Жылға су астында қалды

Қазақта «Құдай бір айналдырғанды шыр айналдырады» деген сөз бар. Соңғы жылдары Сарыағаш ауданы осындай жағдайға тап болып отырғандай. Құркелес ауылдық округіне қарасты бірнеше ауылды су алғаны жөніндегі хабарды айтып, аузымызды жиғанымызша, тасқын су енді жылғалықтарды әбігерге салды. Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметіне сенсек, маусымның 13-і күні түскі сағат 13.30 бен 14.00-дің аралығында төпелеп жауған нөсер жаңбыр салдарынан Жылға ауылдық округіне қарасты Жылға елді мекеніндегі 51 үйге су кіріп, оның біреуі құлапты. Әбүйір болғанда, адам мен мал шығыны болған жоқ. Төтенше жағдайды қалпына келтіру жұмыстарына 92 адам мен алты техника жұмылдырылды.

Жаппар ӘЛСЕЙІТОВ, аудан әкімінің орынбасары:
– Бүгінгі, дәлірегі, сағат 12-ге дейінгі мәлімет бойынша, 56 үйге су кірді деп есептелді. Өрт сөндіру бөлімінен 22 қызметкер мен бірнеше техника, Ішкі істер басқармасынан 30 қызметкер, дәрігерлер және басқа да тиісті сала қызметкерлерінен құрылған арнайы топтар азаматтардың денсаулығы мен қауіпсіздігін қолға алып, үйлерге келтірілген зиян анықталуда. Бұдан бөлек аудандық, ауылдық әкімшіліктерден 40-қа жуық азамат атсалысты. Әзірге облысқа 15 палаткаға тапсырыс беріп жатырмыз. Ол жарамсыз болған үй иелеріне уақытша пайдалануға берілмек. Облыстан келген Төтенше жағдайлар жөніндегі департамент мамандарының анықтауымен сегіз үй қауіптілер қатарына алынып, үй ішіндегі заттар толығымен сыртқа шығарылды. Біреуі құлады. Басқа үйлердің жағдайы толығымен біздің бақылауымызға алынады. Әрине, бұларды соңғы мәлімет екен деп қарауға болмайды. Алдын ала белгілі болған алғашқы, әлі де өзгеруі мүмкін мәлімет екенін ескеруіміз керек.

Жылға ауылы Сарыағаш қаласынан 36 шақырым жерде орналасқан. Ауылдағы 750-ге жуық үйде 4300-дей халық тұрады. Жаппар Серікбайұлының айтуынша, ауылда ешқандай канал немесе су қашыртқылары жоқ екен. Су тасқыны тек қатты нөсердің салдарынан орын алған.

Осы күні Біртілек ауылдық округі Ораз ата елді мекеніндегі екі үйдің де зардап шеккені белгілі болды. «Оны да көріп келдік, қаншалықты зардап шеккенін комиссия анықтайтын болады», – дейді Жаппар Серікбайұлы.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста