Желідегі видео қызылордалық шендіні қызметтен кетірді

29 мамырда Қызылорда облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен өткен мәжілісте азық-түлік ысырабына жол берген корпорацияның жұмысына тиісті баға берілді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Айта кетсек, 26 мамырда әлеуметтік желіде қоқыс полигонына төгілген жарамсыз көкөніс қалдықтары туралы бейнежазба тарады. "Байқоңыр әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" акционерлік қоғамы қалдықтар 25 мамыр күні жойылғанын растаған болатын. Мұны "азық-түлік сақталғанда өз салмағын жоғалтады, ол табиғи өзін-өзі жоғалту деп есептеледі" деп түсіндірді.

 

Аймақ басшысы бұл корпорация басшысының қателігі екенін, ысыраптың алдын алуға болатынын айтты.

 

"Самат Нұрахметұлы, шынында, бұл әрекет тұрғындардың ашу-ызасын туғызды. Мәселенің бұрыннан бар екенін біле тұра, мамандарыңызбен бірге қоймадағы өнімдерді басқа мақсатқа пайдалану жолдарын қарастыру керек еді. Бұл жұмыс та жасалмаған. 126 тонна өнім жарамсыз болғанша шірігенін күтіп, оны пайдаға асырудың балама жолдарын іздемегенсіздер. Бұл сіздің басшы ретінде жұмысты тиісті деңгейде үйлестіре алмағандығыңызды көрсетеді. Елге жанашырлық таныта алмайтын адамдарға біздің арамызда орын жоқ", – деді Нұрлыбек Машбекұлы.

 

Сурет: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 

Осы жағдайдан кейін "Байқоңыр" ӘКК" АҚ басқарма төрағасы Самат Ерниязов қызметінен босатылып, облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Талғат Дүйсебаевқа қатаң сөгіс жарияланды.

 

"Биылғы жылы көкөніс алдыңғы жылға қарағанда 3 есе артық сатып алынғанымен (1547,1 тонн), жою көрсеткіші 3 есе аз, яғни 9,2%-ды құрап отыр. Ол алынған өнімнің сапасын қадаланғанның талапқа сәйкес сақталғанының нәтижесі", - деді Талғат Дүйсебаев.

Аталған оқиға бойынша арнайы комиссия құрылып, мән-жайы мұқият тексерілмек. Алдағы уақытта мұндай жағдай қайталанбас үшін тиісті ұсыныстар әзірленуі керек.

 

Айта кетейік, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес азық-түлік тауарларының тізбесіне әлеуметтік маңызы бар 19 түрлі тауар енгізілген. 2023 жылғы күзгі өнімнен 3 453,3 тонна ауыл шаруашылығы өнімдерін алдын ала ақы төлеу шартымен форвардтық сатып алу көлемі белгіленіп, тұрақтандыру қорын толықтыруға 901,6 млн теңге бағытталды.

 

Сурет: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста