Жаңа аппарат – жанға медет

Жаңа аппарат – жанға медет

Павлодар облыстық онкологиялық диспан­сері жаңа компьютерлік томографиялық аппа­ратқа қол жеткізді. Онкологтардың айтуынша, бұл аппарат арқылы адам ағзасын толық тек­серіп, түрлі ісік ауруларын анықтап, дер кезін­де сырқаттың алдын алуға болады. Себебі сканерлік үлгідегі «Philips Brilliance СТ» құрыл­ғысының мүмкіндіктері мол.
Айта кетерлігі, облыста аппараттың тілін білетін мамандар тапшы. Сол үшін Мәскеудегі Вишневский атындағы хирургиялық клиниканың профессоры, медицина ғылымының докторы Максим Смирнов жаңа аппараттың қыр-сырын түсіндіруде.
«Аппараттың басты ерекшелігі – нақты диагноз қоя білетін­дігінде. Сондықтан да болашақта осы облыста онкологиялық аурулардан жапа шегушілер қатары азаяды деп үміттенеміз», дейді ресейлік маман М.Смирнов.
Аймақта алғаш рет пайдалануға берілгелі отырған «Philips Brilliance СТ» аппаратын сатып алуға республикалық бюджеттен 126 млн теңге бөлінген. Қазіргі таңда мұндай заманауи құрылғы еліміз бойынша Шымкент және Қарағанды қалаларында ғана бар екен.
Баян ҚАНАТҚЫЗЫ, облыстық онкологиялық диспансер дәрігері:
– Бұл аппаратпен бір науқасты шамамен 20 секундтың ішінде тексеріп, ауруларын анықтауға болады. Оның көме­гімен, сондай-ақ онкологиялық аурулармен қатар, өкпе, жүрек, басқа да органдардың сырқаттарын анық­тау­ға мүмкіндік туды.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста