Жемқорлықтың салдарымен емес, себебімен күресу керек

Мансұр ХАМИТ (фото)

Кешегі Сенат отырысында Жоғары палата өкілдері шапшаң заң қабылдаудың ерекше үлгісін көрсетті. Күн тәртібі бойынша 18 құжатты қараған Сенат, оның бірсыпырасын Мәжіліске кері қайтарды, енді біразын екі оқылымда талқылап, қабылдады. Қабылданған құжаттың басым бөлігі елдегі құқық пен сот жүйесінің реформаларына қатысты болса, енді бір парасы Елбасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестегі жүктеген тапсырмасын орындауға бағытталып отыр.
Әуелі сыбайлас жемқорлыққа қатысты заңнан бас­тайық. Мемлекеттік қызмет жүйесіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің пәрменділігін арт­ты­руға бағытталған заңды қабылдау негізінен елі­міз­дің өзіне алған халықаралық міндетті орындауынан туындайды. Өйткені Қазақстан 2008 жылы БҰҰ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясына қо­сылған. Оған сәйкес, әрбір мемлекет мүдделер қа­рама-қайшылығының алдын алуы шарт. Бұл үшін ла­уазымды тұлғаларға, яғни қандай да бір шенеу­нікке қызметтен босатылғанынан кейін заңды шектеу­лер қарастырылады. Халықаралық кон­вен­цияның мақсаты – бағытын көрсету ғана. Қалғаны біз­дің ұлттық заңнамамызда көрініс тапқан. Әйтсе де конвенцияны алға тартып, Елбасы тапсырмасын бағдарға алған Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттік «мүдделер қақтығысын болғызбауға» барын салып баққанға ұқсайды. Мәселен, мемлекеттік қызметші қызметтен босатылғаннан кейін бір жыл ішінде бұрын өзінің міндеттерін атқару бары­сын­­да тікелей бақылауында болған немесе құ­зы­ретіне сәйкес тікелей байланысты болған ком­мер­ция­лық ұйымдарға ауысуына тыйым салу қа­растырылады. Қарапайым тілмен айтсақ, бұл – егер сіз Көлік министрлігінде қызметте істесеңіз, қыз­меттен босаған соң, көлік саласындағы компанияға жұмысқа тұра алмайсыз деген сөз, бір жыл бойы. Сондай-ақ мұндай шектеулерді мемлекеттік ұйым­дар­да және мемлекеттік үлесі бар ұйымдарда бас­қару функцияларын орындайтын адамдарға да қол­дану қамтылып отыр. Негізгі жаңалық – осы.
«Командашылдыққа» тосқауыл
Дегенмен қоғам арасына сыналап енген «індетпен» кү­рес­ке келгенде, сенаторларға бұл ша­ра­ның салмағы аздау кө­рінген тә­різ­ді. Бұдан бұрын М­ә­жі­лістегі талқыда Тө­менгі палата депутатта­ры «ко­ман­да­лық жемқорлық» деген құ­бы­лыс­қа қат­ты шүйліккен еді. «Бармақ басты, көз қыс­т­ы» дертінің мұндай түрінен сенаторлар да айналып өте алмады. «Министрлікте, облыста басшы ауысса, әкімшілік қыз­­меткерлері де бірге «қотарылады». Ал заң бойынша, оларға басшылық өз­ге­­р­ісі еш әсер етпеуі керек. Бұл – нағыз жем­­қор­лық көрінісі. Алайда Мемлекеттік қызмет іс­тері жөніндегі агенттік бұған қа­тысты пі­­кірін білдірмей келеді ғой», – дей­ді сенатор Болат Жылқышиев аталған агент­тік төр­ағасының орынбасары Әли Кө­­мек­баевқа қаратып тастаған сауалында. Расында, сенатордың көтерген «құ­бы­лысы» қанға сіңгелі қашан! Саяси басшы ауыс­са, әкімшілік қызметкер өзі-ақ кетеді. Бі­рі бұрынғы басшының «шашбауымен» кетсе, енді бірі лажсыз «орын суытады». Қоғам арасында дәстүрге айналған осы құбылысқа агенттік енді ғана көңіл бөліп жатқанға ұқсайды. Сөйте тұра, «әлгіндей қызметтен кетуге мәжбүр болғандар арыз жазса, оларды қорғауға әзірміз» дегеннен аспады агенттік өкілі.
Десе де, халықаралық конвенцияға сү­йеніп заң қабылдаған сенаторлар сол ха­лықаралық тәжірибеге де көбірек кө­ңіл аудару қажеттігін алға тартады. Оның ішінде де жаңағы «командалық жем­­қорлықты» жоюға қатысты тәуір тә­жі­ри­бе­лер тарта берсе жеткілікті екен. Мә­се­лен, сенатор Әділ Ахметов Ұлы­бри­та­­нияның мемлекеттік қызмет туралы үр­ді­сін Қазақстанға енгізсе деген тілегін білдірді. «Британия парламентінің жоғарғы па­латасындағы лорд сэр Джон Кэр дейтін азамат сол елдің сыртқы істер министрінің орынбасары болып 17 жыл жұмыс істеді. Оны ешкім тағайындаған жоқ, бұл заң жү­зінде бекітілген. Өйткені министрлер – саяси фигуралар, келіп-кетеді, бірақ мұн­дай министрдің тұрақты орынбасары­на ешкім тиісе алмайды. Бірізділік бар, ал біздің тәжірибемізге салсақ, басқасын айт­­пағанда, орталық билік арасында жөң­кіліп жатқан кейбір хат-хабарды жаңа орныққан «командаластардың» бірі де бі­ле бермейді», – деген сенатор осындай игі үрдісті сіңіру қажеттігін айтты.
Жемқорлық сенаторлардың да қабырғасына батты
Ал сенатор Қуаныш Айтаханов жем­қор­лық «індетімен» күресте оның салдары­мен емес, себебіне үңілу қажеттігіне назар ау­дарады. «Оңтүстік Қазақстан мен Жамбыл облысында былтыр мектептердегі бухгалтерияны жауып, оны орталықтандырып еді, – дейді депутат мысалды алға тартып. – Сыбайлас жемқорлық саны еселеп азайды. Ал қызметкерлерді «командалық» қа­ғидат бойынша іріктеу – мемлекеттік қызметкердің «өз болашағына өзі сен­беу синдромын» тудырады. Оның бо­йын­­­да өзін уақытша қызметкер ретінде се­­зіну түйсігі қалыптасады. Бұл оны сы­бай­ластыққа итермелейді». Мемлекеттік қыз­меттегі жемқорлыққа қарсы тағы бір тәжірибе Қытайдан шықты. Депутат Серік Ақылбай Қытайдың үлгісіне көз жүгіртеді. «Сыбайластықты жою үшін ең алдымен мемлекеттік қызметкердің мәртебесін арттыру керек. Біріншіден, олар «командалық жем­қорлыққа» жұтылып кетпей, тұрақты болуы шарт. Уақытша келген адам «істеген жерден тістеп қалу» психологиясына шалдығады. Екіншіден, бізде қызметінен ауыс­қан адам ештеңе жоғалтпайды. Бір орыннан кетсе, басқаға барады. Қы­тай тәжірибесіне салсақ, мемлекеттік қыз­мет­те адал еңбек сіңіргендер «кіршіксіз» жұ­мысымен зейнетке шықса, сол кездегі жалақысы сақталады әрі одан кейін бұ­рын­ғы баспанасы бірден жекешеленеді», – дейді С.Ақылбай мырза. Оның айтуын­ша, қытайлық қызметкер мемлекет ал­дын­дағы адал жұмысы үшін келешекте ие­ленетін дүниесін де, «абайсыз» әрекетке барса, жоғалтатын дүниесін де біледі. «Ал біздің қызметкерлер ештеңеден айырылмайды, сондықтан жұмысында «құн» да жоқ», – деді ол.
Әрине, әлемнің озық үлгілері мұнымен біт­песі анық. Тіпті кешегі «бір шекпеннен шық­қан» Грузияны мысалға тартқандар да болды. Алайда ондай тәжірибені жүргізу енді басқа заңға қатысты болатыны анық.
Дегенмен соқпай кетуге болмас тағы бір мәселе, сыбайлас жемқорлыққа қар­сы күрес жарияланғалы біршама уақыт өткен секілді. Осы үрдіс барысында керемет заңдар қабылданды. Сыбайлас жем­қорлық жасағаны үшін жазалар да қатайтылды. Алайда сең қозғалып, мұз жібігенін қоғам соншалықты сезініп отыр­ған жоқ. Баз біреулер үшін «баяғы жар­тас – бір жартас». Қазір қарапайым жұрттың өзі «бармақ басты, көз қысты» құбылысында ауға түскендерден «кімнің шортан, кімнің шабақ» екендігін айырып бере алатын дәрежеде. Ендеше қоғам көптеген пікірді емес, күрделі өзгерістерді күтуде. Бұл тұрғыдан кеше қабылданған заң да соның бір қадамы болса игі.
   Мансұр ХАМИТ (фото)
Шетелдік БАҚ қызметін реттеу қолға алынады...
Парламент екі оқылымда талқылап, қабылдаған, қоғам үшін маңызы зор және бір заң елдегі байланыс мәселелеріне қатысты болып отыр. Құжатқа Мәжіліс депутаттары бастамашылық жасаған. Мұн­дағы басты ескерілген мәселе, депутаттар Қазақстандағы телерадио бағ­дар­ла­маларын таратудың жағдайына алаң­дау­шылық білдіріп, ондай олқылықты заң шеңберінде жүзеге асыруға ұмтылып отыр. «Қазір «Хабар» мен «Қазақстан» ар­налары ғана халықтың 95 пайызын қамтиды. Халықтың басым бөлігі шетелдік хабарларды қабылдайтын жерсеріктік жүйелерге ұмтылып отыр. Бұл ретте шетелдік 452 телерадио арналары 152 кабельдік және алты жерсеріктік операторды пайдаланып, жұрт арасында өз саясатын насихаттап келеді. Соның салдарынан еліміздің солтүстігі – ресейлік, оңтүстігі – өзбек, батысы – түрікмен, шы­ғысы қытай телеарналарын көруге мәжбүр. Сондықтан бұл заң ел халқының телеарналардың ұқсас форматында тегін сапалы теледабылды алу бойынша кон­ституциялық құқықтарын қамтамасыз етуге және отандық ақпараттық кеңістікті қорғауға ықпал етеді», – дейді Сенат алдында баяндама жасаған Мәжіліс депу­таты Майра Айсина. Әйтсе де депутаттар ұсынған заң ақпараттық кеңістікті қорғау мәселесін толық шеше алмасы айқын. Тіпті бұл шетелдің «ақпараттық бас­қын­шы­лығының» бетін қайтармақ тү­гіл, оған қарсы әсер ете алмасы анық. Мұ­ны байла­ныс және ақпарат ми­нистрі­нің өзі де мойындайтын тәрізді. «Қазақстанның ұлт­тық ақпараттық кеңістігі туралы айтатын болсақ, онда біздің отандық теле­ар­наларымыздың саны ондай кеңістікті қа­лыптастыру үшін мүлдем жеткіліксіз, бар-жоғы – 52 ғана. Ал керісінше, шетелдік арналар саны 220-дан асып түседі. Бұдан бөлек шалғайдағы ауылдар қазіргі таңда хабар-ошарды негізінен отандық БАҚ-тан емес, шекара маңы мемлекеттерінен алып отыр. Шындығын айту ке­рек, ондай түкпірдегі ауыл азаматтары бүгінгі мемлекеттің тыныс-тіршілігінен, ұстанған бағытынан, стратегиялық дамуы­нан мүлдем бейхабар», – деді А.Жұ­ма­ғалиев. Ал жаңағы мәжілісмендер бастама жасаған заң сондай олқылықтың орнын жоюға бағытталады. Бірақ әлгіндей сырт­тан ағылған ақпараттық «нөпірді» ауыз­дықтауды бұл заң да шешпейтіні анық. Есесіне Байланыс және ақпарат ми­нистрлігі шетелдік БАҚ қызметін реттеуді қолға алып жатқанын алға тартады. «Біз жақында «Телерадиохабар тарату туралы» заң жобасын Парламентке ұсынбақшымыз. Онда елімізде таралатын шетелдік һәм отандық БАҚ қызметі реттелетін болады. Жалпы айтсақ, қазіргі таңда қазақстандық БАҚ-қа қатысты олардың қызметі заң шеңберінде толық қамтылып отырса, шетелдіктер үшін ешқандай ереже де, тәртіп те жоқ. Осыны ескеретін боламыз», – деді министр. Баяғыдан ескерілетін дүниенің енді шынымен қолға алынатынына депутаттар да дән ризалық білдірді. Әйтсе де жас министрліктің жаңа басшысына жиынға жетекшілік етіп отырған Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев тағы бәр нәрсені есте сақтауды ескертті. «Жалғыз тілек. Министрлік жас қой, дегенмен біз әлгі хабарлардың «кон­тентімен», яғни мазмұнымен кө­бі­­рек жұмыс істегеніміз ләзім. Жасыраты­ны жоқ, көпшілік көрермен ресейлік телеарнаға ауысып жатады. Ал біздікілер көп жағдайда «көшіргенге» әуес. «Кө­шіріндінің» қашанда түпнұсқадан әл­деқайд-а-а нашар болатынын ескеру керек», – деді Қ.Тоқаев.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста