Жосалыда мұнай қалдықтары өңделеді

Жосалыда мұнай қалдықтары өңделеді

Қармақшы ауданының орталығы Жосалы кентінде «БИС» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мұнай цистерналарынан қалған қалдықты өңдейтін зауыттың тұсауын кесті. Бұл еліміздің индустриялық-инновациялық бағдарламасы аясында жүзеге асып отыр.

Серіктестік осыдан үш жыл бұрын аудан орталығында цистерналардағы көмірсутегі шикізаты мен мұнай өнімдерін қайта өңдеу бағытында өз жұмысын бастаған болатын. Дегенмен жергілікті тұрғындар аталған қалдықтарды кәдеге жаратпаса, экологиялық зардаптардың ұлғаятынына реніштерін білдірген еді. Осыған байланысты серіктестік басшылары тың бастаманы қолға алуға құлықты болды. Мекеме мамандары көмірсутегі шикізаты мен мұнай өнімдерін қайта өңдеу жайын түбегейлі зерттеп шықты. Осының арқасында жаңа құрылғыға тапсырыс берілді. Оны іске қосуға ресейлік ғалымдар көмек қолын созды. Қазіргі таңда зауытта тәулігіне 70 тонна шикізат өңделеді. Нәтижесінде, жылына 25 мың тонна өнім тұтынушы қолына жол тартпақ.

Ділдәхан АХМЕТОВ, «БИС» ЖШС директоры:
– Кезінде тың ұсыныс білдірген азаматтарға ризашылығымды білдіремін. Зауыт шығарған өнімдер ішкі қажеттіліктер мен облыстың ауыл шаруашылығы құрылымдарына жұмсалады.
Аудан әкімі Биғали Қаюповтың айтуынша, жоғарыда аталған бағдарлама негізінде төрт жоба қолға алынған. Олардың жалпы құны 6 млрд теңгеге жуықтайды.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста