Соңғы уақыттарда «жыр елі» атанған Сыр елінде ірі мәдени-көпшілік нысандар бой көтере бастады. Бүгінде Қызылорда қаласында «Сыр сүлейлері» деп аталатын жаңа аллея салынуда.
Тарихи тұлғалар мен атақты адамдарға бай бола тұра, бұл өлкеде ерекше өнер иелеріне арналған мәдени орындар жоқтың қасы еді.
Облыс орталығындағы Жібек жолы көшесін бойлай орналасатын аллея дария бойындағы осы өңірдің тарихы мен мол мәдени қазынасынан сыр шертіп тұратын болады. Жыраулар аллеясында Балқы Базар, Тұрмағанбет, Нұртуған және Нартай сынды көрнекті тұлғалардың ескерткіштері бой көтермек.
Аталған жоба құрылысын қалалық Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің тапсырысы негізінде «Агроспецмонтаж» өндірістік кооперативі жүргізуде.
Нақты жоспарға сәйкес, құрылыс жұмыстары осы айдың соңына дейін аяқталуы тиіс.
Жыраулар аллеясы салынуда
Последние статьи автора