Жоғалған жандар көбейіп барады...

Ағымдағы жылдың алғашқы алты айында қызылордалық тәртіп сақшылары тарапынан 119 адамға іздеу жарияланған. Туыстары жоғалған жанды шарқ ұрып іздеп, амалсыздан ішкі істер орындарынан бір жәрдем күтеді.

Өкінішке қарай, қанша жерден жанталасса да, құқық қорғау мекемелері ізім-қайым жоғалған кісілерді таба алмай қалатын жағдайлар да кездеседі. Мәселен, жартыжылдықта жоғалған жандардың арасында 57 адам ғана табылған. Сала мамандарының айтуынша, мұндай жағдайға тап болатын адамдардың басым көпшілігі 16-30 жас аралығындағы азаматтар болып табылады.
Өмірде түрлі жағдайлар кездеседі. Кейбір адамдар депрессиялық жағдайларға душар болады. Жүйке ауруына шалдығып, жұрт көзіне түскісі келмейтін адамдар да бар. Тіпті жеңіл жолмен табыс тапқысы келетін бойжеткендер де осындай жағдайларға ұрынады. Мысалы, осыдан бірер ай бұрын қызылордалық тәртіп сақшылары табанынан тозып іздеген бойжеткендер көршілес Оңтүстік Қазақстан облысында жеңіл жүріс жасап, ақша тауып жүр екен.
Кейбір жағдайда іздеу жарияланған жанның өмірі келтеден қиылып, туыстарына қайғылы хабарды естіртуге тура келеді. Өткен жылдың өне бойында осындай жағдайға 56 адам душар болған екен. Өкінішке қарай, биылғы жылдың алғашқы жартысында мұндай оқиға 57 адамның басында кездескен.
 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста