Алматы облысында дәстүрлі емес медицинамен емделіп жатып қайтыс болған 28 жастағы азамат жайлы жаңа ақпараттар пайда болды. Бұл туралы Алматы телеарнасына сілтеме жасап, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды
Емші азаматты өлтіргені үшін жауапкершілікті мойнына алуға дайын. Үш күн абақтыда жатып, Әбдікәрім Құшқаров ешқайда кетпеу туралы тілхатпен үйіне қайтып келді. Емші апта бойы 28 жастағы Тұрар Оразалиевтың ішіне кіріп алған жындармен күрескен. Ер кісіні емшіге туысқандары алып келген.
“Олар оны өздері, туысқандары алып келді. Нақты кім екенін білмеймін”, — деді емшінің әйелі. Оның айтуы бойынша, ер кісінің қолдары байлаулы болған.
Тұрар Оразалиевтың туысқандары оның қолдарын кісендеп әр күн сайын емшіге алып келіп, кешке алып кететін. Ер адам 12 қаңтар күні өз үйінде көз жұмды. Сотмедициналық сараптамадан оның бірнеше қабырғалары сынғанын, кеудесіне, өкпелеріне зақым келгенін көрсетті.
Марқұм Шамалған ауылында анасымен бірге тұрған. Ол үш жыл көлемінде ауырып, Талғарда орналасқан психикалық-неврологиялық ауруханада емделген. Бірақ емінің нәтижесі болмаған. Сол кезде туысқандары Тұрарға медицина көмектеспейді деген шешімге келген. Ер адамның ішіне жын кіріп алды деп ойлап, емшілерді іздей бастаған.
“Ол қараңғы бөлмеде тығылып, адамдар қаша бастады. Не болды деген сұраққа, ішіне бірнәрсенің кіріп кеткенін айтатын. Біреу жын деді, біреу көз тиген деді”, — дейді қайтыс болған азаматтың туысқаны.
Туысқандар Оразалиевтың қазасына емшіні кінәлап отырған жоқ. Тіпті наразылық танытпайтындары жайлы қолхат жазған. Науқасқа көмектесу қиынға соққанын сөз етеді. Оразалиевтың түсініс әрекеттеріне бірнеше рет көрішілері куәгер болған.
“Өткен жолы ол балғамен қолының бас бармағын кесіп тастады. Сосын үйінен қашып кетті. Біз оны Ұзынағаш бекетінен, әпкеміздің жанынан тауып алдық. Көлікке отырғызып, Қаскелендегі ауруханаға алып бардық. Ішін жарақаттаған дегенді естігенмін. Жын кіріп кеткен деп айтады, психикалық ауру болды”, — дейді көрші Ерғали Әбдіғалиев.
Емші Әбдікәрім Құшқаровқа қатысты қазір тергеу жұмыстары жүріп жатыр. “Өлімге жетелетіп, денсаулыққа қасақана қауіп төнгізу” бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Stan.kz