АЛТАЙ АСҚАН АЛАШ АРЫСТАРЫ

Қазақ халқының тарихында ерекше маңызға ие оқиға Алаш автономиясы мен «Алашорда» үкіметінің құрылуы. 1917 жылы желтоқсан айының 5-13 жұлдызы аралығында Орынбор қаласында екінші жалпы қазақ съезі өтеді. Бұл съезді өткізу туралы шешім осы жылдың сәуір айындағы Торғай қазақтарының жиынында қабылданған. Негізгі ұйымдастырушылар: Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, Е. Омаров, С. Досжанов, М. Дулатовтар.
Осы тарихи жиынға 9 облыс (Ақмола, Торғай, Семей, Жетісу, Сырдария, Орал, Бөкей ордасы, Ферғана, Самарханд) және Алтай губерниясында тұратын қазақтардан барлығы 82 өкіл қатысқан. Мұнда күн тәртібіне 10 мәселе қойылған. Соның екіншісі, Алаш автономиясын жариялау еді. Ә. Бөкейханов бастаған топ автономия жариялау әзір ертерек деген пікір ұстанған. Екінші бір Халел және Жанша Досмұхамедов бастаған топ дереу автономия жариялау қажет деген пікірде болған. Ақыры Алаш автономиясын жариялау туралы бір шешімге тоқтап, Алашорда үкіметін құрған. Үкімет төрағасына Әлихан Бөкейханов сайланып, 25 адамның құрамына үкімет мүшелерін тағайындаған.
Алаш автономиясының аумағына жоғардағы 9 облыс, 1 губернияда тұратын қазақтар және Әмудария, Закаспий уездерінің қазақтары қатысты делінген. Арықарай әскер-милиция құру, қаржы табу жолдары қарастырылған.
Кешікпей балшабектер билігі күшейіп кетуіне байланысты Алаш автономиясының өрісі тарылды. 1918 жылдың наурыз айында Оралдан Халел және Жанша Досмұхамедовтар Мәскеуге барып, Халық комиссарлары кеңесінің төрағасы Ленин және ұлт істері бойынша халық комиссары Сталиндерге жолығады. Қысқасын айтқанда келіссөз нәтижесіз аяқталады. Қазақ даласын басқаруда балшебек Ә. Жангелдиннің ықпалы арта бастайды.
Осы кезден бастап қазақ ұлтшылдары Сібір уақытша үкіметі (Омбы) мен Бүкілресейлік құрылтай жиналысының (Самара) қуатына сүйенбек болады. 1918 жылы шілде айында Самарадағы Уақытша үкімет Алашордаға 2 млн сом ақша 3000 әскерге қару жарақ беріп көмектеседі. Тек Батыс Алашордаға 2000 мылтық, 37 пулемет, 2 зеңбірек берген екен. Оның өзі қазақтарды қызылдарға айдап салудың бір бағыты еді. Ал, Бүкілресейлік құрылтай жиналысы Алаш автономиясын мойындаудан бас тартқан.
Осындай қиын-қыстау жағдайдан кейін Алаш қайраткерлері әртүрлі жолдар іздеген. Соның бірі шетелдегі қазақтармен байланыс жасап оларды Алаш шаңырағына біріктіру ісі болатын. 1917 жылдың бейресми дерегі бойынша Ресейге бағынышты өлкелерде 5 млн. 400 мың қазақ тұрған. Ал шетелде қазақтар Қытай мен Монғол елдерінде ғана бар еді. Осы тұста Қытай елінде 150 мыңға тарта қазақ болса, Монғол елінде 20 мыңның шамасында екен.
1918 жылдың көктемінде Алаштың кейбір көсемдері Семейге жиналып ақылдасады. Мұндағы мақсат шетелдегі қазақтарға барып, онда Алаш идеясын насихаттау еді. Бұл басқосуға Абайдың ақын шәкірті Көкбай Жанатайұлы, Абайдың баласы Тұрағұл Абайұлы, атақты балуан Қажымұқан Мұңайтпасұлы бастаған алаш ардақтылары қатысады. (1-сурет).
Осы жылдың жазында Қытай елін бетке алып Алаш көсемі Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Салық Аманжолов, Райымжан Мәрсековтер жолға шығады. Олар Ақсуат өлкесін басып өтіп, Шәуешек қаласына барады. Кезінде Семей қаласында тұрып, осында қоныс аударған көпес Рамазан Шәнішевтің үйіне түседі. Елді жинап келген мақсаттарын айтады. Осы кездесуда әйгілі әнші, ақын Әсет Найманбайұлы да болады. Атақты «Алаш» атты толғауын шығарған. Әсет ақынның екі жылдың алдында 1916 жылы осы өлкеге біржола қоныс аударған кезі-тін.
Алаш көсемдерінің бұл сапарынан бізге мұра болып жеткен екі дүние бар. Олар: Шәуешекте Ахаңдарды суретке түсірген Ахметжанның фотосы (2-сурет )мен Әсеттің толғауы.


Міржақып өлең айт деп, қолқаладың,
Мен бе, ақын сен тұрғанда ой табатын,
Алаш – деп ағайынға сауға салып,
Ахаң ер отырмай ма жол табатын,
– деп, сөз бастаған Әсет ақын Ахаңа біршама наз айтады. Шын мәнінде Алаш ардақтыларының бұл сапарын жергілікті жұрт тым құптай қоймаған. Ол жайында Әсеттің айтқан жырынан да байқалып тұр. Мысалы:


О, Аха, не дегенің – бүй дегенің,
Алашқа бар қазақты жи дегенің,
Сыртта жүрген ағайын суық бауыр,
Оған мысы жүрмейді түздегі елдің,


Жарыссаң – төбеге озып шықсаң нетті,
Белдессең белін үзіп жықсаң нетті,
Тозған елден тойынар күй іздемей,
Өз халіңді анықтап ұқсаң нетті,
– дейтін наразы көзқарас бар.


Шәуешекке келген Алаш өкілдерін қазақтың ауқатты байы Құсайын өзі ертіп Үрімжіге апарады. Оларды Шынжаң өлкесінің билеушісі Ян Зын Шин қабылдайды. Кездесуден еш нәтиже шықпаған. Бұл арада ескере кететін жайт Шәуешек қаласында баяғыдан келе жатқан орыс консулы болған. Осы консул Кеңес үкіметінің мүддесіне ойысқан болуы керек. Сондықтанда Алаш арыстарының сапарына шектеу қойылған. Тіпті арыстардың қандай шаруамен келгенін де біліп отырған. Тез қайтуға мәжбүрлеген.
Ахаң мен Жахаңа еріп барған Садық Аманжолов пен Райымжан Мәрсековтер жайында айтар болсақ, С. Аманжолов екінші жалпы қазақ съезінде Жетісу облысы атынан Алашорда үкіметінің мүшелігіне сайланғаны туралы дерек бар. Қуғын – сүргін жылдарынан аман өтіп, 1941 жыл қайтыс болған.
Ал, Райымжан Мәрсеков – Алашорданың шығыс бөлімшесінің белді өкілдерінің бірі. Алаш полкын жасақтаған. Алаштың ұраны «Сарыарқа» газетін Семейде шығарып тұрған. Азамат соғысы жылдары жергілікті халықты азық-түлік, киім-кешекпен қамтамасыз ету үшін шығыстағы Владивосток қаласына барып, американдық «Мейер» фирмасымен шарт жасап Семейге 15 миллион сомның затын әкеліп халықты қамтамасыз еткен қайраткер. Жоғары білімді заңгер. 1922 жылы Семей губерниясының атқау комитетінде үлкен қызмет атқарып жүріп, жалғыз түнде Қытай еліне асып кеткен. Қытай елінде жүріп 1939-40 жылдары атылған.
Осы Алаш арыстары қайтар жолында жайлауда отырған Таңғыт үкірдайдың ауылына келіп ат суытқан. Артынан Таңғыт Еңсеұлына «Алашордаға бүйрегі бұрған» деген жала жабылып 73 жасында бұл адамда атуға бұйырылған. Алаш арыстарының осы сапары кезінде бірге жүрген дидарласқан адамдардың көбі артынан атылған, асылған.
Бұдан біз 1937-38 жылдардағы жаппай жазалау науқаны Қытайдағы қазақтарды да айналып өтпегенін аңғарамыз.

namys.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста