Жаңа жыл жайлы 10 қызықты дерек

Жаңа жыл жайлы 10 қызықты дерек

Жаңа жылды біз ес білгелі мерекелеп келе жатырмыз. Сондықтан, бұл мереке жайлы бәрін білемін деп ойлауыңыз мүмкін. Алайда, Жаңа жыл жайлы қызықты деректер бар. BNews.kz агенттігі назарларыңызға ұсынып отырған бұл фактілер сізді де таңғалдырары сөзсіз.

1. Шыршаны безендіру салты XVII ғасырда басталған. Тарихшылардың айтуынша, ең алғаш рет шырша сол кезде Германияның бір бөлігі болған Эльзаста безендіріліпті. Түрлі-түсті қағаздан жасалған раушан гүлдер, алма, қант бөліктері мен жылтыр қағаздар шыршаны әсемдеу құралы болған.

2. Бүгінде жаңа жылдық шыршаның шыны ойыншықтары әрқайсымызға жақсы таныс. Әлемдегі ең алғашқы шыны ойыншық XVI ғасырда Саксонияда жасалыпты. Ал дәл осы ойыншықты жаппай өндіру ХІХ ғасырда ғана қарқын ала бастаған.

3. Түрлі-түсті кішкентай шамдардан тұратын электрлі гирляндімен ең алғаш рет 1895 жылы АҚШ-тағы Ақ үй жанындағы шырша безендірілген.

4. Ежелгі Римде Жаңа жылды наурыз айында қарсы алған. Себебі, дәл осы уақытта алғашқы егін жұмыстары басталатын болған. Алайда, б.з.д. 46 жылы Юлий Цезарь жыл басын 1 қаңтарға ауыстырып, нәтижесінде «Юлий күнтізбесі» бүкіл Еуропаға таралды.

5. Ал эскимостер Жаңа жылды алғашқы қар жауған күні қарсы алады.

6. Кубада Жаңа жылда барлық ыдыстарға су толтырылып, Жаңа жыл түнінде оны далаға төгеді. Бұл бар күнә жуып-шайылсын деген наныммен жасалатын дәстүр. Кубада Жаңа жыл Патшалар күні деп аталады.

7. Тибетте Жаңа жыл күні жергілікті халық бәліш пісіріп, оны өткен-кеткен азаматтарға таратады. Мұнда Жаңа жылда келетін табыс пен молшылық таратылған бәліш санына байланысты болады деген сенім қалыптасқан.

8. 1843 жылы Лондонда ең алғашқы жаңа жылдық құттықтау хат дайындалған. Сол уақыттан бері тек Жаңа жылда ғана емес, әр мерекеде арнайы безендірілген құттықтау хат арқылы ізгі тілек жолдау дәстүрі қоғамға сіңіп кетті.

9. Ресейдің Зейнетақы қоры Аяз Атаға «Ертегілік еңбек ардагері» деген атақ берген.

10. Оңтүстік Кореяда Жаңа жылдық сыйлыққа қосымша ретінде балаларға міндетті түрде тиын-тебен беру дәстүрі бар.
 bnews.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста