Жаңа Үкімет жасақталып жатыр

С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ (фото)

Сәуірдің 8-і күні сенім білдірілген Кәрім Мәсімов кеше түсте өзінің блогына Мемлекет басшысына жаңа Үкіметтің құрамы туралы ұсыныс жасағаны туралы жазды. Үкімет басшысы ұсынысын қараған Елбасы көп кешікпей тағайындау туралы бірнеше жарлыққа қол қойды.
 Президент жарлығына сәйкес, сыртқы істер министрі болып Ержан Қазыханов тағайындалды. Жаңа министрді ұжымға Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі барып та­ныс­тырды. Сыртқы істер министрлігіне жаңа басшыны таныс­ты­руға келген Елбасы министрлікті еліміздің сыртқы саясаттағы жемі­сімен, Еуропадағы қауіпсіздік және ынты­мақтастық ұйы­мына табысты төрағалығымен құттықтады. Жаңа ми­нистр туралы: «Ол – нағыз маман. СІМ органда­рын­да 1989 жылдан бері жұмыс жасап келеді. Он жылға жуық БҰҰ-да қызмет істеді. Ол – арабтанушы. Араб және ағыл­шын тілде­рін жақсы біледі. Біз өткен жылы еуропалық мәселелерді еңсере білдік. Енді араб мәселелерімен айналысуымыз қажет. Қазақстанның ислам әлемі алдын­дағы беделінің артуына ол өз үлесін қосады  деп сенемін. Бұл жылы да үлкен міндеттер жүктеліп отыр», – деді Пре­зидент.
Ержан Қазыхановтың есімі бұл салаға таңсық емес. Ол бұған дейін сыртқы істер ведомствосында, дипломатия саласында қызметтер атқарған. Ақпан айына дейін Қазақстанның Австриядағы елшісі болған Е.Қазыханов соңғы екі ай бойы сыртқы істер вице-министрі лауазымына ие болған. Ол 2009 жылдың қыркүйек айында СІМ қызметіне келген Қанат Саудабаевты алмастырды.
Сондай-ақ Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов Туризм және спорт министрлігіне жаңа басшы етіп Талғат Ермегияевті таныстырды. «Мен жұмыс істеп кетеміз деп ойлаймын. Бұл ұжымды білемін. Біздің алдымызға қойылып отырған міндетті орындаймыз деп ойлаймын. Сізді де, Темірхан Айдарханұлын да жерге қаратпау үшін тырысамыз», – деді Талғат Ермегияев. 2008 жылдың ақпанынан бері Т.Ермегияев ҚР Туризм және спорт министрлігінің вице-министрі қызметін атқарған. Оған дейін «2011 жылғы VII қысқы Азия ойындарының ұйымдастыру комитетінің атқарушы ди­рек­циясы» АҚ директорлар кеңесінің төр­ағасы қызметін атқарған. Сондай-ақ «Қа­зақ­стан теміржолы» АҚ (2002-2006 жж.) басшылығында, «Алма­ты­құрылыс» ХК бірінші вице-президенті (2006-2008 жж.), 2008 жылғы ақпаннан маусымға дейін ҚР Туризм және спорт министрлігінің бірінші вице-министрі қызметінде болды.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Асылжан Мамытбеков ауыл шаруашылығы министрі болып тағайындалды. Бұл туралы Премьер-министр Кәрім Мәсімов мәлім етті. «Ақылбек Қажығұлұлы Мемлекет бас­ш­ысы жүктеген міндетті лайықты атқарды», – деп атап өтті Кәрім Мәсімов. Бұл ретте ол жаңадан тағайындалған Асылжан Мамытбеков «ауыл шаруашылығының бар­лық жүйесін және оның алдына Пре­зи­дент қойған міндеттерді өте тамаша біледі» деп атап өтті. «Енді ең маңыздысы – сізге тапсырылған барлық учаскені іске қосу», – деп қосты Премьер. 2008 жылдың қарашасынан бастап А.Мамытбеков «ҚазАгро» ұлттық холдингі» АҚ басқар­ма­сының төрағасы, «Аграрлық кредиттік корпорация» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы, 2010 жылдың мамырынан ҚР Президенті жанындағы кәсіпкерлер кеңе­сінің мүшесі болған. Бұрындары Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, ҚР Премьер-министрінің кеңсе жетек­ші­сінің орынбасары қызметін атқарған.
Бұған дейінгі Үкімет басшысының орынбасарлары бұрынғы қызметтеріне қайта тағайындалды. Президенттің баспа­сөз қызметі Өмірзақ Шөкеев – бірінші вице-премьер, Ербол Орынбаев пен ин­дус­трия және жаңа технологиялар министрі лауазымында қалған Әсет Исекешов Премьер-министр орынбасары қызметіне қайта тағайындалғанын хабарлады.
Елбасының Жарлығымен Қайрат Келім­бетов «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқарма төрағасы қызметінен босатылып, былтыр құрылған эконо­ми­калық даму және сауда министрі болып тағайындалды.

                                                                   Өмірзақ Шөкеев – Премьер-министрдің бірінші орынбасары

                                                                     Әсет Исекешов – Премьер-министрдің орынбасары, индустрия және жаңа технологиялар министрі

                                                                      Қайрат Келімбетов – экономикалық даму және сауда министрі

                                                                  Асылжан Мамытбеков – ауыл шаруашылығы министрі

                                                                  Ербол Орынбаев – Премьер-министрдің орынбасары

                                                                Ержан Қазыханов – сыртқы істер министрі

                                                                               Талғат Ермегияев – туризм және спорт министрі

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста