Шығыс Қазақстан облысына қарасты Шемонаиха қаласында жанармай құю бекетінде газ жарылыс болып, екі адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, оқиға бүгін, яғни 22 маусымда қалада,ы Украинская көшесінде орналасқан газ баллондарына жанармай құю станциясында болған.
«Жарылыс салдарынан өрт шықты. Өрт салдарынан 5 бірлік техника жойылды. Сағат 14:44-те өрт оқшауланды. Термиялық күйік алған 2 адам ауруханаға жеткізілді», - делінген шұғыл хабарлаимада.
Өрттен тұрғын үйлер мен орман қорына қауіп төнген жоқ.
Өрт ошағын сөндіруге 5 өрт сөндіру автокөлігі және 12 адам жұмылдырылды.