Журналистті сотқа берген Абдиевтің өзі қылмыстық жауапкершілікке тартылды

Бахтияр Абдиев бұған дейін «Сарыағаш-инфо» газетінің редакторы Амангелді Батырбеков ар-намысыма тиіп, қорлады деп Сарыағаш аудандық сотына шағымданған.

Түркістан облысының Сарыағаш аудандық полиция басқармасы журналист Амангелді Батырбековті «жала жапты», «қорлады» деп сотқа берген Келес аудандық білім бөлімінің басшысы Бахтияр Абдиевтің үстінен қылмыстық іс ашты. Бұл ақпаратты 5 ақпанда Азаттыққа облыстық Полиция департаментінің баспасөз хатшысы Салтанат Қаракөзова растады.

Салтанат Қаракөзованың мәліметінше, Сарыағаш аудандық полиция басқармасы Келес аудандық білім бөлімінің басшысы Бахтияр Абдиевке қатысты Қылмыстық кодекстің 420-бабы бойынша («Сарапшының, маманның көрiнеу жалған айғақтары, қорытындылары немесе қате аударма») қылмыстық іс тіркеген. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Бахтияр Абдиев Азаттыққа журналист Батырбековтің арыз жазғанынан хабардар екенін айтты. Ал Амангелді Батырбеков «жәбірленуші ретінде көрінеу жалған ақпарат бергені үшін» Абдиевтің үстінен арыз жазғанын айтады.

Бахтияр Абдиев бұған дейін «Сарыағаш-инфо» газетінің редакторы Амангелді Батырбеков ар-намысыма тиіп, қорлады деп Сарыағаш аудандық сотына шағымданған. Аудандық сот 2019 жылдың 23 қыркүйегінде журналисті Қылмыстық Кодекстің «Жала жабу» және «Қорлау» бабымен кінәлі деп танып, 2 жыл 3 айға қамаған.

9 қаңтарда Түркістан облыстық соты Сарыағаш аудандық соты үкімінің күшін жойып, Батырбековті ақтап, кешірім сұраған.

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста