Жеті жасар Динара үш бауырын өрттен құтқарды

Қызылорда қаласының жеті жасар тұрғыны Динара Оңдасынның ерлігі елдің аузында жүр. Әлі оңы мен солын жете тани қоймаған балғын қыз қайсарлығымен үйді шарпыған жалын құшағынан үш бауырын алып шықты.
Олардың отбасысы Қызылорда қала­сындағы «Сабалақ» саяжайында тұрады. Сол күні аталмыш шаңырақтың әкесі мен шешесі бір жерге шығып кеткен еді. Үйде үйелмелі-сүйелмелі төрт қыз қалды. Бала жүрген жерде шалағайлықтың болатыны белгілі. Ойламаған жерден өрт жалыны бұрқ ете қалғанда, кішкентай балалар абды­рап қалды. Үйдегі естияры 11 жастағы Майра еді. Дегенмен үйді құшағына көміп алған жалыннан ол да не істерін білмеді. Осы сәтте жеті жастағы Динара терезені сындырып, бауырларын өрттен құтқарудың амалын жасады. Алдымен бес жастағы Жасминді сыртқа шығарды. Одан кейін өзінен үлкен Майраны аман алып қалудың амалын іздеді. Соңғы сәтте үш жарым ай­лық Айсананы көтеріп, сыртта тұрған Май­раның қолына ұстатты. Ең соңында өзі дала­ға шығып үлгерді.
Қыстың көзі қырауда осындай ерлік жасаған Динара қаладағы №176 мектептің 2-сыныбында оқиды. Жерлестері қайсар қыздың ерлігін айтып жүр.
Апалы-сіңлілі қыздар қазір облыстық медициналық орталықта ем алып жатыр. Дәрігерлер олардың денсаулықтары қалыпты екенін айтады.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста