Бокс. Қазақ - өзбек текетіресі: кім күшті?

Бокс. Қазақ - өзбек текетіресі: кім күшті?

Ежелден төсекте – басы, төскейде малы қосылып жатқан, бір үйдің бірінің ізін бірі басып, тете өскен екі баласы секілді осы көрші екі елдің арасында тіршіліктің қай қиырында болмасын, бұрыннан ілігі жалғанған іштей бәсекелестік, өзара жарыс бар. Кешегі кеңес кезеңінде бұл спорт саласында көбіне-көп Алматының «Қайраты» мен Ташкенттің «Пахтакоры» арасындағы жасыл алаңның төрінде өмірі бітісіп болмайтын ымырасыз футбол матчтары тұрғысында айқынырақ көрініс табатын. Елдеріміз егемендік алғаннан кейінгі кезеңде бұл текетірес нысаны Азия конфедерациясы аясындағы мемлекеттер құрамасы мен клубтардың турнирлік додаларына қарай алмасты. Ал Қазақстан УЕФА-ға ауысып кеткеннен кейін футбол шайқасы екінші қатарға ығысты да, теңнің басы боксқа ауып жүре берді. Осы орайда екі елдің қайсысының боксы күшті екені жөніндегі сұрақ өзінен-өзі алға шығатыны да шындық.
Серік ПІРНАЗАР.
Әуелгі сөзді екі ел боксының тарихынан тартқанымыз абзал. Бұл тұрғыдан келгенде, Өзбекстанда былғары қолғапты киіп көрген жұдырықты жігіттердің бұрынырақ пайда болғанына көз жеткізер едік. Өзбек боксы өзінің бастауын Азамат соғысы жылдарында Ресейге келіп, осы жақта біржола қалып қойған америкалық боксшы Сидней Джаксоннан алады. Соғыс біткеннен кейін 1920 жылы Ташкенттегі Всеобучқа нұсқаушы болып орналасқан ол бірден бокс секциясын ашуды қолға алады. Бір жылдан соң Орта Азия Спартакиадасы шеңберінде өткен шаршы алаңдағы шайқастарға өзінің ең алғашқы шәкірттерін қосады. Ал Қазақстандағы бірінші бокс секциясы Алматыда «Темп» деген атпен 1933 жылы қанат қақты. Қазақстан боксшылары арасынан «спорт шебері» деген атаққа бірінші болып қол жеткізген Шохр Бөлтекұлы Алатау баурайында осы өнердің өркен жаюына үлкен үлес қосты.

Бірден айтып қояйық, 1926 жылдан бастау алған КСРО чемпионаттарынан 1992 жылы ТМД біріншілігі ретінде соңғы рет өткізілгенге дейін бұл жарыстарда Қазақстан боксшылары көрші елдегі қардаштарға, жалпы алғанда, дес бере қойған жоқ. Бұған бірден-бір дәлел есебінде сол аралықтарда қазақстандықтардың 35 мәрте, ал өзбекстандықтардың бар-жоғы 14 рет қана алтыннан алқа таққандарын айтсақ та жеткілікті. Бірақ екі ел былғары қолғап шеберлері арасында Одақ чемпионаттарында алғашқы болып жүлдегер атану бақыты өзбекстандықтарға бұйырды. Атап айтқанда, 67 килоға дейінгі салмақта ташкенттік Илья Давыдов 1944 жылы, Ұлы Отан соғысы қайнап жатқан кезде, 4 жылдық үзілістен кейін өткен чемпионатта қола медальдың иегері атанды. Ол бұдан кейін 1946 және 1947 жылдары да үшінші орынға табан тіреді. Міне, осылардың соңғысы қоржынға түскен жылы біздің 51 килоға дейінгі аса жеңіл (ол кезде ең төменгі салмақ осы мөлшерден басталатын) салмақ категориясындағы тарланымыз Махмұт Омаров та қола медальды қоржынға салды.
Мұның есесіне қазақстандықтар күміс медальға да, алтын медальға да бәсекелестерінен бұрын қол жеткізді. Атап айтқанда, 1953 жылы 63,5 килоға дейінгі салмақтағы Геннадий Рожков күміс медаль алса, 1959 жылы 81 килоға дейінгі Анатолий Кадетов алтын медальдың иегері атанды. Өзбекстандықтар арасынан бірінші чемпион 1970 жылы ғана шықты. Сол жылы 60 килоға дейінгі салмақтағы ташкенттік Николай Хромов (кейін тәуелсіздік жылдарында Ресей құрамасының бас жаттықтырушысы болды) жеңімпаз тұғырына аяқ артты. Онымен бірге 67 килоға дейінгі салмақта қазақстандық Әбдірәшит Әбдірахманов та бірінші орынға көтерілді. Ал бұл аралықта – 1960 және 1964 жылдары бізден 63,5 килоға дейінгі салмақта қарағандылық ағайынды екі жігіт – Виктор және Владимир Каримовтер бір-бір алтын медаль алып қойған болатын.
Көршілеріміздің бағы осыдан кейін ғана жанды. Дегенмен, бәрібір бізден озып кете алмады. Мұнда өзбектер тек бір боксшының көбірек КСРО чемпионы атануы жөнінен ғана біздің алдымызға түсе алды. Олардан Руфат Рискиев 75 килоға дейінгі салмақта бұл атақты 1972, 1974, 1975 және 1976 жылдары, барлығы 4 дүркін жеңіп алды. Ал бізден 3 рет чемпион атанған 4 жігіт шықты. Олар – Валерий Рачков (1976, 1977, 1978 жж.), Виктор Демьяненко (1979, 1980, 1983 жж.), Серік Нұрқазов (1982, 1984, 1986 жж.) және Александр Мирошниченко (1986, 1988, 1989 жж.). Өзекеңдер 2 дүркін чемпион атанған 2 боксшы ғана бар. Оның да біреуі – Николай Хромов 1970 және 1971 жылдардағы чемпиондығының соңғысын Мәскеуге тұрақты тұруға қоныс аударғаннан кейін жеңіп алды. Содан кейін 1981, 1983 жылдары Владимир Шин сондай биіктен көрінді. Қазақстандықтар арасында Әбдірәшит Әбдірахманов (1970, 1971 жж.), Серік Қонақбаев (1980, 1984 жж.), Кәрімжан Әбдірахманов (1984, 1990 жж.) және Болат Теміров (1991, 1992 жж.) 2 мәртеден алтын медаль иегерлері болды. Өзбектер 1984 жылғы 25 ақпан – 4 наурыз аралығында Ташкентте өткен кезекті біріншілікте қазақтардың 4 бірдей оғланының (Кәрімжан Әбдірахманов, Серік Нұрқазов, Серік Қонақбаев, Асылбек Қилымов) чемпиондық тұғырға көтерілгенінде, өздерінен тек Руслан Трищевтің ғана биік тұғырға көтерілгенін де ұмыта қоймаған шығар.
Өзбектердің бізден бір басым түсетін жері, олар 1974 жылы Кубаның астанасы Гаванада өткен бірінші әлем чемпионатында бізден бұрын алтын медальға қол жеткізді. Осы жолы Руфат Рискиев қарсыластарын бет қаратпай жеңіп, өз салмағында үздік танылды. Біз бұған 4 жылдан соң, 1978 жылы Югославияның бас қаласы Белградта өткен екінші жаһандық сайыста Валерий Рачковтың «алтыны» арқылы лайықты жауап қайтара алдық. Елдеріміз егемендік алғанға дейін-ақ біз әлем чемпионатында (1989 ж.) Игорь Ружниковтың тағы бір алтын медаль жеңіп алуы арқасында алға шығып кеттік. Есеп – 2:1.

Тәуелсіздік алғаннан кейінгі кезеңде де қазақстандықтар қарсылас қолғап иелерін алға түсіре қойған жоқ. Бұл уақытта бізден – 10, коңсыларымыздан 5 боксшы әлем чемпионатының биік тұғырына көтерілді. Рас, өзбекстандық Руслан Чагаев 1997 жылы Венгрияның байтағы Будапештте өткен әлем біріншілігінде Кубаның кейін Олимпиаданың 3 дүркін чемпионы атанатын атақты марғасқасы Феликс Савонды ұтып, бас бәйгені еншілеген болатын. Бірақ соңынан Русланның кәсіпқойлар рингінде бір мәрте өнер көрсетіп қойғаны алдынан шығып, чемпиондық атақтан айырылып қалды. Келесі, 1999 жылғы чемпионаттың финалында бұл екеуі қайта ұшырасып, кубалық боксшы қарымта қайтарып үлгерді. Содан кейін Чагаев 2001 жылы Белфаста (Солтүстік Ирландия) мәреге жеткен біріншілікте ақыры чемпиондыққа қол жеткізді. Сонымен осы кезге дейінгі 17 әлем біріншілігінің жиынтығында Қазақстанның – 12, Өзбекстанның 6 өкілі чемпион атанды. Олардың қатарында Қазақстаннан Валерий Рачков, Игорь Ружников, Болат Жұмаділов, Галиб Жафаров, Геннадий Головкин, Серік Сәпиев (2 мәрте), Ердос Жаңабергенов, Біржан Жақыпов, Мерей Ақшалов, Данияр Елеусінов және Жәнібек Әлімханұлы, Өзбекстаннан Руфат Рискиев, Махаммадкадыр Абдуллаев, Уткирбек Хайдаров, Руслан Чагаев және Аббос Атоев (2 мәрте) бар.
Әлем Кубогында да біз басымбыз. Мұндағы есеп – 4:1. Оның тұғырын бізден Серік Қонақбаев – екі рет (1979, 1981 жж.), Виктор Демьяненко (1979 ж.) мен Аркадий Топаев (1994 ж.) бір реттен бағындырса, өзбекстандық Владимир Шин бір мәрте (1979 ж.) қайталады. 1986 жылы бірінші рет қолға алынған Ізгі ниет ойындарының 5 мәрте өткен жарыстарының қорытындысы бойынша жалпы медальдар саны мен олардың салмағы жағынан сәл алдамыз. Осы жылы бізден Игорь Ружников алтын медаль алды. Өзбектер 1990 жылы өткен екінші додада Артур Григорянның жеңісі арқылы алтын медальдар есебін теңестірді. Бұдан кейін екі жақ 1998 жылы ойналған төртінші Ойындарда ғана бірінші тұғырдан орын ала алды. Оны қазақ Ерсін Жайлауов пен өзбек Тимур Туляков жасады.
Ал Еуропа чемпионатында өзбектер біздің шаңымызға ілесе алған жоқ. Мұнда Қазақстан боксшылары Кеңес Одағының гимнін 5 рет ойнатты. Атап айтқанда, Серік Қонақбаев екі рет (1979, 1981 жж.), Виктор Демьяненко (1979 ж.), Серік Нұрқазов (1983 ж.), Игорь Ружников (1989 ж.) бір-бір мәртеден кәрі құрлықтың бас жүлдесін жеңіп алды. Көрші елден бірде-бір Еуропа чемпионы шыққан жоқ.
Олимпиялық ойындарда да біздің еңсеміз жоғары. Қазақстандықтарға алғашқы алтын медальды 1996 жылы Атлантада Василий Жиров әперді. 2000 жылғы Сиднейде Бекзат Саттарханов пен Ермахан Ибрайымовтың қос «алтынына» өзбек Махаммадкадыр Абдуллаевтың жалғыз жоғары санатты жүлдесімен жауап қайтарды. 2004 жылы Афинадан біздің Бақтияр Артаев алтын медальмен бірге Вэл Баркер Кубогын қоса алып оралды. 2008 жылы Бейжіңде Бақыт Сәрсекбаев топ жарса, 2012 жылы Лондонда Серік Сәпиев те Вэл Баркер Кубогын чемпиондықпен бірге ұтты. Мұндағы есеп – 6:1.
Өзбекстан боксшыларына біздің есе берген тұсымыз – Азия ойындары ғана. Біздің екі елдің құрамалары оған 1994 жылдан қатыса бастады. Осы жылы жапонның Хиросима қаласында өткен Ойындарда қазақстандықтар Нұржан Сманов пен Қанатбек Шағатаев, өзбекстандықтар Алишер Авезбаев пен Олег Маскаев (бұрынғы қарағандылық) алдарына жан салмады. 1998 жылы Таиланд астанасы – Бангкокта жалау көтерген келесі Ойындарда Ермахан Ибрайымов, Вячеслав Бурьба, Мұхтархан Ділдабеков (Қазақстан), Махаммадкадыр Абдуллаев, Сергей Михайлов, Руслан Чагаев (Өзбекстан) чемпиондыққа қол созды. 2002 жылы Кореяның Пусан қаласында бізден Нұржан Кәрімжанов пен Геннадий Головкин, көршілерден Дилшод Махмудов, Уткирбек Хайдаров, Икром Бердыев, Сергей Михайлов, Рустам Саидов озды. 2006 жылы Қатардың Дохасында бізден жалғыз Бақыт Сәрсекбаев қана алтын жүлделі болса, өзбектерден ондай биікті Баходиржон Султанов, Елшод Расулов, Рустам Саидов бағындырды. Ал 2010 жылы Қытайдың Гуанчжоу қаласында өркен жайған құрлық Ойындарында Данияр Елеусінов, Серік Сәпиев (Қазақстан), Елшод Расулов (Өзбекстан) бас жүлдеге қол жеткізді. Осылайша өзбектерден Сергей Михайлов пен Рустам Саидов екі дүркін чемпиондықты еншіледі. Қорытынды есеп – 10:14.
Мұның есесіне Азия чемпионатында айбынымыз асқақ шықты. Бұл үшін біздің боксшылардың – 34, өзбек былғары қолғап шеберлерінің 27 алтын медаль жеңіп алғанын айтсақ та жеткілікті. Бірақ бұлардың арасында 4 дүркін (1999, 2002, 2004, 2007 жж.) құрлық чемпионы атанған Рустам Саидовтан озатыны жоқ. Бұдан басқа, өзбекстандықтар Руслан Чагаев (1995, 1999), Тулқунбай Тургунов (1997, 1999), Махаммадкадыр Абдуллаев (1997, 1999), Сергей Михайлов (1997, 1999), Елшод Расулов (2007, 2009) екі мәртеден чемпиондыққа қол жеткізді. Ал бұл дәрежеден қазақстандықтар арасында Болат Жұмаділов (1994, 1995), Болат Ниязымбетов (1994, 1995), Нұржан Сманов (1994, 1997), Ермахан Ибрайымов (1995, 1999), Бақыт Сәрсекбаев (2005, 2007) және Серік Сәпиев (2007, 2009) сынды боксшылар көрінді. Бір мәрте чемпиондық атақ Қазақстан құрамасында Қанатбек Шағатаев, Аркадий Топаев (1994), Бектас Әбубәкіров, Бақтияр Тілегенов, Василий Жиров (1995), Самат Мұсатаев (1997), Нұржан Кәрімжанов (1999), Галиб Жафаров, Геннадий Головкин, Бейбіт Шүменов (2004), Ердос Жаңабергенов (2005), Мират Сәрсенбаев (2007), Василий Левит (2009), Айдар Әмірзақов, Досжан Оспанов (2011), Теміртас Жүсіпов, Берік Әбдірахманов, Мерей Ақшалов, Данияр Елеусінов, Жәнібек Әлімханұлы, Антон Пинчук және Иван Дычко (2013) сынды боксшыларда, Өзбекстан құрамасында Нариман Атаев, Дилшод Ярбеков (1995), Дилшод Юлдашев, Алишер Рахимов (1999), Бекзод Хидиров, Асан Сәрсенбаев, Уткирбек Хайдаров, Икром Бердыев (2002), Баходиржон Султанов (2004), Аббос Атоев (2007), Санжарбек Рахмонов (2009), Шухрат Абдуллаев (2011), Ойбек Мамазулунов (2013) секілді спортшыларда бар.
Осы жылдарда бір боксшы – Бақыт Сәрсекбаев екі елдің де құрама командасы сапында өнер көрсетті. Ол алдымен Өзбекстан құрамасы сапында сынға түсіп, кейін Қазақстан командасына ауысты. Ал Қарағандыда туып-өскен Олег Маскаев Қазақстан құрамасы сапында өзбек боксшысымен жұдырықтасқан жоқ. Екі ел боксшылары арасында бір-бірлерімен көбірек қолғап түйіскендері де кездеседі. Айталық, қазақ Мұхтархан Ділдабеков пен өзбек Рустам Саидов осылай бес мәрте рингте ұшырасты. Мұндағы текетірес 4:1 есебімен өзбек боксшысының пайдасына шешілді. Өзбек атлеті біздің Рүстем Іргебаевты да екі рет тізе бүктірді. Сол сияқты қазақ Бақтияр Артаев пен өзбек Елшод Расуловтың өзара үш кездесуінде де қарсылас жігіт басым түсті. Ал Әділбек Ниязымбетов қазір шау тартып қалған осы Елшодты екі рет ұтты. Біржан Жақыпов пен Хасанбой Дусматов та үш рет кездесті. Есеп – 2:1, Біржан алда. Рустам Сваев өзінің бәсекелесі Нодирбек Қосимовтан тап осылай асып тұр. Антон Пинчук пен Рустам Тулягановтың аралары да осындай – 2:1. Ал Иван Дычко Сардор Абдуллаевпен үш шайқасында да мерейін үстем ете білді.
Бір-бірлерімен екі рет ұшырасқан боксшылар жетерлік. Солардың арасында әлем чемпиондары Ердос Жаңабергенов пен Уткирбек Хайдаровтың шайқастарын айта кетуге болады. Бұлардың екеуінде де Ердостың айбыны асып түсті.
Екі ел боксшылары арасында қарсыластарынан ұтылып көрмегендері де жетерлік. Бұл көшті осы кезге дейін 6 рет өзбекстандықпен кездесіп, соның бәрін жеңіспен аяқтаған қазақстандық Иван Дычко жеке-дара бастап келеді. Екінші орында 5:0 көрсеткішімен өзбекстандық Азизбек Абдугафуров тұр. Ал 4:0 деген көрсеткішке өзбекстандықтар Шерзод Абурахмонов, Расул Жураев, Қобилжон Бобожонов және қазақстандық Алексей Севастьянов ие.
Сонымен, қай елдің былғары қолғап шеберлері күшті? Атақ-даңқы жағынан Қазақстан боксшылары қарсыластарын шын мәнінде шаң қаптырып кетеді. Ал екі ел спортшыларының бір-бірімен жекпе-жектерінде бұл басымдық дәл сондай болып айқын көрінбейді. Бұл үшін қазақ-өзбек текетіресінің әлем және құрлық деңгейлеріндегі ірі жарыстарында біздің бағландар 43:40 есебімен ұтып тұрғанын алға тартсақ та жетіп жатыр. Алайда, А класты халықаралық турнирлерде тіркелген кездесулерде өзбектердің 119:118 есебімен ұтып тұрғаны тағы алдан шығады. Енді осылардың бәрінің жиынтық есебін шығарсақ, онда қазақстандықтардың 162:159 болып басым түсіп келе жатқанына да көз жеткізер едік. Демек, шама-шрқымыз деңгейлес. Бізге тек Олимпиада, әлем және құрлық чемпионаттары, Әлем Кубогы, Азия ойындары секілді негізгі жарыстарда алда тұрғанымыз әзірге дәтке қуат. Сосын, әрине, ең бастысы, сол сайыстарда алатын жоғары бағалы медальдарымыздың саны арта бергей!
Енді екі ел боксшыларының алуан түрлі халықаралық сайыстарда жеңіп алған медальдары саны мен екі жақ спортшылары өзара кездесулерінің нәтижелерін өз көздеріңізбен көріңіздер.

КСРО чемпионаты Қазақстан Өзбекстан
Алтын медаль              35             16
Күміс медаль               42             28
Қола медаль                80             45
КСРО халықтары Спартакиадасы Қазақстан Өзбекстан
Алтын медаль              11              5
Күміс медаль               14             10
Қола медаль                21             19
Олимпиялық ойындар Қазақстан Өзбекстан
Алтын медаль               6               1
Күміс медаль                7                0
Қола медаль                 5                6
Әлем чемпионаты Қазақстан Өзбекстан
Алтын медаль             12               6
Күміс медаль               10              8
Қола медаль                14              11
Әлем Кубогы Қазақстан Өзбекстан
Алтын медаль               4                2
Күміс медаль                5                1
Қола медаль                 6                1
Ізгі ниет ойындары Қазақстан Өзбекстан
Алтын медаль               2                2
Күміс медаль                2                1
Қола медаль                 3                2
Студенттер әлем чемпионаты Қазақстан Өзбекстан
Алтын медаль               8                2
Күміс медаль               11               4
Қола медаль                13               1
Универсиада Қазақстан Өзбекстан
Алтын медаль               0                1
Күміс медаль                 2               4
Қола медаль                  2               3
Әскерилер әлем чемпионаты Қазақстан Өзбекстан
Алтын медаль              10              25
Күміс медаль                11              11
Қола медаль                 18              22
Еуропа чемпионаты Қазақстан Өзбекстан
Алтын медаль                 5               0
Күміс медаль                  0               0
Қола медаль                   3               0
Азия-Африка ойындары Қазақстан Өзбекстан
Алтын медаль                  0              5
Күміс медаль                   3              0
Қола медаль                    2              2
Азия ойындары Қазақстан Өзбекстан
Алтын медаль                 10          14
Күміс медаль                   9             8
Қола медаль                    9            11
Азия чемпионаты Қазақстан Өзбекстан
Алтын медаль                  34         27
Күміс медаль                   13          15
Қола медаль                    16          16

Қазақ-өзбек боксшыларының тәуелсіздік жылдарындағы әлемдік және құрлықтық деңгейдегі жарыстардағы өзара жекпе-жектері
Олимпиялық ойындар
XXVII. Сидней. 2000 жыл.
27 қыркүйек. Ширек финал. 81 кг. Сергей Михайлов (Өзбекстан) – Олжас Оразалиев (Қазақстан) PTS4.
29 қыркүйек. Жартылай финал. +91 кг. Мұхтархан Ділдабеков (Қазақстан) – Рустам Саидов (Өзбекстан) 28:22.
XXVIII. Афина. 2004 жыл.
20 тамыз. Іріктеу шайқасы. 57 кг. Галиб Жафаров (Қазақстан) – Бекзод Хидиров (Өзбекстан) 40:22.
XXIX. Бейжің. 2008 жыл.
17 тамыз. Ширек финал. 69 кг. Бақыт Сәрсекбаев (Қазақстан) – Дилшод Махмудов (Өзбекстан) 12:7.
Жалпы есеп – 3:1.
Әлем чемпионаты
XII. Бангкок (Таиланд), 2003 жыл.
10 шілде. Ширек финал. 69 кг. Шерзод Хусанов (Өзбекстан) – Бақтияр Артаев (Қазақстан) 18:14.
XIII. Мьянянг (Қытай), 2005 жыл.
13 қараша. Іріктеу шайқасы. 54 кг. Баходиржон Султанов (Өзбекстан) – Миржан Рахымжанов (Қазақстан) 26:18.
19 қараша. Жартылай финал. 81 кг. Ердос Жаңабергенов (Қазақстан) – Уткирбек Хайдаров (Өзбекстан) 36:31.
20 қараша. Финал. 64 кг. Серік Сәпиев (Қазақстан) – Дилшод Махмудов (Өзбекстан) 39:21.
XIV. Чикаго (АҚШ), 2007 жыл.
2 қараша. Жартылай финал. 81 кг. Аббос Атоев (Өзбекстан) – Еркебұлан Шынәлиев (Қазақстан) 17:8.
XVI. Баку (Әзербайжан), 2011 жыл.
7 қазан. Жартылай финал. 81 кг. Әділбек Ниязымбетов (Қазақстан) – Елшод Расулов (Өзбекстан) 11:9.
XVII. Алматы (Қазақстан), 2013 жыл.
21 қазан. 1/8 финал. 49 кг. Біржан Жақыпов (Қазақстан) – Хасанбой Дусматов (Өзбекстан) 3:0; 91 кг. Рустам Туляганов (Өзбекстан) – Антон Пинчук (Қазақстан) 2:1.
25 қазан. Жартылай финал. 81 кг. Әділбек Ниязымбетов (Қазақстан) – Ойбек Мамазулунов (Өзбекстан) 3:0.
Жалпы есеп – 5:4.
Әлем Кубогы
VII. Бангкок (Таиланд), 1994 жыл.
Іріктеу шайқасы. 71 кг. Қанатбек Шағатаев (Қазақстан) – Икром Бердыев (Өзбекстан) PSC1; 75 кг. Аркадий Топаев (Қазақстан) – Игорь Бунин (Өзбекстан) PTS.
Жалпы есеп – 2:0.
Ізгі ниет ойындары
III. Санкт-Петербург (Ресей), 1994 жыл.
26 шілде. Іріктеу шайқасы. 51 кг. Хикматулла Ахмедов (Өзбекстан) – Болат Жұмаділов (Қазақстан) 10:9.
Жалпы есеп – 0:1.
Студенттер арасындағы әлем чемпионаты
II. Алматы (Қазақстан), 2006.
7 қазан. Жартылай финал. 57 кг. Абдугафур Умаров (Өзбекстан) – Мәди Шолақов (Қазақстан) 24:15; 64 кг. Дархан Әшіров (Қазақстан) – Закир Артықов (Өзбекстан) 23:21.
Жалпы есеп – 1:1.
Универсиада
XXVII. Қазан (Ресей), 2013 жыл.
9 шілде. Жартылай финал. 75 кг. Азизбек Абдугафуров (Өзбекстан) – Нұрдәулет Жарманов (Қазақстан) 3:0.
Жалпы есеп – 0:1.
Әскерилер арасындағы әлем чемпионаты
Сан-Антонио (АҚШ), 1997 жыл.
14 желтоқсан. Жартылай финал. 54 кг. Игин Сиддиков (Өзбекстан) – Б. Мұратов (Қазақстан) 17:10; 60 кг. Мұрат Қасенов (Қазақстан) – Нарқул Султанов (Өзбекстан) 8:4.
Форт-Хуачуа (АҚШ), 2004 жыл.
27 қазан. Ширек финал. 57 кг. Бекзод Хидиров (Өзбекстан) – Галиб Жафаров (Қазақстан) 21:16.
28 қазан. Жартылай финал. 60 кг. Серік Сәпиев (Қазақстан) – Улугбек Бурибаев (Өзбекстан) RSC 4.
30 қазан. Финал. 51 кг. Миржан Рахымжанов (Қазақстан) – Камрон Қосимов (Өзбекстан) 34:18; 69 кг. Шерзод Абдурахмонов (Өзбекстан) – Мақсат Бақтыбазаров (Қазақстан) 37:20.
Варендорф (Германия), 2006 жыл.
19 қыркүйек. Іріктеу шайқасы. 81 кг. Шерзод Абдурахмонов (Өзбекстан) – Ербол Дүтбаев (Қазақстан) 34:22.
21 қыркүйек. Жартылай финал. 91 кг. Жасур Матчанов (Қазақстан) – Хамзат Гелисханов (Қазақстан) 24:15.
Жалпы есеп – 3:5.
Азия-Африка ойындары
I. Хайдарабад (Үндістан), 2003 жыл.
Финал. +91 кг. Рустам Саидов (Өзбекстан) – Мұхтархан Ділдабеков (Қазақстан) 30:17.
Жалпы есеп – 0:1.
Азия ойындары
XII. Хиросима (Жапония), 1994 жыл.
Жартылай финал. 67 кг. Нұржан Сманов (Қазақстан) – Нариман Атаев (Өзбекстан) PTS; 75 кг. Аркадий Топаев (Қазақстан) – Дилшод Ярбеков (Өзбекстан) PTS.
XIII. Бангкок (Таиланд), 1998 жыл.
13 желтоқсан. Ширек финал. 71 кг. Ермахан Ибрайымов (Қазақстан) – Икром Бердыев (Өзбекстан) 11:6.
14 желтоқсан. Жартылай финал. 54 кг. Тимур Туляков (Өзбекстан) – Марат Мәзімбаев (Қазақстан) 18:4.
15 желтоқсан. Жартылай финал. +91 кг. Мұхтархан Ділдабеков (Қазақстан) – Лазизбек Зокиров (Өзбекстан) 9:5.
18 желтоқсан. Финал. 75 кг. Вячеслав Бурба (Қазақстан) – Дилшод Ярбеков (Өзбекстан) 6:5.
XIV. Пусан (Оңтүстік Корея), 2002 жыл.
Ширек финал. 54 кг. Бекзод Хидиров (Өзбекстан) – Төлен Қанатов (Қазақстан) 22:11; 81 кг. Икром Бердыев (Өзбекстан) – Олжас Оразалиев (Қазақстан) AB2.
Жартылай финал. 63,5 кг. Нұржан Кәрімжанов (Қазақстан) – Бақыт Сәрсекбаев (Өзбекстан) 23:18; 67 кг. Сергей Рычко (Қазақстан) – Шерзод Хусанов (Өзбекстан) 34:33; 75 кг. Уткирбек Хайдаров (Өзбекстан) – Бауыржан Қайырменов (Қазақстан) 36:18.
Финал. +91 кг. Рустам Саидов (Өзбекстан) – Мұхтархан Ділдабеков (Қазақстан) 29:21.
XV. Доха (Қатар), 2006 жыл.
9 желтоқсан. Ширек финал. 60 кг. Бекзод Хидиров (Өзбекстан) – Берік Қалиев (Қазақстан) PSCO3.
12 желтоқсан. Финал. 75 кг. Елшод Расулов (Өзбекстан) – Бақтияр Артаев (Қазақстан) 32:22.
13 желтоқсан. Финал. +91 кг. Рустам Саидов (Өзбекстан) – Мұхтархан Ділдабеков (Қазақстан) PSCO 2.
XVI. Гуанчжоу (Қытай), 2010 жыл.
17 қараша. 1/8 финал. 81 кг. Елшод Расулов (Өзбекстан) – Алмат Серімов (Қазақстан) 5:2.
18 қараша. Ширек финал. +91 кг. Иван Дычко (Қазақстан) – Сардор Абдуллаев (Өзбекстан) 8:1.
24 қараша. Жартылай финал. 64 кг. Данияр Елеусінов (Қазақстан) – Санжарбек Рахмонов (Өзбекстан) 6:0; 75 кг. Аббос Атоев (Өзбекстан) – Данабек Сужанов (Қазақстан) 9:5.
25 қараша. Финал. 69 кг. Серік Сәпиев (Қазақстан) – Уктамжон Рахмонов (Өзбекстан) 9:3.
Жалпы есеп – 10:10.
Азия чемпионаты
XVIII. Ташкент (Өзбекстан), 1995 жыл.
3 қазан. Іріктеу шайқасы. 63,5 кг. Болат Ниязымбетов (Қазақстан) – Фархад Бакиров (Өзбекстан) 20:3.
4 қазан. Ширек финал. 91 кг. Руслан Чагаев (Өзбекстан) – Талғат Досанов (Қазақстан) 12:6.
5 қазан. Ширек финал. 51 кг. Болат Жұмаділов (Қазақстан) – Хикматулла Ахмедов (Өзбекстан) PSC2.
6 қазан. Жартылай финал. 54 кг. Бектас Әбубәкіров (Қазақстан) – Тимур Туляков (Өзбекстан) 9:7; 71 кг. Ермахан Ибрайымов (Қазақстан) – Карим Туляганов (Өзбекстан) 8:7.
8 қазан. Финал. 67 кг. Нариман Атаев (Өзбекстан) – Нұржан Сманов (Қазақстан) 14:7.
XX. Ташкент (Өзбекстан), 1999 жыл.
26 қазан. Ширек финал. 51 кг. Болат Жұмаділов (Қазақстан) – Равкат Ералиев (Өзбекстан) 13:6.
28 қазан. Жартылай финал. 54 кг. Алишер Рахимов (Өзбекстан) – Серік Елеуов (Қазақстан) 12:4; 60 кг. Нұржан Кәрімжанов (Қазақстан) – Жасурбек Набиев (Өзбекстан) WO.
30 қазан. Финал. 57 кг. Тулқунбой Тургунов (Өзбекстан) – Бекзат Саттарханов (Қазақстан) PTS; 91 кг. Руслан Чагаев (Өзбекстан) – Талғат Досанов (Қазақстан) 14:0; +91 кг. Рустам Саидов (Өзбекстан) – Мұхтархан Ділдабеков (Қазақстан) 8:7.
XXII. Пуэрто-Принцесса (Филиппин), 2004 жыл.
16 қаңтар. Жартылай финал. 81 кг. Бейбіт Шүменов (Қазақстан) – Нодир Гуломов (Өзбекстан) 24:23.
XXIII. Хошимин (Вьетнам), 2005 жыл.
9 ақпан. Жартылай финал. 91 кг. Жасур Матчанов (Өзбекстан) – Жеңіс Таумұрынов (Қазақстан) PTS; +91 кг. Рустам Саидов (Өзбекстан) – Рүстем Іргебаев (Қазақстан) PTS.
10 ақпан. Финал. 81 кг. Ердос Жаңабергенов (Қазақстан) – Уткирбек Хайдаров (Өзбекстан) PTS.
XXIV. Улан-Баатор (Моңғолия), 2007 жыл.
5 қыркүйек. Іріктеу шайқасы. 75 кг. Елшод Расулов (Өзбекстан) – Дәурен Елеусінов (Қазақстан) 29:13.
6 қыркүйек. Жартылай финал. 54 кг. Орзубек Шойимов (Өзбекстан) – Қанат Әбутәліпов (Қазақстан) 24:18.
XXV. Шухай (Қытай), 2009 жыл.
8 маусым. Іріктеу шайқасы. 60 кг. Ғани Жайлауов (Қазақстан) – Баходир Мамаджанов (Өзбекстан) 10:7; 64 кг. Санжарбек Рахмонов (Өзбекстан) – Омар Тәшенов (Қазақстан) 5:1.
10 маусым. Ширек финал. 54 кг. Тулашбой Дониёров (Өзбекстан) – Миржан Рахымжанов (Қазақстан) 17:5.
XXVI. Инчхон (Оңтүстік Корея), 2011 жыл.
7 тамыз. Іріктеу шайқасы. 56 кг. Мәди Шолақов (Қазақстан) – Шохрух Худжабеков (Өзбекстан) 23:17.
9 тамыз. Ширек финал. 60 кг. Айдар Әмірзақов (Қазақстан) – Бобур Айтбаев (Өзбекстан) 18:13.
11 тамыз. Жартылай финал. 69 кг. Рустам Сваев (Қазақстан) – Нодирбек Қосимов (Өзбекстан) 38:34.
XXVII. Амман (Иордания), 2013 жыл.
3 шілде. Іріктеу шайқасы. 75 кг. Жәнібек Әлімханұлы (Қазақстан) – Шухрат Абдуллаев (Өзбекстан) 2:1.
8 шілде. Финал. 81 кг. Ойбек Мамазулунов (Өзбекстан) – Әділбек Ниязымбетов (Қазақстан) 2:1; +91 кг. Иван Дычко (Қазақстан) – Изотулло Эргашев (Өзбекстан) 3:0.
Жалпы есеп – 14:13.
Азиялық олимпиялық лизенциялық іріктеу турнирлері
2-турнир. Гуанчжоу (Қытай), 2004 жыл.
26 наурыз. Финал. 91 кг. Игорь Алборов (Өзбекстан) – Павел Сторожук (Қазақстан) 33:17.
1-турнир. Бангкок (Таиланд), 2008 жыл.
2 ақпан. Финал. 48 кг. Біржан Жақыпов (Қазақстан) – Рафикжон Султанов (Өзбекстан) 22:12.
2-турнир. Астана (Қазақстан), 2008 жыл.
23 наурыз. Финал. 51 кг. Мират Сәрсенбаев (Қазақстан) – Тулашбой Дониёров (Өзбекстан) 16:7; 54 кг. Қанат Әбутәліпов (Қазақстан) – Хуршид Тоджибоев (Өзбекстан) RSCO2.
2-турнир. Астана (Қазақстан), 2012 жыл.
9 сәуір. Жартылай финал. 49 кг. Біржан Жақыпов (Қазақстан) – Шахобиддин Зоиров (Өзбекстан) 20:11.
11 сәуір. Финал. 64 кг. Данияр Елеусінов (Қазақстан) – Уктамжон Рахмонов (Өзбекстан) 16:7.
Жалпы есеп – 5:1.
Орталық Азия ойындары
V. Душанбе (Тәжікстан), 2003 жыл.
20 қазан. Финал. 75 кг. Шерзод Абдурахмонов (Өзбекстан) – Мақсат Бақтыбазаров (Қазақстан) RTS; 81 кг. Икром Бердыев (Өзбекстан) – Азамат Бекет (Қазақстан) RTS.
Жалпы есеп – 0:2.
Қорытынды. Қазақстан – Өзбекстан 43:40.

Қазақ-өзбек боксшыларының тәуелсіздік жылдарындағы ірі халықаралық турнирлердегі өзара жекпе-жектері
Мәскеудің дәстүрлі турнирі. Мәскеу (Ресей) 1995 жыл.
Қазан. Финал. 81 кг. Василий Жиров (Қазақстан) – Тимур Ибрагимов (Өзбекстан) 5:0.
Олимпиадашы-боксшылар турнирі. Мәскеу (Ресей), 2000 жыл.
14 шілде. Жартылай финал. 51 кг. Равкат Ералиев (Өзбекстан) – Аман Батырбаев (Қазақстан) 12:7; 60 кг. Нұржан Кәрімжанов (Қазақстан) – Нумон Тухтобаев (Өзбекстан) 11:3; 81 кг. Сергей Михайлов (Өзбекстан) – Олжас Оразалиев (Қазақстан) 11:7; 91 кг. Тимур Ибрагимов (Өзбекстан) – Талғат Досанов (Қазақстан) 10:7.
15 шілде. Финал. 67 кг. Шерзод Хусанов (Өзбекстан) – Данияр Мұңайтбасов (Қазақстан) 11:3.
Петербург турнирі. Санкт-Петербург (Ресей), 2004 жыл.
4 маусым. Жартылай финал. Тулашбой Дониёров (Өзбекстан) – Миржан Рахымжанов (Қазақстан) 42:20; 60 кг. Улугбек Бурибаев (Өзбекстан) – Абзал Адамбаев (Қазақстан) 37:33; 64 кг. Қанат Орақбаев (Қазақстан) – Дилшод Махмудов (Өзбекстан) 27:26.
5 маусым. 3-орын үшін. 54 кг. Баходиржон Султанов (Өзбекстан) – Данияр Әбдірахманов (Қазақстан) RSCO 3; 57 кг. Бекзод Хидиров (Өзбекстан) – Мәди Шолақов (Қазақстан) 46:19; 75 кг. Шерзод Абдурахмонов (Өзбекстан) – Мақсат Бақтыбазаров (Қазақстан) RSC 4; 91 кг. Игорь Алборов (Өзбекстан) – Александр Нильга (Қазақстан) 39:17.
Финал. 69 кг. Бақтияр Артаев (Қазақстан) – Шерзод Хусанов (Өзбекстан) 31:21.
Галле турнирі. Галле (Германия), 2005 жыл.
15 сәуір. Жартылай финал. 64 кг. Дилшод Махмудов (Өзбекстан) – Қанат Орақбаев (Қазақстан) 24:22.
Странджа мемориалы. Плевен (Болгария), 2006 жыл.
16 ақпан. Ширек финал. 48 кг. Асхат Сыдықов (Қазақстан) – Фазыл Фазиев (Өзбекстан) 28:27.
17 ақпан. Ширек финал. 57 кг. Баходиржон Султанов (Өзбекстан) – Галиб Жафаров (Қазақстан) 28:22.
Ш.Бөлтекұлы атындағы турнир. Ақтау (Қазақстан), 2006 жыл.
26 қыркүйек. Финал. +91 кг. Рустам Саидов (Өзбекстан) – Рүстем Іргебаев (Қазақстан) PTS.
Таиланд Королінің кубогы. Бангкок (Таиланд), 2007 жыл.
8 сәуір. Іріктеу шайқасы. 60 кг. Баходир Мамаджонов (Өзбекстан) – Серік Елеуов (Қазақстан) 26:17.
9 сәуір. Жартылай финал. Елшод Расулов (Өзбекстан) – Бақтияр Артаев (Қазақстан) PTS.
10 сәуір. Финал. 64 кг. Серік Сәпиев (Қазақстан) – Закир Артықов (Өзбекстан) 26:8.
Ағайынды Кличколар турнирі. Киев (Украина), 2007 жыл.
19 сәуір. Ширек финал. 60 кг. Бекзод Хидиров (Өзбекстан) – Берік Қалиев (Қазақстан) 11:3.
20 сәуір. Жартылай финал. 54 кг. Тулашбой Дониёров (Өзбекстан) – Ержан Өміржанов (Қазақстан) 11:6.
Ахмет Комрети кубогы. Истамбул (Түркия), 2008 жыл.
13 маусым. Жартылай финал. 75 кг. Елшод Расулов (Өзбекстан) – Бахтияр Артаев (Қазақстан) PTS.
Странджа мемориалы. Пловдив (Болгария), 2009.
26 ақпан. Ширек финал. 48 кг. Расул Жураев (Өзбекстан) – Мардан Берікбаев (Қазақстан) 15:5.
Мисра турнирі. Чандигар (Үндістан), 2009 жыл.
14 наурыз. Жартылай финал. 54 кг. Орзубек Шойимов (Өзбекстан) – Жақыпов (Қазақстан) RSCO 2.
Уфа турнирі (Башқұртстан, Ресей), 2009 жыл.
8 сәуір. Іріктеу шайқасы. 64 кг. Жандос Миканов (Қазақстан) – Санжарбек Рахмонов (Өзбекстан) PSC 2.
9 сәуір. Ширек финал. 54 кг. Кармон Қосимов (Өзбекстан) – Мәлік Шәкербаев (Қазақстан) 13:5.
10 сәуір. Жартылай финал. 57 кг. Мураф Азарян (Өзбекстан) – Ғалымжан Шәкіров (Қазақстан) 14:10.
11 сәуір. Финал. Ахрорбек Қурбанов (Өзбекстан) – Сүндет Зұлпыхаров (Қазақстан) 7:5.
Ахмет Комрети кубогы. Истамбул (Түркия), 2009 жыл.
16 сәуір. Іріктеу шайқасы. 57 кг. Елдос Сайдалин (Қазақстан) – Хуршид Тоджибаев (Өзбекстан) 4:2.
18 сәуір. Жартылай финал. 75 кг. Аббос Атоев (Өзбекстан) – Данабек Сужанов (Қазақстан) 6:1.
«Динамиада» турнирі. Новосібір (Ресей), 2009 жыл.
21 мамыр. Жартылай финал. 48 кг. Мардан Берікбаев (Қазақстан) – Адхам Козаков (Өзбекстан) RTS.
Жарылғапов атындағы турнир. Қарағанды (Қазақстан), 2009 жыл.
21 желтоқсан. Жартылай финал. 51 кг. Жандос Ахметов (Қазақстан) – Рафикжон Султанов (Өзбекстан) PTS.
22 желтоқсан. Финал. 48 кг. Жасурбек Латипов (Өзбекстан) – Нұрлан Әбдірайымов (Қазақстан) PTS; 60 кг. Елдос Сайдалин (Қазақстан) – Фазлиддин Гаибназаров (Өзбекстан) 13:2; 64 кг. Батыр Жүкембаев (Қазақстан) – Уткирбек Назаров (Өзбекстан) PTS; 69 кг. Серік Сәпиев (Қазақстан) – Уктамжон Рахмонов (Өзбекстан) 15:5.
Д.Шопоқов атындағы турнир. Бишкек (Қырғызстан), 2010 жыл.
31 қаңтар. Финал. 91 кг. Мирзохид Абдуллаев (Өзбекстан) – Василий Левит (Қазақстан) PTS.
С.Нұрмағанбетов мемориалы. Алматы (Қазақстан), 2010 жыл.
13 мамыр. Финал. 91 кг. Хамит Гелисханов (Қазақстан) – Темур Маметов (Өзбекстан) RSC 2.
С.Джексон мемориалы. Ташкент (Өзбекстан), 2010 жыл.
16 мамыр. Іріктеу шайқасы. 60 кг. Самат Бәшенов (Қазақстан) – Баходир Мамаджонов (Өзбекстан) 18:4.
17 мамыр. Іріктеу шайқасы. 56 кг. Асил Шарипов (Өзбекстан) – Данияр Төлегенов (Қазақстан) 6:1; 64 кг. Данияр Елеусінов (Қазақстан) – Талас Шарипов (Өзбекстан) 12:1; 75 кг. Отабек Ибрагимов (Өзбекстан) – Данабек Сужанов (Қазақстан) 2:0.
Ширек финал. 91 кг. Данияр Үстембаев (Қазақстан) – Абдусалам Абдуллаев (Өзбекстан) 10:3; +91 кг. Руслан Мырсатаев (Қазақстан) – Шахбоз Исамжонов (Өзбекстан) АВ 2.
18 мамыр. 49 кг. Алишер Махмудов (Өзбекстан) – Біржан Жақыпов (Қазақстан) 6:5; 52 кг. Рахмонбек Ташматов (Өзбекстан) – Мирас Жақыпов (Өзбекстан) 4:2; 60 кг. Фазлиддин Гаибназаров (Өзбекстан) – Самат Бәшенов (Қазақстан) 10:3; 64 кг. Камолдин Ахмедов (Өзбекстан) – Данияр Елеусінов (Қазақстан) 4:3; 69 кг. Серік Сәпиев (Қазақстан) – Гайрат Ералиев (Өзбекстан) PSC 2.
19 мамыр. Жартылай финал. 69 кг. Серік Сәпиев (Қазақстан) – Рустам Бегиев (Өзбекстан) 12:2; 91 кг. Данияр Үстембаев (Қазақстан) – Мирзохид Абдуллаев (Өзбекстан) 4:1; +91 кг. Сардор Абдуллаев (Өзбекстан) – Руслан Мырсатаев (Қазақстан) 12:6.
20 мамыр. Финал. 69 кг. Азамат Эргашев (Өзбекстан) – Серік Сәпиев (Қазақстан) 5:1.
Іскендір Хайрутдинов мемориалы. Алматы (Қазақстан), 2010 жыл.
17 қыркүйек. Іріктеу шайқасы. 64 кг. Ринат Жұмабеков (Қазақстан) – Жасур Ешматов (Өзбекстан) 9:2; 56 кг. Алмас Жақыпов (Қазақстан) – Хуршид Нурбаев (Өзбекстан) АВ2; 60 кг. Рустам Рустамов (Қазақстан) – Бекзат Мәтенов (Өзбекстан) 7:1.
18 қыркүйек. Ширек финал. 81 кг. Хуршид Алимурзаев (Өзбекстан) – Асқар Қоңқабаев (Қазақстан) 7:0.
20 сәуір. Жартылай финал. 81 кг. Хуршид Алимурзаев (Өзбекстан) – Ғалымжан Оспанов (Қазақстан) 10:0.
Қ.Абдуллаев мемориалы. Шымкент (Қазақстан), 2010 жыл.
27 қазан. Жартылай финал. 52 кг. Нұрғали Керімбеков (Қазақстан) – Захиджон Хурбоев (Өзбекстан) PTS.
Жарылғапов атындағы турнир. Қарағанды (Қазақстан), 2010 жыл.
18 желтоқсан. 1/16 финал. 56 кг. Бобур Сайдалиев (Өзбекстан) – Нұрсұлтан Мұхатанов (Қазақстан) 2:1; 1/8 финал. 69 кг. Қанағат Маралов (Қазақстан) – Нозимжон Собиров (Өзбекстан) АВ 2; 56 кг. Жандос Ахметов (Қазақстан) – Бобур Сайдалиев (Өзбекстан) 3:1; 64 кг. Диас Азданбаев (Қазақстан) – Ерол Каримов (Өзбекстан) 3:1.
19 желтоқсан. Ширек финал. 75 кг. Мәулен Бекқұлов (Қазақстан) – Отабек Ибрагимов (Өзбекстан) DQ 2.
21 желтоқсан. Жартылай финал. 81 кг. Ахрорбек Қурбанов (Өзбекстан) – Ғалымжан Оспанов (Қазақстан) 5:0.
Агаларов мемориалы. Баку (Әзербайжан), 2010 жыл.
18 желтоқсан. Финал. 49 кг. Шахобиддин Зоиров (Өзбекстан) – Ержан Жомарт (Қазақстан) +3:3.
Д.Шопоқов атындағы турнир. Бишкек (Қырғызстан), 2011 жыл.
30 қаңтар. Финал. 69 кг. Мақсат Әлімбаев (Қазақстан) – Хуршид Норматов (Өзбекстан) RTS; 81 кг. Мухаммад Саидов (Өзбекстан) – Байрам Мамедов (Қазақстан) RTS; 91 кг. Рустам Туляганов (Өзбекстан) – Асхат Қуаныш (Қазақстан) RTS.
«Жібек жолы» турнирі. Баку (Әзербайжан), 2011 жыл.
10 наурыз. Ширек финал. 91 кг. Василий Левит (Қазақстан) – Рустам Туляганов (Өзбекстан) 3:2.
11 наурыз. Жартылай финал. 64 кг. Алмасбек Әлібеков (Қазақстан) – Камолидин Ахмедов (Өзбекстан) 5:0; 69 кг. Бақытжан Қожабеков (Қазақстан) – Хуршид Норматов (Өзбекстан) 3:1.
А.Құлыбаев турнирі. Орал (Қазақстан), 2011 жыл.
30 мамыр. Іріктеу шайқасы. 52 кг. Таджидинов (Өзбекстан) – Бекболат Жүсіпов (Қазақстан) 6:2, Алишер Махмудов (Өзбекстан) – Әділжан Амангелді (Қазақстан) 4:3, Ерлік Әбдірайымов (Қазақстан ) – Мирзахидов (Өзбекстан) 11:6; 56 кг. Асил Шарипов (Өзбекстан) – Досқалиев (Өзбекстан) 8:3. 64 кг. Қобилжон Абдуллаев (Өзбекстан) – Баймұрадов (Қазақстан) 1:0, Рохматалиев (Өзбекстан) – Нұрахметов (Қазақстан) 13:3; 69 кг. Манат Өмірзақов (Қазақстан) – Раджонов (Өзбекстан) 11:7, Баймұрадов (Қазақстан) – Абдурахмонов (Өзбекстан) 11:6.
31 мамыр. Ширек финал. 52 кг. Ілияс Сүлейменов (Қазақстан) – Таджидинов (Өзбекстан) 19:6; 56 кг. Асил Шарипов (Өзбекстан) – Дархан Жұмсақбаев (Қазақстан) 7:6; 64 кг. Талғат Әлімқұлов (Қазақстан) – Рохматалиев (Өзбекстан) 5:1; +91 кг. Досай Ахметов (Қазақстан) – Абдували Якубов (Өзбекстан) 6:1.
1 сәуір. 52 кг. Ілияс Сүлейменов (Қазақстан) – Алишер Махмудов (Өзбекстан) 13:9; 56 кг. Мұхит Амантаев (Қазақстан) – Асил Шарипов (Өзбекстан) 12:4.
Г.Царукян турнирі. Ереван (Армения), 2011 жыл.
14 сәуір. Ширек финал. 49 кг. Біржан Жақыпов (Қазақстан) – Алишер Махмудов (Өзбекстан) RTS.
15 сәуір. Жартылай финал. 81 кг. Асқар Абдуллаев (Қазақстан) – Аббос Артоев (Өзбекстан) RTS.
С.Джексон мемориалы. Ташкент (Өзбекстан), 2011 жыл.
12 мамыр. Финал. 60 кг. Фазлиддин Гаибназаров (Өзбекстан) – Айдар Әмірзақов (Қазақстан) 5:4; 69 кг. Нодирбек Қосимов (Өзбекстан) – Рустам Сваев (Қазақстан) 5:4.
Георгий Жуков мемориалы. Екатеринбург (Ресей), 2011 жыл.
23 маусым. Ширек финал. 49 кг. Расул Жураев (Өзбекстан) – Данияр Ибраев (Қазақстан) 14:0; 64 кг. Ғалым Құрманбай (Қазақстан) – Уткир Жаббаров (Өзбекстан) 8:2.
24 маусым. Жартылай финал. 49 кг. Расул Жураев (Қазақстан) – Олжас Байниязов (Қазақстан) 8:7.
25 маусым. Финал. 49 кг. Расул Жураев (Өзбекстан) – Данияр Мұғалов (Қазақстан) RSCI 2.
Губернатор Кубогы. Санкт-Петербург (Ресей), 2011 жыл.
13 шілде. Іріктеу шайқасы. 52 кг. Жасурбек Латипов (Өзбекстан) – Әнуарбек Байжанов (Қазақстан) +2:2.
14 шілде. Ширек финал. 91 кг. Алексей Севостьянов (Қазақстан) – Ренат Рахимов (Өзбекстан) 5:1.
15 шілде. Жартылай финал. 91 кг. Алексей Севостьянов (Қазақстан) – Мирзохид Абдуллаев (Өзбекстан) 5:1.
Ш.Бөлтекұлы атындағы турнир. Ақтау (Қазақстан), 2011 жыл.
30 қазан. Финал. 81 кг. Уәлихан Бисенқұлов (Қазақстан) – Даврон Гафуров (Өзбекстан) 11:3.
Агаларов мемориалы. Баку (Әзербайжан), 2011 жыл.
9 желтоқсан. Ширек финал. 60 кг. Элнур Абдурахимов (Өзбекстан) – Абылай Әлиханов (Қазақстан) 17:9.
Д.Шопоқов атындағы турнир. Бишкек (Қырғызстан), 2012 жыл.
25 қаңтар. 1/16 финал. 52 кг. Шахриёр Исақов (Өзбекстан) – Данияр Қантаев (Қазақстан) 3:0; 69 кг. Нодирбек Қосимов (Өзбекстан) – Абылайхан Мұратов (Қазақстан) 3:0.
26 қаңтар. 1/8 финал. 60 кг. Зәкір Сафиуллин (Қазақстан) – Бобур Айтбаев (Өзбекстан) 9:1; 64 кг. Алматбек Ағыбаев (Қазақстан) – Шохжихон Эргашев (Өзбекстан) 17:7; 64 кг. Ахмет Момбеков (Қазақстан) – Акрам Мамаджонов (Өзбекстан) 8:6; 75 кг. Абзал Құттыбеков (Қазақстан) – Отабек Ибрагимов (Өзбекстан) 7:4; 81 кг. Ойбек Мамазулунов (Өзбекстан) – Ерасыл Сейфолданов (Қазақстан) 5:0.
27 қаңтар. Ширек финал. 49 кг. Шахобиддин Зоиров (Өзбекстан) – Ержан Жомарт (Қазақстан) 6:5.
А.Құлыбаев турнирі. Орал (Қазақстан), 2012 жыл.
18 сәуір. Іріктеу шайқасы. 60 кг. Қобилжон Бобожонов (Өзбекстан) – Аслан Есенов (Қазақстан) 10:2.
Ширек финал. 49 кг. Хасанбой Дусматов (Өзбекстан) – Азат Хамзин (Қазақстан) 21:8.
19 сәуір. 52 кг. Захиджон Хурбоев (Өзбекстан) – Нұржан Қошанов (Қазақстан) 13:11.
20 сәуір. 56 кг. Сәкен Садықов (Қазақстан) – Пахлован Ходжиев (Өзбекстан( 20:11; 64 кг. Қобилжон Бобожонов (Өзбекстан) – Асланбек Шымбергенов (Қазақстан) 17:8.
21 сәуір. 52 кг. Айдарбек Жәдігеров (Қазақстан) – Захиджон Хурбоев (Өзбекстан) RTS; 60 кг. Берік Әбдірахманов (Қазақстан) – Боходиржон Султанов (Өзбекстан) RTS; 69 кг. Алмасбек Орынғалиев (Қазақстан) – Нодирбек Қосимов (Өзбекстан) RTS; 75 кг. Бауыржан Кәрімов (Қазақстан) – Шухрат Абдуллаев (Өзбекстан) RTS.
22 сәуір. Финал. 49 кг. Маратбек Мәжитов (Қазақстан) – Хасанбой Дусматов (Өзбекстан) АВ2; 64 кг. Қобилжон Бобожонов (Өзбекстан) – Ғалым Құрманбай (Қазақстан) 22:14.
С.Джексон мемориалы. Ташкент (Өзбекстан), 2012 жыл.
7 мамыр. 1/16 финал. 56 кг. Пахлован Ходжиев (Өзбекстан) – Тастемір Бибосынов (Қазақстан) 15:10.
8 мамыр. 1/8 финал. 52 кг. Жасурбек Латипов (Өзбекстан) – Қанат Тұрғанбаев (Қазақстан) 18:13; 60 кг. Рустам Рустамов (Қазақстан) – Жасур Абдурахманов (Өзбекстан) 13:10; 64 кг. Думан Сүлейменов (Қазақстан) – Шерзодбек Баймирзаев (Өзбекстан) RSC 3. 69 кг. Ботиржон Махмудов (Өзбекстан) – Манат Өмірзақов (Қазақстан) WO; 69 кг. Азамат Эргашев (Өзбекстан) – Руслан Гапбаров (Қазақстан) 21:8; 81 кг. Ойбек Мамазулунов (Өзбекстан) – Өмірзақ Қуаныш (Қазақстан) 12:3.
9 мамыр. Ширек финал. 60 кг. Рустам Рустамов (Қазақстан) – Фарход Палвонов (Өзбекстан) +8:8; 64 кг. Достонбек Турдиев (Өзбекстан) – Думан Сүлейменов (Қазақстан) 13:10; 81 кг. Алмат Серімов (Қазақстан) – Бобур Юлдашев (Өзбекстан) 10:6; 91 кг. Василий Левит (Қазақстан) – Рустамжон Исмаилов (Өзбекстан) 17:3.
10 мамыр. Жартылай финал. 81 кг. Сардор Бегалиев (Өзбекстан) – Алмат Серімов (Қазақстан) 8:5; 91 кг. Василий Левит (Қазақстан) – Мирзобек Хасанов (Өзбекстан) АВ 3.
11 мамыр. Финал. 91 кг. Василий Левит (Қазақстан) – Акмолжон Рахмонов (Өзбекстан) 12:4.
Ш.Бөлтекұлы атындағы турнир. Ақтау (Қазақстан), 2012 жыл.
27 қыркүйек. Іріктеу шайқасы. 56 кг. Акмал Хасанов (Өзбекстан) – Дәулетбай Ерғалиев (Қазақстан) 20:10; 56 кг. Қанат Көптілеуов (Қазақстан) – Нурсултан Нисанбаяров (Өзбекстан) 11:9; 60 кг. Ерболат Сейдалиев (Қазақстан) – Достон Абдурахмонов (Өзбекстан) АВ 2; 64 кг. Исраил Мадримов (Өзбекстан) – Асланбек Шымбергенов (Қазақстан) 14:13; 69 кг. Берікбай Нұрымбетов (Қазақстан) – Азизбек Қалжанов (Өзбекстан) АВ 1; 75 кг. Бекзод Юлдашев (Өзбекстан) – Нұрбол Алтаев (Қазақстан) 18:7.
28 қыркүйек. Ширек финал. 56 кг. Жанболат Қыдырбаев (Қазақстан) – Акмал Хасанов (Өзбекстан) 18:11; 64 кг. Жәнібек Әшімбай (Қазақстан) – Исраил Мадримов (Өзбекстан) WO; 91 кг. Баходир Цололов (Өзбекстан) – Марат Молдагереев (Қазақстан) 8:7.
29 қыркүйек. Жартылай финал. 75 кг. Рустам Сваев (Қазақстан) – Бекзод Юлдашев (Өзбекстан) RTS; 81 кг. Дәурен Елеусінов (Қазақстан) – Шухритдин Махкамов (Өзбекстан) RTS.
30 қыркүйек. Финал. 91 кг. Алексей Севостьянов (Қазақстан) – Баходир Цололов (Өзбекстан) RTS.
Д.Шопоқов атындағы турнир. Бишкек (Қырғызстан), 2013 жыл.
30 қаңтар. 1/16 финал. 56 кг. Нурсултан Нисанбаяров (Өзбекстан) – Ринат Советханов (Қазақстан) 17:5; 60 кг. Дархан Жұмсақбаев (Қазақстан) – Жасур Абдурахмонов (Өзбекстан) 10:4; 69 кг. Мұса Сахов (Қазақстан) – Ботиржон Махмудов (Өзбекстан) 9:4; 75 кг. Азизбек Абдугафуров (Өзбекстан) – Әбдуахит Угурчиев (Қазақстан) АВ 2.
31 қаңтар. 1/8 финал. 49 кг. Сардор Музаффаров (Өзбекстан) – Фарух Кахаров (Қазақстан) АВ 1; 75 кг. Азизбек Абдугафуров – Рустам Сваев (Қазақстан) 14:13; 91 кг. Мирзобек Хасанов (Өзбекстан) – Ерболат Жүргенбаев (Қазақстан) 12:11.
1 ақпан. Ширек финал. 49 кг. Ержан Жомарт (Қазақстан) – Сардор Музаффаров (Өзбекстан) 12:7; +91 кг. Изотулло Эргашев (Өзбекстан) – Ерлан Мошқалов (Қазақстан) АВ 2.
2 ақпан. Жартылай финал. 91 кг. Марат Молдагереев (Қазақстан) – Мирзобек Хасанов (Өзбекстан) 13:1.
3 ақпан. Финал. 75 кг. Азизбек Абдугафуров (Өзбекстан) – Абзал Құттыбеков (Қазақстан) 10:8; 81 кг. Шухритдин Махкамов (Өзбекстан) – Жандос Жақсылықов (Қазақстан) АВ 2.
«Төрттік турнирі». Астана (Қазақстан), 2013 жыл.
15 ақпан. Матчтық кездесу: Қазақстан – Өзбекстан 8:2. 49 кг. Хасанбой Дусматов (Өзбекстан) – Біржан Жақыпов (Қазақстан) PSC 3; 52 кг. Ілияс Сүлейменов (Қазақстан) – Жасурбек Латипов (Өзбекстан) 20:13; 56 кг. Қайрат Ерәлиев (Қазақстан) – Шахриёр Исақов (Өзбекстан) 16:11; 60 кг. Берік Әбдірахманов (Қазақстан) – Фазлиддин Гаибназаров (Өзбекстан) DQ 3; 64 кг. Мерей Ақшалов (Қазақстан) – Санжарбек Рахмонов (Өзбекстан) 18:15: 69 кг. Данияр Елеусінов (Қазақстан) – Уктамжон Рахмонов (Өзбекстан) 18:15; 75 кг. Жәнібек Әлімханұлы (Қазақстан) – Шухрат Абдуллаев (Өзбекстан) 14:7; 81 кг. Әділбек Ниязымбетов (Қазақстан) – Елшод Расулов (Өзбекстан) 13:9; 91 кг. Рустам Туляганов (Өзбекстан) – Антон Пинчук (Қазақстан) 15:10; +91 кг. Иван Дычко (Қазақстан) – Сардор Абдуллаев (Өзбекстан) 11:6.
Тайманов-Өтемісов турнирі. Атырау (Қазақстан), 2013 жыл.
26 сәуір. 1/16 финал. 64 кг. Б.Әлібеков (Қазақстан) – Қудратулла Абдукахоров (Өзбекстан) 16:12; 75 кг. Камран Шахсуварлы (Қазақстан) – Бобур Раджабов (Өзбекстан) 11:7.
27 сәуір. 1/8 финал. 60 кг. Достон Абдурахмонов (Өзбекстан) – З.Өтемұратов (Қазақстан) RTS.
28 сәуір. Ширек финал. 56 кг. Жасұлан Молдашев (Қазақстан) – Динислам Мушатов (Өзбекстан) 9:5; 64 кг. Азамат Досмағамбетов (Қазақстан) – Алимардон Достонов (Өзбекстан) 17:9; 81 кг. Азамат Саидов (Өзбекстан) – Қиран Уатиатхан (Қазақстан) 24:11; 81 кг. Дәурен Елеусінов (Қазақстан) – Тохир Олимов (Өзбекстан) 19:8.
29 сәуір. Жартылай финал. 81 кг. Дәурен Елеусінов (Қазақстан) – Азамат Саидов (Өзбекстан) 17:8; +91 кг. Әли Балоев (Қазақстан) – Юрий Серебряков (Өзбекстан) АВ 2.
Р.Вахитов турнирі. Павлодар (Қазақстан), 2013 жыл.
22 мамыр. Іріктеу шайқасы. 52 кг. Мураджон Ахмадалиев (Өзбекстан) – Айдос Сақаев (Қазақстан) 3:0; 56 кг. Акмал Хасанов (Өзбекстан) – Нұрлан Әбжанов (Қазақстан) 3:0.
24 мамыр. Ширек финал. 52 кг. Мураджон Ахмадалиев (Өзбекстан) – Азат Махметов (Қазақстан) 3:0; 91 кг. Алексей Севостьянов (Қазақстан) – Сардор Ёрмухаммедов (Өзбекстан) 3:0.
25 мамыр. Жартылай финал. 52 кг. Әнуар Батырханов (Қазақстан) – Мураджон Ахмадалиев (Өзбекстан) 3:0.
26 мамыр. Финал. 81 кг. Шаймұрат Құсайынов (Қазақстан) – Махмадов (Өзбекстан) 3:0.
Георгий Жуков мемориалы. Екатеринбург (Ресей), 2013 жыл.
20 маусым. Ширек финал. 64 кг. Фарход Павлонов (Өзбекстан) – Андрей Пальник (Қазақстан) 17:16.
22 маусым. Финал. 69 кг. Уктамжон Рахмонов (Өзбекстан) – Максим Панарин (Қазақстан) 17:7.
С.Джексон мемориалы. Ташкент (Өзбекстан), 2013 жыл.
16 қыркүйек. Финал. 49 кг. Надир Мирзахмедов (Өзбекстан) – Олжас Байниязов (Қазақстан) 3:0; 75 кг. Акмолжон Қосимов (Өзбекстан) – Нурзод Собиров (Қазақстан) 3:0.
Агаларов мемориалы. Баку (Әзербайжан), 2013 жыл.
5 желтоқсан. Іріктеу шайқасы. 56 кг. Мирас Сәрсенов (Қазақстан) – Бобурмирзо Толибов (Өзбекстан) RTS; 64 кг. Махмуд Гаипов (Өзбекстан) – Оразалы Әлдібаев (Қазақстан) RTS; 69 кг. Бектемир Меликулиев (Өзбекстан) – Дәулет Қаби (Қазақстан) RTS.
6 желтоқсан. Ширек финал. 75 кг. Қосимбек Мардонов (Өзбекстан) – Қадырбек Садықбек (Қазақстан) RTS.
8 желтоқсан. Финал. 56 кг. Икболжон Холдаров (Өзбекстан) – Мирас Сәрсенов (Қазақстан) RTS.
Д.Шопоқов атындағы турнир. Бишкек (Қырғызстан), 2014 жыл.
29 қаңтар. 1/16 финал. 60 кг. Абдухасил Балтиев (Қазақстан) – Дилмураджон Бозорбоев (Өзбекстан) 3:0.
30 қаңтар. 1/8 финал. 52 кг. Олжас Қалаубек (Қазақстан) – Фархад Баймирзаев (Өзбекстан) 2:1; 91 кг. Алмат Серімов (Қазақстан) – Мирзобек Хасанов (Өзбекстан) ТКОI 2.
31 қаңтар. Ширек финал. 49 кг. Шерхан Сүгірбеков (Қазақстан) – Комол Мелиев (Өзбекстан) 3:0.
2 ақпан. Финал. 81 кг. Ботирали Мамаджонов (Өзбекстан) – Ерасыл Сейфолданов (Қазақстан) 3:0.
«Төрттік турнирі». Астана (Қазақстан), 2014 жыл.
17 ақпан. Матчтық кездесу: Қазақстан – Өзбекстан 7:3. 49 кг. Надир Мирзахметов (Өзбекстан) – Рашид Салауатов (Қазақстан) 3:0; 52 кг. Шахобиддин Зоиров (Өзбекстан) – Нұрғазы Жүсіпов (Қазақстан) 3:0; 56 кг. Мураджон Ахмадалиев (Өзбекстан) – Жанболат Тілегенұлы (Қазақстан) 2:1; 60 кг. Зәкір Сафиуллин (Қазақстан) – Элнур Абдурахимов (Өзбекстан) 3:0; 64 кг. Алмасбек Әлібеков (Қазақстан) – Достонбек Турдыев (Өзбекстан) 3:0; 69 кг. Сағадат Рахманқұлов (Қазақстан) – Исраил Мадримов (Өзбекстан) 2:1; 75 кг. Рустам Сваев (Қазақстан) – Нодирбек Қосимов (Өзбекстан) 3:0; 81 кг. Дәурен Елеусінов (Қазақстан) – Ойбек Мамазулунов (Өзбекстан) 2:1; 91 кг. Антон Пинчук (Қазақстан) – Рустам Туляганов (Өзбекстан) 2:1; +91 кг. Жан Кособуцкий (Қазақстан) – Мирзохид Абдуллаев (Өзбекстан) 2:1.
С.Қонақбаев турнирі. Павлодар (Қазақстан), 2014 жыл.
13 мамыр. 1/16 финал. 64 кг. Жавлонбек Ешматов (Өзбекстан) – Әділет Сқақов (Қазақстан) RTS; 1/8 финал. 49 кг. Комол Мелиев (Өзбекстан) – Жәнібек Ерқуатов RTS; 56 кг. Пахлован Ходжиев (Өзбекстан) – Әділжан Амангелді (Қазақстан) RTS; 60 кг. Шохрух Худжабеков (Өзбекстан) – Алексей Кочеулов (Қазақстан) RTS.
14 мамыр. 64 кг. Руслан Мәдиев (Қазақстан) – Фарход Павлонов RTS; 69 кг. Алмас Тілеубергенов (Қазақстан) – Абу-Саид Масюмов (Өзбекстан) RTS.
15 мамыр. Ширек финал. 49 кг. Ақниет Балтабаев (Қазақстан) – Комол Мелиев (Өзбекстан) RTS; 60 кг. Шохрух Худжабеков (Өзбекстан) – Данияр Жүніс (Қазақстан) RTS.
16 мамыр. Жартылай финал. 52 кг. Аброр Қодиров (Өзбекстан) – Нұрғазы Жүсіпов (Қазақстан) RTS;
17 мамыр. 60 кг. Абдулла Нұрғалиев (Қазақстан) – Шохрух Худжабеков (Өзбекстан) RTS.
С.Джексон мемориалы. Ташкент (Өзбекстан), 2014 жыл.
13 мамыр. 1/16 финал. 69 кг. Одил Аслонов (Өзбекстан) – Темірхан Сапарханов (Қазақстан) 3:0.
14 мамыр. 64 кг. Қобилжон Бобожонов (Өзбекстан) – Заңғар Темірқан (Қазақстан) ТКО 2; 75 кг. Азизбек Абдугафуров (Өзбекстан) – Сапарбай Айдаров (Қазақстан) 3:0.
15 мамыр. 1/8 финал. 81 кг. Отабек Ибрагимов (Өзбекстан) – Нұрдәулет Жарманов (Қазақстан) 2:1; Ширек финал. 52 кг. Фархад Баймурадов (Өзбекстан) – Жасұлан Ержан (Қазақстан) 3:0; 56 кг. Тастемір Бибосынов (Қазақстан) – Захиджон Хурбоев (Өзбекстан) 2:1; 60 кг. Элнур Абдурахимов (Өзбекстан) – Виктор Коточигов (Қазақстан) 3:0; 60 кг. Равшанбек Умурзаков (Өзбекстан) – Зәкір Сафиуллин (Қазақстан) 2:1; 81 кг. Шухритдин Махкамов (Өзбекстан) – Али Нурматов (Қазақстан) 3:0; 81 кг. Ойбек
Мамазулунов (Өзбекстан) – Кенжеболат Түймебек (Қазақстан) ТКО 1.
17 мамыр. Жартылай финал. 56 кг. Мураджон Ахмадалиев (Өзбекстан) – Тастемір Бибосынов (Қазақстан) 3:0; +91 кг. Иван Дычко (Қазақстан) – Баходир Цололов (Өзбекстан) 3:0.
18 мамыр. Финал. +91 кг. Иван Дычко (Қазақстан) – Мирзохид Абдуллаев (Өзбекстан) 2:1.
Президент Кубогы. Алматы (Қазақстан), 2014 жыл.
10 шілде. Ширек финал. +91 кг. Иван Дычко (Қазақстан) – Сардор Абдуллаев (Өзбекстан) 3:0, 81 кг. Дәурен Елеусінов (Қазақстан) – Ойбек Мамазулунов (Өзбекстан) 3:0.
11 шілде. 75 кг. Хуршид Норматов (Өзбекстан) – Сапарбай Айдаров (Қазақстан) 2:1; Жартылай финал. 60 кг. Берік Әбдірахманов (Қазақстан) – Элнур Абдурахимов (Өзбекстан) 3:0.
12 шілде. 49 кг. Хасанбой Дусматов (Өзбекстан) – Ержан Жомарт (Қазақстан) 2:1.
13 шілде. Финал. 49 кг. Біржан Жақыпов (Қазақстан) – Хасанбой Дусматов (Өзбекстан) 2:1.
Георгий Жуков мемориалы. Екатеринбург (Ресей), 2014 жыл.
20 маусым. Ширек финал. 60 кг. Улугбек Досмуродов (Өзбекстан) – Фархад Оспанов (Қазақстан) 3:0.
Қорытынды есеп. Қазақстан – Өзбекстан 118:119.
Жалпы қорытынды есеп. Қазақстан – Өзбекстан 162:159

Фото: www.prosportkz.kz.

egemen.kz сайтынан алынған

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста