Қостанай облысында 717 бас ірі қараның туберкулезбен ауыратыны анықталды. Ауру малдардың еті мен сүтін саудаға шығармау және кейін түгел жою туралы шешім қабылданды.
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің Қостанай облыстық аумақтық инспекциясының мамандары мамырдың 21-і күні Денисов ауданының Приреченское ауылдық округіндегі ірі қаралардың бойынан туберкулез белгісін тапты. Ауру малдың ішінде жекенікі де, «Приреченское» серіктестігінікі де бар. Инспекторлар серіктестік басшысы мен ауылдық округтің мал дәрігеріне айыппұл салды. Серіктестік басшысына ауру малды және олардың сүтін ешқайда шығармау туралы нұсқау берілді. ҚР бас мал дәрігері Мереке Тайтубаев ауру малды түгел жою туралы шешім қабылдады. Денисов ауданындағы барлық мал атаулы тексеріліп жатыр. Ал ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Шығыс Қазақстан облысының Үржар ауданындағы Ақшоқы ауылдық округінде 683 бас ірі қараның өртелгенін хабарлайды. Мамырдың 15-і күні бұл малдардан аусыл ауруы анықталған. Қазіргі уақытта осы ауылдағы 3453 сиыр мен 5000-ға жуық қой-ешкі ауруға қарсы егілді. Індет ошағында карантин жарияланды.
Жүздеген бас малдан туберкулез анықталды
Последние статьи автора