасы» деген атақ алған қиян-кескі ұрыс еді. Великие Луки шайқасында жауды еңсере жеңіп, қаланы алған соң, әбден қажыған бригада демалысқа шығады. Шадинина деревнясында бекіністе тұрып, жаңадан тың күш келіп қосылып, келесі ұрыстарға әзірленеді. Бұл 1943 жылдың жазы еді. Мәншүк «штабта хатшы болмаймын», - деп қайта-қайта рапорт жазып, алдыңғы шепке сұранады. Бұл тілегі қабылданбаған соң, пулеметші болғысы келетінін айтып, бригада командирлеріне үсті-үстіне рапорт жазады. Ақыры 1943 жылдың маусым айында жаңадан құрылып жатқан 4-пулеметшілер батальонына қабылданады. Жаздай пулеметші өнеріне жаттығады.
Қыркүйек айында Ахметқазы ата бригадасы шабуылға шығады. Бұрынғы Калинин, қазіргі Псков облысының Невель қаласын жаудан азат етуден бастайды. Қаланың терістік жағында Изочи станциясы бар. Ленинград, Москва жолдары осы арқылы өтеді. Станцияны фашистерден азат ету үшін алдын ала жоспар жасалып, 14 қазанда шабуыл басталады. Шайқас екі күнге созылады. Станция мен қаланың орта тұсындағы жотаға Мәншүктер 14-інен 15-іне қараған түнде алдын ала орналасып, өздеріне қолайлы позиция жасап алып, шабуылдың барысын қадағалап жатады.
Соғыс тәртібі бойынша пулеметші жаудан азат еткен жерге бекініп, окоп қазып, орын сайлап алу керек. Бірақ фашистер оған мұрша бермей, екі-үш есе көп күшпен қайта шабуылдап, ес жидырмай, соққы береді. Күш тең келмегендіктен, бүйтіп соғыса берсе, жігіттерден түгел айырылатын болғандықтан, позиция ауыстыру үшін, станцияны тастап, шегіне ұрысады. Міне, Мәншүктің табандылығын, қайсарлығын осы жолы жолдастары көреді. Тас түйін бекінген Мәншүк: «Ана жақта кімдер қалды?» - деп сұрайды. Қайтпай қалған жігіттердің кегін қайтарғысы келгендей, пулеметке жабыса түседі. Фашистердің үш-төрт дүркін шабуылына төтеп береді. Қанша дұшпанды қырды, ол арада санап жатқан кісі жоқ. «Мәншүк, қой, Гитлердің қай әскерін қырып тауысасың, позиция ауыстырып, күш жинайық» - дегенге көнбей, сол жотада қалып қояды: «Сендер бара беріңдер, мен сендерді жаба тұрамын», - дейді. Бұл Мәншүктің соңғы сөзі еді. Жігіттер жылдамдатып жотаның астын құлдилап кете берді. Арттарынан дүмпулер естіліп жатты. Фашистер де Мәншүктің бекінген жерін атқылай бастайды. Жігіттер ұзаған шамада Мәншүктің сақылдаған пулеметінің даусы үзілді, жігіттер терең күрсініп, бір-біріне қарап: «Бітті» - деді.
- Егер сол жолы пулеметінен от шашып, жаудың алдын бөгемегенде, фашистер бізді жотаға жеткізбей-ақ жойып жіберер ме еді, кім білсін. 100-бригаданың қаншама жігіттерінің өмірін сақтап қалды, -деп жазыпты Ахметқазы ата өзінің естелігінде.
1944 жылдың 5-наурызында Мәншүк Мәметоваға Кеңестер Одағының Батыры атағы берілгендігі жөнінде Жарлық жарияланады. Ахметқазы ата басқа құрамға ауысқандықтан мұның бәрінен хабарсыз болады. Бұл уақытта кеңес әскерлері Брест қаласын алып, Польшаның шекарасында тұрады. Бір күні Ахметқазы атаны командирі шақырады. Барса, есік алдында бұрыннан 100-атқыштар бригадасынан танитын Тұраш Әбуов тұрады. Сәлемдесіп, ішке кіргеннен кейін командирі: «Изочидегі ұрысқа қатыстың ба?» - деп анықтап сұрайды. Ата қатынасқанын айтады. «Ендеше, Мәншүк Мәметованың мерт боларда бекінген жерін, пулеметінің орнын, сүйегін таба аласың ба?» - деп сұрайды. «Таба алар едім», - дейді ата. «Ендеше, капитан Т.Әбуов екеуің барып, Мәметованың сүйегін тауып, Невель қаласына апарып жерлейсіңдер», - дейді. Қастарына тағы екі жауынгер қосып алып, олар жолға шығады.
Ол жердің жадыларында сақталғаны сонша, қиналмай-ақ тауып алады. Пулеметінің орнын ажыратып, қазып жүріп әуелі етігіне кезігеді. Кішкене әйелдің аяқ киімі екені белгілі. Етігін таныған соң, сүйекті топырақ астынан ашып алады. Адамның шашы бұзылмайды екен. Шашын көргеннен кейін Мәншүктің сүйегі екеніне шүбәлары қалмайды. Плащ-палаткаға салып алып келіп, қаралы жиын ашып, Невель қалалық партия комитетінің алдындағы алаңға, бауырластар зиратына жерлейді. Мәншүктің алдындағы жауынгерлік, жолдастық парыздарын осылай өтейді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста