Алматыда әйел басқарған жеңіл көлік пен жол полициясының қызметтік көлігі қақтығысты. Әйел жүргізуші бағдаршамның ескерту белгісін елемеген. Салдарынан жол сақшысы қатты жарақаттанып, миы шайқалды.
Кеше Алматы қаласы Бостандық ауданының Абай мен Наурызбай батыр көшелерінің қиылысында жол полициясының көлігі мен әйел адамға тиесілі жеңіл көлік соқтығысты. «Жол апаты таңертең сағат 07.20 шамасында тіркелді» деп хабарлайды Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметі. Mitsubishi жеңіл көлігінің құралын басқарған 1964 жылы туылған алматылық әйел Абай көшесімен шығысқа қарай бағытталып келіп, қиылыстан бағдаршамның ескерту шамының жанғанына қарамастан өтіп кеткен. Соның салдарынан жол полициясы басқармасының қызметтік көлігімен соқтығысты. Ауруханаға түскен 34 жастағы жол сақшысының денесі ауыр жарақаттанып, миы шайқалған. Тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Салтанат Әзірбек, Алматы қалалық ІІД баспасөз хатшысы:
– Жүргізуші әйелдің сөзіне сенсек, ол бағдаршамның қызыл түсінің жанғанын байқамай қалған. Қазір мамандар тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Нәтиже 20 күннің ішінде белгілі болады. Тергеу амалдарының қорытындысына сәйкес, кінәлі жүргізушінің үстінен қылмыстық іс қозғалып болмаса әкімшілік жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Себебі жол полициясы басқармасының қызметтік көлігі бағдаршамның жасыл түсіне өтіп бара жатқан. Жарақат алған полиция қызметкері №4 ауруханаға жеткізілді.
Жол сақшысын әйел жүргізуші қағып кетті
Последние статьи автора