Жез киік, біздің жақтан қайда кеттің?..

Жез киік, біздің жақтан қайда кеттің?..

Киікті қазақ қана емес, жер жүзіндегі көптеген халық кие тұтады. Алайда киесіне ие бола алатындар да бар, барынан айырылып қалып жатқандар да жеткілікті. Соның бірі біз екенбіз. Айталық, өткен ғасырдың елуінші жылдары қазақ даласында жортқан киік саны 5 миллионға жетіп жығылса, қазақ жеріндегі киік саны 18-20 жылдай бұрын 1 миллион 200 мың­ға түсіп кеткен. Ал қазір мамандар «қазақ жеріндегі киік саны 70 мыңды құраса жарар еді» деп қыпылықтап отыр...
Олардың пайымдауынша, Қазақстан аума­ғын­­дағы киік атаулы Үстірт, Бетпақдала және Еділ-Жайық таралымы (популяциясы) болып шарт­ты түрде үш топқа бөлінетін көрінеді. Ал ға­лымдар «ақбөкен атау­­­­­­­­­лы осыдан 14 мың жылдан астам уақыт бұрын пайда болған» деген мәліметті алға тартады. Содан бері оның басынан талай зауал өткені кәміл. Тіпті оның кейбір «заман­дас­тары» мен жасы кіші «бауыр­лары» жер бетінен біржола жойылып кеткені мәлім. Ал ол, құдайға шүкір, әлі келеді. Сөйте тұра оның бүгінгі ең басты жауы адам болып отыр.

Пікір
Владимир Кертиев, «Охотзоопром» РМҚК күзет қызметінің бастығы:
– Биыл бөкендерді заңсыз аулауға қатысты төрт де­рек тіркелді. Оның ішінде, Батыс Қазақстан об­лы­сында – бір, Қарағанды облысында – екі және Қызыл­орда об­лысында бір дерек. Соңғысы – осы Қызылорда об­лысында болған оқиға. Тапа-тал түсте дүкенде киік еті сатылып жатқаны естілісімен, «жалған» сатып алушы­ның көмегімен саудагер әйел ұсталды. Батыс Қазақстан облысында бір киік мүйізі табылды. Бірақ ол дерек бойынша қылмыстық іс қозғалған жоқ. Былтыр еліміз бойынша бөкен басы 61 мыңды құрады. Оның ішінде, Үстірт киігі – 10 400, Бетпақдала жануары – 32 300, Жайық алабы киігі – 18 300. Жыл сайынғы табиғи өсім – 15 пайыз деңгейінде. Биылғы санақтың қоры­тындысы әлі белгісіз. Айта кетейік, 2004 жылдан бері республикада киікті қорғау жақсы жолға қойылды. «Қызыл кітапқа» енгізіліп, айрықша қамқорлыққа алын­­ған жануардың бірі – жайран. Өкінішке қарай, оны ау­лайтындар да тыйылмай отыр. Биыл Маңғыстау об­лысында алты бірдей жайранды жайратып салған бра­коньер­лер ұсталды.

Александр Грачев, Білім және ғылым министрлігі Зоология институтының қызметкері:
– Батыс Қазақстан аумағында киіктің жалпы саны көбейгенімен, үйірдегі мүйізді аталық саны тым мар­дым­сыз. Біз бұған жақында қырға шығып келген сапа­ры­мыз­да және бір мәрте көз жеткіздік. Егер теке атаулы үйірдегі жалпы киік санының бір пайызынан кем болса, бұл – төл өсіміне кесірін тигізетін фактор. Яғни аталық ақ­бөкендердің үйір­ге түсу бәсекесі жойылып, «мықтыдан мықты туа­ды» деген табиғи сұрыптау қағи­дасы бұзылып барады.

Мәселен, екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Қазақстанда кең қанат жайған мал һәм егін шаруашылығына «қауіпті фак­тор» ретінде бағаланып, ақбөкен атау­лыны шаруашылық мақсатта атып-аулауға рұқ­сат берілгені мәлім. Сол кездері жылына 90 мың тонна киік еті өндірілген екен. Ал киік мүйізін экспорттаудан түскен қаржы жы­лына 3 миллион долларға жетіп жы­ғыл­ған көрінеді.
Киіктің мүйізі біраз қатерлі дертке дауа болатын дәрі-дәрмектің негізгі шикізаты екендігі – бүгіндері еңбектеген сәбиден ең­­кейген кәріге дейін белгілі жайт. Тап қа­зір Қытайда бір келі киік мүйізі – 100 дол­лар. Бұл – браконьер біткенді күндіз күл­кі­ден, түн­де ұйқыдан айыратын баға.
 Әгәрки ғалымдардың дерек-дәйегіне сенсек, негізінде, бір күйек кезеңінде бір теке әдетте 15-30 аналықтың «көңілінен» шығады. Әрине, бұл – үйір үшін тайталаста мықтылығын дәлелдеген аталықтың ғана қолынан келетін шаруа. Ал қазір киік үйірлерінде ондай табиғи бәсеке жоқ­тың қасы. Яғни аналықтар барға шүкіршілік қылады. Әдетте бұрын текелер ешкі-шыбыштарға иелік ету үшін майдан салса, бүгіндері ұрғашы киіктер аз-маз ата­лықтың назарын өзіне аудару үшін қы­рықпышақ болатын көрінеді.

Байтас Хайруллин, Батыс Қазақстан облыстық аумақтық аңшылық және орман шаруашылығы ин­спек­циясының мемлекеттік инспекторы:
– Халықтың тұрмыс-тір­шілігі­нің оңа­луы және табиғатқа жа­на­шырлық жө­нін­дегі жүйелі үгіт-насихат өз жемісін беріп, бра­коньер­лік сап тыйылмаса да, біраз сая­­­бырсыды. Соның бір айғағын мына бір мысалдан аңғаруға бо­ла­ды. 2003 жы­лы Орал өңірінің аума­ғында 6,5 мың жа­рым­дай киік көзге ша­лынып, санаққа ілік­се, был­тырғы күзгі санақта 18 200 ақбөкен бар­лығы анықталды.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста