Жаңбыр мен қар: Нұр-Сұлтан мен Алматыда ауа райы қандай болады?
Қазгидрометтің синоптиктері 5-7 қазан күндері Астана, Алматы және Шымкент қалаларындағы ауа райы болжамын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
5 қазанда Нұр-Сұлтанда көшпелі бұлт шығып, жауын-шашын жауады. Түнде және таңертең көктайғақ болады. Солтүстік жел секундына 9-14 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде 1-3 градус, күндіз 0-2 градус жылы.
6 қазанда елордада көшпелі бұлт шығып, түнде қар жауып, тұман түседі. Солтүстік жел секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде-3-5 градус аяз, күндіз 2-4 градус жылы болады.
7 қазанда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Батыстан секундына 5-10 метр жел соғады. Ауа температурасы түнде 5-7 градус аяз, күндіз 4-6 градус жылы.
Алматыда 5 қазанда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын болмайды. Жел секундына 0-5 метр. Ауа температурасы түнде 3-5, күндіз 13-15 градус жылы болады.
6 қазанда көшпелі бұлт шығып, жауын-шашын жауады, түнде қатты жаңбыр жауып арты қарға ұласады. Солтүстік-шығыстан секундына 5-10 метр жел соғады. Ауа температурасы түнде 0-2, күндіз 4-6 градус жылы болады.
7 қазанда бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел секундына 2-7 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде 2-4 градус аяз, күндіз 2-4 градус жылы.
Шымкентте 5 қазанда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз болады. Солтүстік-шығыстан секундына 8-13 жел соғады. Ауа температурасы түнде 4-6, күндіз 18-20 градус жылы болады.
6-7 қазанда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан секундына 8-13 метр жел соғады. Ауа температурасы түнде 2-4, күндіз 12-14 жылы болады.