"Заң" деректер базасы жаңа нұсқада қолжетімді
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Республикалық құқықтық ақпарат орталығының "Заң" деректер базасы енді жаңа 7-нұсқада қолжетімді.
"Заң" деректер базасының 7-нұсқасы - бұл интерфейсті түбегейлі өзгерту және құжаттармен жұмыс туралы хабарламаларды Деректер базасынан РҚАО-ға жіберу; соңғы жүктелген құжаттарды қарау; соңғы ашылған құжаттар тізімін сақтау; құқықтық, салық және өндірістік күнтізбелерді пайдалану; жаңа әзірленген "Сұрақ-Жауап" бөлімінен өзекті ақпаратты алу сияқты сервистік мүмкіндіктерді едәуір арттыру.
Бүгінде "Заң" деректер базасының жаңа нұсқасы - бұл ауқымды құжаттардың жоғары жылдамдықпен ашылуы, алуан түрлі түс гаммасы, интерфейс тілінің бірден ауысып-қосылуы.
"Заң" деректер базасы - Негізгі заңнан бастап ауылдық округ әкімдерінің шешімдеріне дейін Қазақстан Республикасының барлық нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ алуан түрлі анықтамалықтарды, сөздіктер мен күнтізбелерді, қолданыстағы заңнамаға түсіндірмелерді, құжаттардың шаблондары мен үлгілерін, түсініктеме сипаттағы хаттарды, сот тәжірибесін, құқықтық консультацияны және тағы басқаларды қамтитын құқықтық ақпараттың мемлекеттік және орыс тілдеріндегі неғұрлым толық электрондық жиынтығы.
Tengrinews.kz сайтында нормативтік құқықтық актілердің "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінің авторы - РҚАО-ның жәрдемдесуімен "Қазақстанның заңдары" бөлімі іске қосылғандығын естеріңізге саламыз. "Қазақстанның заңдары" базасы тегін.