Жаңа заң полиция мінезін жұмсарта ала ма?

Жаңа заң полиция мінезін жұмсарта ала ма?

Халықтың сенімін өзіне қаратпаққа, сөйтіп, қазақстандық полицейлердің абыройын қайтармаққа әрекет етіп жатқан ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов кеше Мәжіліске келіп және бір заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдатты. Осыдан 17 жыл бұрын қабылданған «Ішкі істер органдары туралы» Заңының орнын басатын жаңа құжат Қазақстан полициясының «мінезін», «жүріс-тұрысын» жұмсарта ала ма? Көкейде көп сұрақ... Дегенмен реформада ілгерілеу діттеледі.
Қоғам дамуының сұранысына оның құқықтық ке­ңіс­тігі де ілесуі шарт. Осы тұрғыдан алғанда қазақ­стан­дық қо­ғамның демократиялануы, еліміздегі заңды тұл­ға­лар­дың құқықтары мен мүдделерінің алдыңғы қатарға шығуы ішкі істер органдарынан да жұмыстың жаңа әрі сапалы деңгейін сұрайтыны айқын. Ал бұған осыдан 17 жыл бұрын қабылданған заң еш ырық бермесін заңгер мамандар әйгілепті. Сондықтан да министр Қалмұханбет Қасымов ұсынған заң жобасының басты новелласы – полицияның қоғамдағы рөлi мен мәртебесiн өзгерту.
Тоғыз тараудан тұратын жаңа заң жобасында тұңғыш рет iшкi iстер органдарының мiндеттерi біршама өзгерiске ұшырайды. Айталық, олардың қызметінде азаматтарды қорғау, оның өмiрiн, құқығы мен бостандығын қам­та­масыз ету, сонымен қатар қоғам мен мемлекеттiң заңды мүд­делерiн қорғау мәселесi бiрiншi орынға шығарылып отыр. Осындай қадамның арқасында Ішкі істер министр­лігі мен өңірлік департаменттер жанынан қо­ғам­дық ке­ңес­тердің құрылуына толық жол ашылады. «Жаңа құ­жаттың бір парасы құқық қорғау органдарының жұ­мы­сында ұдайы қаперде болатын арнайы қағидаттарды қам­тиды. Бұлар – адамның және азаматтың құқығын сақтау және сыйлау, ашықтық һәм жариялылық, аза­маттық қоғам институттарымен, бұқаралық ақпарат құ­рал­дарымен және ішкі істер органдарының бірегей жү­йесінде өзара іс-қимылда болу», – дейді министр Қал­мұханбет Қасымов. Оның айтуына қарағанда, дәл осы қызметтік қағидаттар аясында ішкі істер ор­ган­дарының қызметкерлері қаһарлы кейпінен айырылып, жұмсара түспекші. Мәселен, бұрынғы милиция, Тәуел­сіз­діктен бері полиция атанғандар енді тұлғаларды куәлі­к ету­ге мәжбүрлей алмайды, оларға күш қолдануға және құ­қыққа қайшы басқа да әрекеттерге тікелей тыйым са­латын норма қамтылып отыр. Бір сөзбен айтқанда, по­лиция жұмсарады. «Бір жағынан қарағанда, бұл шы­нында да қарапайым, баршамыз үшін ұғынықты қағидат болуы керек еді. Алайда дәл осы мәселелер бұған дейінгі қолданыстағы заңнамада еш жазылған емес», – дейді еліміздің бас полицейі.
Тоқтала кететін жайт, заң жобасымен қам­тылған қайсыбір мәселелер бұған де­йін де қоғамның кең талқысынан түспеген еді. Соның бірі – полицейлердің атыс қа­руын қолдану мәселесі. Бұған байланысты, ми­нистр Қалмұханбет Қасымовтың тү­сін­ді­руінше, қолданыстағы заңнамада по­лицейлер тарапының қару қолдану тәр­тіп­тері нақты әрі жан-жақты айқындалған, алай­да онда негізгі мәселе тек полиция қыз­меткерлерінің қару қолданудағы құ­қықтары жайында ғана болып, ондағы қа­ру қолдану мүмкіндігіне орай жасалатын ес­керту жасау жөніндегі міндеттемелері қа­лыс қалған. «Сөйтіп, жаңа редакцияда қару қолдану мүмкіндігі туралы ескертудің міндеттемелері жазылып отыр. Түптеп кел­генде, біз ұсынған норма қару қол­дануға бо­ларлық негіздерді кеңейтпейді, ке­рісінше, қызметкерлердің оны қолданбас бұ­рын ескерту жасауын міндеттейді. Бұл ха­лықаралық талаптарға жат емес», – деп түйіндейді министр Қасымов.
Бұдан бөлек, Ішкі істер министрлігі құ­қық қорғау органдары қызметкерлерінің әлеу­меттік мәселелерін жеке тараумен дәл осы су жаңа заң аясында жіктеуге тырысқан екен. Алайда министрдің сөзінен түсін­ге­німіз, заң жобалау барысында әлеуметтік мә­селелерді жеке тарау етуге атқарушы би­ліктегі кейбір министрліктер қарсылық біл­діріп, кесірлерін тигізіпті. Соның сал­да­рынан құқық қорғау органы қызмет­кер­ле­рінің әлеуметтік топтамалары тарығып, ми­нистр ұсынған заң жобасында соның бірлі-жарымы қалған. Сөйтіп, ведом­ство­ара­лық келісулерден кейін құқық қорғау органының қызметкерлеріне бұйырған әлеуметтік жеңілдіктерден қалғаны мы­на­лар ғана: мемлекеттік наградасы бар қыз­мет­керлерге жәрдемақыны арттыру; қыз­меттік міндеттемелерін орындау ба­­­ры­­сында қаза болған немесе мүгедек бол­­­ған қызметкерлердің балаларына мек­теп­ке дейінгі және жалпы білім беру меке­ме­леріне кезектен тыс орын беру.
Орган қызметкерлерінің дәл осындай әлеу­­меттік қолдаудан жұрдай болғанына бі­раз депутат назаланған болатын. Тіпті де­путат Тінікеев аттестаттаудан кейін кіл бі­лік­ті кадрлар қалғанын айтып, ендігіде оларға әлеуметтік қолдау әбден қажет еке­нін еске салған-ды. Министр де жалпы де­пу­­таттар базынасымен келіссе, қолдан қай­­ран келмегенін айтып ақталып еді. Тіпті Қал­мұханбет Қасымов мырза респу­бл­и­ка­лық бюджеттік комиссия полицейлерге тұр­ғын үй сатып алу үшін жеңілдіктер қа­рас­тыру туралы ұсынысты қабылдамағанын көлденең тартты.
Дәл осы тұста спикер Нұрлан Нығ­ма­тулин сөзге араласып, әлеуметтік қол­дау­дың мардымсыз үлесімен құқық қорғау қыз­меткерлерін еш алдарқатуға бол­май­тынын меңзеді. Сосын бұл мәселеде спи­кер Нұрлан Зайроллаұлы министрден та­бандылықты талап етті. «Қазір сіздерде ең білікті деген мамандар қалды. Енді соларға жағдай жасау керек. «Біздің ұсы­ны­сы­мыз­дан бас тартып отыр» деген сөзіңізді мүл­дем түсіне алмадым», – деді спикер Нығ­ма­тулин ішкі істер министрі Қалмұханбет Қа­сымовқа қарап. «Қаржы министрлігі қол­дамады деген не сөз? Таяуда ғана бюд­жеттің орындалуы тура­лы есепті тыңдадық. Был­тыр сол қол­да­ма­ған Қаржы ми­нистр­лігінің өзі 23 млрд 630 млн теңгені игер­меген. Игере ал­маса, қаржыны соған бұр­сын. Ішкі істер министрлігі қызметкерлерін тұр­­ғын үймен және басқа да әлеуметтік мә­­селелермен қамту үшін не жетпейді, осы? Ел бас­шылығы, Парламент қолдап отыр­ғанда ми­нистр ретінде сіздің ұсы­нысыңыз Үкі­меттен өтуі керек. Оның үстіне, өзге ми­нистрліктер мен ведом­ство­­ларда он­даған мил­лиард қаржы иге­рілмей жа­тыр. Сон­дықтан сіз табандылық таныт­саңыз ет­ті», – деді Мәжіліс төр­ағасы. Айтпақшы, спикер сөз арасында қа­руға қатысты да өз позициясын білдіріп еді. Оның ай­туын­ша, қа­рудың қай түрі болсын, оны қол­да­нуға ға­на емес, сақтауға да қатаң жазалау болуы шарт. «Қаруға қатысты бизнес ор­та­мен де мүмкіндігінше ашық әңгіме құ­рыл­ды. Ешкім де бизнесті қыс­пақтаған жоқ. Дегенмен әңгіме олардың тек трав­ма­тикалық қару-жарақ сату турасында ғана бо­лып отыр. Ал аңшылық қар­улар­ды, қыс­қа ұңғылы газ қаруларын қайда қоя­мыз? Өйт­кені травматикалық қарудың үлесі шамалы. Тағы бір басты мәселе: кейіннен не болады? Біз басқа елдерде қарудың бей-берекетсіздігінен не болып жатқанын жақсы білеміз. Мұны «жын құмырадан шықты» деп те айтып жүр, алайда енді сол құмыраға қалай жа­қындау керектігін білмей отырған елдер де баршылық», – дейді Нұрлан Нығ­ма­тулин.
Заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды
Айта кетейік, бұл – Мәжілістің осы сес­сия­дағы соңғы отырысы. Соған орай, өткен аптада ғана депутат Розақұл Хал­мұрадов «ақырғы отырыста мем­лекеттік тілге құрмет көрсетелік, қазақ, орыс, ұйғырымыз бар, кәрісіміз де түгел жи­налыста бастан-аяқ қазақша сайрайық» деп ұсыныс тастаған. Алайда мемлекеттік тілдің мәртебесі лайықты орнынан табыла алмады. Сол баяғы орынсыз орыс тілі ки­меледі. Мәжіліс тағы да мүлт кетті. Ай­тайын дегеніміз, Мәжіліс кешегі отырыста Қа­зақстан мен Ресей арасындағы мем­лекеттік шекара маңындағы аймақ тұр­ғын­дарының өту тәртібі туралы келісімді ма­құл­дады. Аталған келісімнің нәтижесінде ше­карадан өту орындары жаңа пункт­термен толығып, кейбірі жабылады. Енді сол Қазақстан тарапынан жабылатын пункт­терді қараңыз, кіл орыстың атауы: «Шы­ғыс Қазақстан облысының Ше­мо­най­ха ауданындағы Қызыл Шемонайха, Бо­родулихин ауданындағы Буркотово мен Ко­ростели, Павлодар облысының Га­лицкое-Успенский ауданындағы Ека­теринославка, Солтүстік Қазақстан облысы М.Жұмабаев ауданындағы Суворовка». Ай­туға сөз жоқ. Дегенмен, еске сала ке­тейік, «Тәуелсіздіктің 20 жылдығында 20 ел­ді мекеннің атауын қазақшаға ауыс­тырайық!» деген ұран да осы мәртебелі Мә­жілісте көтеріліп, сол қалпында тұн­шық­қан болатын. Қашанға дейін осылай жал­ғасатынын дөп басу да қиындау.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста