Жүрегі ұстап қалған көлік жүргізушісі автобусқа соғылып аман қалған

Маусымның 3-і күні таңертең Алматыда Жұмабаев пен Сейфуллин көшелерінің қиылысында жол-көлік оқиғасы орын алған. 
Жеңіл көлік маршруттық автобусқа соғылды. Жеңіл көлік жүргізушісі Дмитрий көлік жүргізіп келе жатып есін жоғалтқан. Құдайға шүкір, апаттан зардап шеккендер жоқ.

Дәрігерлердің айтуынша, ер адам жүрек талмасына ұшырап, автобус соққысы Дмитрийдің өмірін сақтап қалды. Ол кеудесімен рульге қатты соғылып, жүрекке механикалық массаж жасалған екен.

"Сол күні өзімді нашар сезініп, терлеп ояндым, бүкіл бойымда әлсіздік болды, бірақ мен бұған мән бермедім. Екі стакан қою кофе іштім, содан кейін құстым, бұған да аса мән бермедім. Машинаға отырып, жүріп кеттім. Есімнен танып қалдым, сөйтіп жан сақтау бөлімінде бірақ ояндым. Есімде түк жоқ. Автобусқа соғылғанымды, мені құтқарғандарын маған айтып берді. Содан білдім. Соққы жүрекке механикалық массаж жасап, жүрек қайта жүрген екен. Мен автобусқа кіріп кетіп, артқы терезені сындырған екенмін. Автобус жүргізушісі жедел жәрдем шақырып, мені көлігімнен шығарып, су шашып, алғашқы медициналық көмек көрсетіпті. Мен автобус жүргізушісін тауып, оған көрсеткен көмегі үшін алғыс білдіргім келеді. Төртінші қалалық ауруханада жүрек тамырларына ота жасалды, тромбты алып тастады, қазір өзімді айтарлықтай жақсы сезінемін, бұрын қысымым 100/90 болса, қазір 110/80 болды", - дейді Алматы қаласының тұрғыны Дмитрий Синякин.

№4 қалалық клиникалық аурухананың рентген-эндоваскулярлық хирургия және кардиология бөлімшесінің меңгерушісі Асқар Нарынбаев бұл ерекше жағдай болғанын атап өтті. Оның бөлімшесі жүрек пен мидың өмірлік маңызды тамырларындағы қан айналымын қалпына келтіру бойынша маңызды хирургиялық оталарды жасайды.

"Науқас бізге шұғыл түрде кардиогенді шок және төмен қан қысымы клиникасымен өте ауыр жағдайда түсті. Науқасты қабылдау бөліміне кіргізбей, бірден рентген-эндоваскулярлық хирургияның ота жасау бөліміне жеткізді. «Оң жақ коронарлық артерияның жедел тромбозын» анықтадық. Артерия тромбоздық массалармен жабылды, біз ангиопластика, тромб аспирациясын жасап, қан ағымын қалпына келтірдік, содан кейін стент қойдық. Науқаста коронарлық қан ағымы толық қалпына келді. Бұл жайт коронарлық артериялардың жедел тромбозы кезінде өмірге қауіп төндіретін аритмияның пайда болуымен, ол электрлік кардиоверсия немесе электрлік кардиодефибрилляция арқылы қалпына келтірілетінімен қызық. Бұл жерде автобуспен жеңіл көлік соқтығысып, ер адам кеуде тұсынан соққы алған. Әрі бұл соққы жүрек ырғағының қалпына келуіне әсер еткен - бұл механикалық кардиоверсия деп аталады. Бұл бақытқа бастайтын бақытсыздық болды ғой", - деп түсіндірді Асқар Нарынбаев.

Дәрігерлер маңызды нәрсені есте сақтауды ұсынады: егер клиникалық белгілер пайда болса, дереу дәрігермен кеңесіп, асқынулардың алдын алған дұрыс.

Жедел миокард инфарктісі бар науқас емханаға неғұрлым тезірек жеткізілсе, дәрігердің коронарлық қан ағымын қалпына келтіру және некроз аймағын азайту үшін жылдам манипуляция жасау мүмкіндігі соғұрлым жоғары болады, бұл оның одан әрі өмір сүру сапасына әсер етеді, – деді дәрігер.

Дмитрий Синякиннің оқиғасы бақытты аяқталды. Алматылық азамат сатпақ болған көлігін өзіне қалдырды. Иесінің өмірін сақтап қалған көлік Синякиндер отбасының бойтұмарына айналмақ.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста