Жоғалған кәсіпкер 43 күн дегенде табылды

Алматыда осыдан бір жарым ай бұрын жоғалып кеткен SM market дүкендер желісінің иесі Эдгар Салдузи табылды. Бұл туралы Алматы қалалық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің мамандары хабарлады.

Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Салтанат Әзірбекованың мәліметіне қарағанда, тексеру барысында осыдан 43 күн бұрын жоғалып кеткен кәсіпкердің ұрланғаны анықталған. Тәртіп сақшылары мен ҚР ҰҚК Алматы қаласы бойынша департаменті қызметкерлерінің бірлесуімен өткен арнайы операция барысында «Еldorado Invest Company» ЖШС дирек­торлар кеңесінің төрағасы Эдгар Салдузи өткен жек­сен­біде, яғни қыркүйектің 26-сы күні, кешке тұтқыннан босатылды. Қазір оқиғаға қатысты жан-жақты тексеру жүріп жатыр. Айта кетейік, 34 жастағы кәсіпкер өткен тамыздың 14-і күні іскер кездесуге кеткен жерінен із-түссіз жоғалып кеткен болатын.

Салтанат ӘЗІРБЕКОВА, Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі:
– Кәсіпкер тұтқыннан аман-есен босатылды. Жағдайы бірқалыпты. Қазір осы оқиғаға қатысты адам ұрлау фактісі бойынша қозғалған қылмыстық іс аясында тексеру жүріп жатыр. Кәсіпкерді ұрлауға қатысы бар тұлғалар анықталуда. Тергеу мүддесіне байланысты SM market дүкендер желісі иесінің ұрлануы жайлы өзге ақпараттар жария етілмейді.

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста