Журналистер арасында байқау жарияланды

Журналистер арасында байқау жарияланды

Қазақтілді журналистер арасында «Халық банкі» АҚ демеушілік ететін «Еркін сөз» байқауы жарияланды. Конкурсты ұйымдастырушы – «Түркітілдес журналистер қоры» ҚҚ.


«ЕРКІН СӨЗ»-2018 ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БАЙҚАУЫ

1. Жалпы ережелер

2. «Еркін сөз» журналистер арасында өтетін байқауы (бұдан әрі – Байқау) журналистердің шығармашылық қарымын күшейту және журналистерді ынталандыру мақсатында өтеді.

3. Байқаудың міндеттері:

Қазақ журналистерінің кәсіби біліктілігін көтеру;

Журналистерді ынталандыру;

3. Сыйлықтарды тағайындау және дипломдар мен бағалы сыйлықтарды тапсыру 16 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен және Қаржыгерлер күнімен сабақтастырылады.

4. Жеңімпаздарды айқындау және сыйлықтарды тағайындау Байқау комиссиясының шешімімен жүзеге асырылады.

5. Байқау комиссиясының құрамына белгілі журналистер, мемлекеттік және қоғам қайраткерлері, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері кіре алады.

6. Байқау комиссиясы жеңіске талпынған БАҚ өкілдерін іріктеу барысында келесі шарттарды басшылыққа алады:

материалдардың объективтілігі;

кәсіби шеберлігі;

мәселенің көтерілуі және оны жан-жақты ашып көрсету;

материалдар туғызған қоғамдық резонанс;

жұмыстардың шығармашылық толымдығы;

7. Байқауды өткізуді үйлестіру.

Байқауды өткізу жұмысын үйлестіру «Түркітілдес журналистер қоры» ҚҚ президенті бекітетін Байқаудың ұйымдастыру комитетіне (бұдан әрі – Ұйымдастыру комитеті) жүктеледі.

8. Ашықтық.

Осы Ереже байқауға қатысуға үміткер, қызығушылық танытушы тұлғалардың барлығына танысу үшін ұсынылады. Ереже БАҚ-та жарияланады.

9. Жеңімпаздар келесі байқауға 2 жылдан кейін ғана қатысуға құқылы.

2. Байқауға қатысу шарттары

10. Байқауға қатысушылар.

Байқауға қатысуға қазақ тілінде жазатын және хабар тарататын барлық республикалық, халықаралық және аймақтық БАҚ журналистері шақырылады.

11. Ұсынылатын жұмыстардың тақырыбы.

Байқауға қатысуға қаржылық, экономикалық әлеуметтік, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту тақырыптарына негізделген материалдар қабылданады.

2018 жылдың 01 қаңтарынан 2018 жылдың 27 қарашасына дейін жарияланған немесе эфирге шыққан материалдар, сондай-ақ жарияланымдар мен бағдарламалар циклдері түрлі жанрларда (очерк, сұхбат, мақала, телевизиялық бағдарламалар, журналистік зерттеулер тағы басқалары) қабылданады.

12. Байқауға ұсынылатын материалдарға қойылатын талаптар.

Жарияланымдар түпнұсқа немесе материалдардың ксерокөшірмесі түрінде (басылымның атауы, күні және автормен байланыс жасау мәліметтері толық көрсетіле отырып) ұсынылуы тиіс.

Дыбыстық-визуалды жұмыстар эфирлік анықтамамен бірге телевизиялық бағдарламаның көшірмесі түрінде (cd/dvd дискілерінде, flash-тасымалдаушыларында) ұсынылуы тиіс.

Электрондық БАҚ журналистері жарияланған материалдардың көшірмесін интернет-сайтта орналастырылғанын растап жолдауы қажет.

Материалдар мемлекеттік тілде қабылданады. Байқауға материалдарды қабылдаудың соңғы күні – 2018 жылдың 27 қарашасы, сағат 20:00-ге дейін.

Ұсынылатын материалдарға мыналар қоса беріледі: журналист туралы қысқаша өмірбаяндық ақпарат, журналистің 3х4 см. мөлшеріндегі фотосуреті, ақпараттық материалдар тізімі.

13. Байқауға ұсынылатын жұмыстардың саны.

Бір журналист ұсынатын материалдардың саны 1-ден аспайды.

14. Жұмыстар байқаудың Ұйымдастыру комитетіне хабарландыруда көрсетілген мерзімнен кешіктірілмей ұсынылады. Байқау тақырыбына сәйкес емес және талаптарға сай келмейтін материалдар, ұсыну мерзімі аяқталғаннан кейін келіп түскен жұмыстар байқауға жіберілмейді. Байқауға ұсынылған материалдар қайтарылып берілмейді.

15. Байқаудың өту кезеңдері

16. Алғашқы кезең.

Алматы қаласында Баспасөз мәслихаты өткізіліп, БАҚ өкілдеріне байқауды өткізу туралы және оған қатысу шарттары туралы хабарландыру жарияланады.

16. Байқауды өткізудің негізгі кезеңі.

Байқау материалдары байқаудың Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайына немесе электронды поштаға 2018 жылдың 27 қарашасына дейін келіп түседі. Байқауға берілген өтініштерді қараудың регламентін Байқау комиссиясы белгілейді. Байқау комиссиясы өз жұмысының нәтижесі бойынша байқау лауреаттарын айқындайды.

17. Қорытындылау.

Жеңімпаздарды жариялау келесі номинациялар бойынша байқауды жалпы қорытындылау шеңберінде іске асырылады:

19. Үздік видеосюжет (телевидение);

20. Үздік мақала (газет);

21. Сайттағы үздік мақала;

22. Жеңімпаздарды марапаттау.

23. Байқау материалдарын бағалау және іріктеу процедурасы

24. Байқау материалдарын бағалау барысында келесі шарттар назарға алынады: белгіленген тақырыпқа сәйкестік; жаңашылдық; мәселені талдаудың тереңдігі; нақтылық пен логикалық негізделуі; мазмұндау стилі мен тілі, техникалық сапасы; авторлық тұжырымдаманың дербестігі; жарияланымда немесе дыбыстық-визуалдық жұмыста мазмұндалған ақпараттың нақтылығы мен шынайылығы; журналистиканың этикалық принциптеріне сәйкестігі; сыртқы безендірілуі.

25. Ұйымдастыру комитетінің құқықтары мен міндеттері

26. Ұйымдастыру комитеті:

Байқау туралы осы ереженің талаптарына сәйкесіздіктерді негізге ала отырып, үміткерді байқауға қабылдамауға;

қандай да бір үміткерге қатысты Байқау комиссиясының мүшесі өз өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны анықталған кезеңде Байқау қорытындыларын жоққа шығаруға құқылы.

21. Ұйымдастыру комитетінің міндеттері:

А) Барлық қатысушылар үшін тең жағдай жасау;

Ә) Байқауды өткізудің жариялылығын қамтамасыз ету;

Б) Байқаудың нәтижелері туралы мәліметтердің уақытынан бұрын жария етілуіне жол бермеу.

6. Байқау комиссиясының құқықтары мен міндеттері

7. Байқау комиссиясы мыналарды іске асыруға құқылы:

Байқауға түскен материалдарға баға беру;

Жеңімпаздарға сыйлықтар тағайындай отырып, байқауды қорытындылау.

23. Байқау комиссиясының міндеттері:

барлық қатысушылар үшін тең жағдай жасау;

байқаудың нәтижелері туралы мәліметтердің уақытынан бұрын жария етілуіне жол бермеу.

*Байқау комиссиясы мүшесінің байқауға қатысуына жол берілмейді.

7. Қатысушылардың құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі

8. Байқауға қатысушылар мыналарды іске асыруға құқылы:

А) Байқаудың өту шарттары мен тәртібі туралы ақпараттар алу;

Ә) Ұйымдастыру комитетінен осы Ереженің тармақтарына түсіндіруді сұрау;

Б) Байқауға қатысу үшін материалдар жолдау.

25. Байқауға қатысушылардың міндеттері:

А) Байқаудың мән-жайымен алдын-ала танысу, Байқауға қатысу үшін қойылатын талаптарды зерттеу;

Ә) Осы Ереженің талаптарына сәйкес рәсімделген материалдарды уақытылы ұсыну;

Б) Осы Ережеде қарастырылған ережелер мен процедураларды сақтау.

26. Байқауға қатысушылар келесілер үшін жауапты:

А) Материалдар мен түйіндемеде көрсетілген ақпараттардың шынайылығына қойылатын талаптарды бұзғаны үшін;

Ә) Осы Ережеде белгіленген шарттарды, ережелер мен процедураларды сақтамағаны үшін.

8. Медиа ресурстар

Байқауға ақпараттық қолдау жасауды ақпараттық серіктестіктер қамтамасыз етеді.

9. Ұйымдастырушы туралы байланыс ақпараты

Байқаудың ұйымдастыру комитеті: Алматы қаласы, «Түркітілдес журналистер қоры» ҚҚ, Алматы қаласы, 050008, Клочков көшесі, 21/29. Байланыс телефоны: + 7 778 878 34 08; электронды пошта: erkinsoz2018@gmail.com.

«Түркітілдес журналистер қоры» ҚҚ

BAQ.KZ
 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста