Алматы қаласынан 258 шақырым жерде 4,6 балдық жер сілкінісі тіркелді. Қаза болғандар жоқ. Жақында ғана тағы бір күшті зілзала Алматы облысында тіркелген болатын.
Кеше күндізгі сағат 13.26-да Алматы облысының Жаркент қаласына жақын маңда жер сілкінді. «Оңтүстік астанамыздың солтүстік-шығысында, қаладан – 258, Жаркент қаласынан 18 шақырым қашықтықта болған жер сілкінісінің магнитудасы 4,6 балл» деп хабарлайды Қазақстанның ұлттық мәліметтер орталығының (ҚҰМО) баспасөз қызметі.
Орталықтың мәліметтеріне сәйкес, зілзала кіндігінің координаттары: 44.47 градус солтүстік ендік және 79.67 градус шығыс бойлық, магнитудасы mpv=4.1, энергетикалық класы K=10. ҚР Сейсмология институты мамандарының айтуынша, қираулар мен қаза болғандар туралы ақпараттар түскен жоқ. Айта кетейік, мамырдың 30-ынан 31-іне қараған түні, сағат 03.20-да тағы да Алматы облысында жер дүмпуі байқалған еді. Зілзала ошағының Алматы қаласынан шығысқа қарай шамамен 148 шақырым қашықтықта тіркелгенін АҚШ-тағы әлемдік геологиялық мониторинг (USGS) қызметі хабарлаған болатын. Жер сілкінісі Райымбек ауданындағы Кеген елді мекені маңайында 5,7 магнитуда көрсеткішін құраған болатын.
Жаркентте жер сілкінді
Последние статьи автора