Жидебайға келуші туристерге жаңа мүмкіндік жасалды

Қазақтың Абайы дүниеге келген Жидебай ауылында туристерге арналып, жыл бойы жұмыс істейтін қонақ үй мен кафе ашылады. Бұл туралы ШҚО әкімі Даниал Ахметовтың Абай ауданына барған жұмыс сапары барысында мәлім болды, деп хабарлайды ШҚО Ақпараттық орталығы.

Биыл аталып өткелі отырған Хакімнің 170 жылдық мерейтойы қарсаңында Абай ауданындағы Жидебай ауылы, «Абай-Шәкәрім» мемориалдық кешені, Абайдың Жидебайдағы музей-үйі туристердің көптеп келетін орынына айналғалы отыр. Осы орайда, ауданда әлеуметтік нысандарды көріктендіру, ауданды абаттандыру бағытында үлкен жұмыстар атқарылмақ. Абай музей-үйінің жанындағы құрылысы аяқталмаған нысанмен танысқан аймақ басшысы мемлекет тарапынан құрылыс жұмыстарын аяқтауға қолдау көрсетілетінін мәлімдеді. Жауапты мердігердің айтуынша, құрылыс жұмыстарына 16 млн. теңге жетіспейді.
– Жазғы уақытта туристердің киіз үйде отырып демалуға мүмкіндігі мол. Бұл нысанды қысқы уақытта да демалушылар келетіндей етіп салған жөн. Ауылға жыл бойы жұмыс істейтін қонақ үй мен кафе ашылса туристер Ұлы Хакімнің туған жеріне жыл бойы келіп демала алады. Нысанның құрылысына қажетті қаражат бөлінетін болады», – деді облыс басшысы.

BAQ.KZ

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста