Биыл мектеп бітірген жас түлек сыныптасының шенеунік анасының арқасында алтын белгі алғанын айтып, шағым түсірді. Түлектің шағымы тексеріліп, ақырында айыпталушы алтын белгісін қайтарып берді, ал оның анасы жұмыстан қуылды.Бұл туралы Lenta.ru жазды.
Оқиға Ресейге қарасты Адыгея республикасында болған.
Қызы алтын белгі алған шенеунің Тахтамукай аудандық білім басқармасының басшысы қызметін атқарған.
Тексеру барысында әйелдің «Жемқорлыққа қарсы күрес» заңын бұзғаны анықталды. Яғни, тестілеу барысында ол өз қызы сынақ тапсырып жатқан жерде ұйымдастырушы ретінде жүрмеу керек болатын. Дегенмен, видео-мұрағаттан байқалғандай, ЕГЭ-нің өткізілуінде ешқандай шикілік байқалмаған.
Ал экс-шенеуніктің қызы алтын белгісін өз еркімен қайтарған. Бұдан бөлек, мұндай жағдайға жол берген мектеп директоры сөгіс алған.