Жаңаөзенде ер адам қарызға ақша беремін деп 3 жылға бас бостандығынан айырылды

Жетімді жебеймін деп жазаланды. 3 жылға бас бостандығынан айырылған Жаңаөзен қалалық пробация бөлімінің, бұрынғы бастығының жақындары осылай деп арнамызға шағымданды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Астана" арнасына сілтеме жасап.

Айтуларынша, қоғамдық жұмысқа тартылған азаматқа қарыз беріп, оны қайтарып алған Ғабит Кузамов "пара алды" деп темір торға қамалған. "Жала жапты", "әділдік керек" деген ет жақындары елордадаға арнайы келіп,  Жоғары сотқа арызданды. 

Экс-бастықтан қарыз алған Ержан Сақтағанов былтыр 80 сағаттық қоғамдық жұмысқа тартылған. Ол жазасын еңбекпен өтеп жүріп, Жаңаөзен қалалық пробация бөлімінің бастығы болған Ғабит Кузамовтан қарызға 40 мың теңге алған. Жетім жігіт "ақшаны жалақымнан қайтарам" деп қолхат жазып беріпті. Келісімге сай ол берешегін екі бөліп төлепті. Бірақ құқық қорғау органдары Ғабит Кузамовты 40 мың теңгені пара ретінде алды деп ұстап, сот 3 жылға бас бостандығынан айырған.  

"40 мың теңге взятка екі бөліп ешқашан да, ешкім де алмайды біріншіден. 25 мың теңге айдың басында, 15 мың теңге айдың ортасында. Егер взятка болған жағдайда 40 мың теңгені ешкім де каспи голдына аудартпас еді. 70-80 процент доказательствамыз бола тұра Жаңаөзен қаласының соты ескермей, 3 жыл шешім шығарып жіберді", – дейді сотталушының ағасы Ғани Кузамов.

Соттың шешіміне қарыз алушы Ержан Сақтағановтың арызы себеп болған. Ол өзіне полицейлер қысым көрсетіп, арызды күштеп жаздырды деп отыр. Тіпті қалған 15 мың теңгені беріп, Ғабит Кузамовқа жіберткізген де қауіпсіздік қызметкерлері дейді. Жаңаөзен қалалық сотында жалған айғақ бергенін айтуға тырысқанымен, сот сөзін тыңдамағанын айтады. Тіпті аппелицияда облыстық сот та құлақ түрмеген.  

"15 сәуір күні сотрудниктер келіп, қорқытып арыз жазғызып алды Кузамовтың үстінен. Яғни берген қарызымды пара ретінде. Адвокатымнан да бас тартып, өзім жауап беруге қол қойдыртып алды", – дейді қарыз алушы Ержан Сақтағанов.

Ержанның айтуынша, сот шешімі шыққанша құқық қорғаушылар оны жалдамалы пәтерде қамап ұстаған. Ешкіммен жолықтырмай, сотта алдын ала жазып берген текст бойынша сөйлеуді бұйырыпты. Сотталушының ағасы Ғани Кузамов Ержан Сақтағановқа да адвокат жалдап, шындықты дәлелдеуге тырысып жүр. Алайда тергеу ісіне кедергі келтірдің деп оның да үстінен іс қозғалыпты. 

"Бұл іс біржақты қаралды. Кез келген қылмыстық істе сот күмәнді әрі түсініксіз жайттардың бәрін жойып барып, шешім шығаруы тиіс. Ал мына істің шикілігі – сот екі азаматтың арасында  қарыз беру-алу келісімшартының болғанын қолхатқа қарап растай отыра, Кузамовты пара алды деп айыптауы. Бұл нағыз – заң казусы", – дейді адвокат Ераман Өтешов.

Ғани Кузамов бауырының жетімді жебеймін деп жазықсыз жаза арқалағанына күйінеді. Шындық үшін шарқ ұрып жүрген жаңаөзендік азамат енді тек Жоғарғы соттан әділдік табатынына сенімді.  
 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста