Жезқазғаның егде жастағы тұрғыны өлі мысықты велосипедке байлап сүйреген
Жезқазған тұрғыны велосипедке мысықты байлап, қала көшелерінде сүйреген. Ер адамның бұл әрекетін тұрғындар видеоға түсіріп алған. Желідегі резонанстан кейін ер адам ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
Видеода велосипед мінген ер адамның қаладағы көшес бойымен мысық сүйреп өтіп бара жатқаны түсірілген. Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 316-бабы «Жануарларға қатыгездікпен қарау» бойынша қылмыстық іс тіркелді.
«Іздестіру барысында бейнеге түскен ер адам анықталды. Ол 51 жастағы Жезқазған тұрғыны болып шықты. Оның айтуынша, бір тәулік бұрын бұл мысық өліп қалған, ал ер адам оны жерлеуге алып бара жатқан. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын анықтау бойынша тергеу шаралары жүргізілуде. Тиісті сараптамалар тағайындалды, олардың нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады», - деді
Еске сала кетейік, бұған дейін Қарағандыда балалар тоғызыншы қабаттан буаз мысықты тастап жіберген болатын. Куәгерлер зардап шеккен мысықты шұғыл ветеринарлық клиникаға жеткізген және ол аман қалды. Балалардың ата-анасы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
https://www.instagram.com/etozhez/?utm_source=ig_embed&ig_rid=180071a5-21d5-4f5f-bf10-b301d5932a36