Талдықорған маңындағы ҰҚҚКБ жедел уәкілдері мен Ұлттық ұлан арнайы күштерінің қызметкерлері арнайы операция жүргізіп, қару сатқандарды қолға түсірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Көксу ауданының 35 және 40 жастағы екі тұрғыны ұсталды. Олардан Калашников автоматы (АК-74), карабин және 5,45 мм калибрлі 30 патрон тәркіленді. Арнайы база бойынша тексеру кезінде қарудың қаңтар оқиғалары кезінде ұрланғандар қатарына кіргені анықталды.
«Сотқа дейінгі тергеп-тексеру ҚР ҚК-нің 287-бабы 4-бөлігі «Қаруды, оқ-дәрілерді заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру» бойынша жүргізіледі. Тергеу аясында қажетті сараптамалар тағайындалды», - деді Жетісу облысы ПД-ның ресми өкілі Меруерт Морякова.