Жанармай ұрлаймын деп жазаға кесілді

Тиыннан теңге құрастырып, оңай олжаға кенелуді көздегендер мұнай ұрлауға көшіпті. Ордабасы ауданына қарасты Шұбарсу ауылының тұрғындары Шымкент-Павлодар мұнай құбырын сауын сиырға айналдырмақ болыпты.

Ұрланған мұнай өнімдерін алысқа бармай-ақ, жақын маңдағы жанар-жағар май құю стансысына құюға келіскен. Жасырын бизнестері өркендеп кетер ме еді, алайда оңай жолды көздегендердің жолы кесілді. Тәртіп сақшылары мен Semser Sekurity күзет қызметкерлері бірлесіп жүргізген операция барысында ұрыларды қолға түсірді. Олар стансыға енді ғана келіп, ұрланған майды құйып жатқан кезде ұсталды. 40 текше метр болатын қара майдың құны 960 мың теңгені құрайды. ОҚО Ішкі істер департаментінің берген мәліметі бойынша, ұрылардың тобы алты адамнан тұрады. Олардың бірі 32 жастағы Тараз қаласының тұрғыны болып шықты. Қалғандары – оңтүстікқазақстандықтар. Оларға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бір таңғаларлығы, Ордабасы ауданында мұнай өнімдерін ұрлау қалыпты жағдайға айналып кеткендей. Мұндай жағдай жылда қайталанады. Қолға түскендер қатал жазаға кесіліп жатса да, оңай олжаға батып қаламыз деп қызыққандардың қатары сиремей отыр.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста