Жалаңаш төсін көрсеткен астаналық депутат жұрттың жағасын ұстатты

Жалаңаш төсін көрсеткен астаналық депутат жұрттың жағасын ұстатты

Астана қалалық жастар мәслихатының VII шақырылымының депутаты Динагүл Тасова сән көрсетілімінде жалаңаш төсін көрсетіп, жұрттың жағасын ұстатты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Астаналық депутат әрі модель Данагүл Тасова «Fashion Night Astana» сән көрсетіліміне қатысты. Оның сән сахнасына ерекше көйлек киіп шыққан сәтінің суреттері желіде тарап кетті.

Суреттерден депутаттың жұқа әрі селдір матадан тігілген көйлек кигені байқалады. Белгілі болғандай, ол Dana Dyusembayeva сән үйінің көйлегін таныстырған. Сәнгердің ойластыруы бойынша, модель көйлектің ішінен ішкиім кимеуі тиіс. Осылайша, тәнін ашық көрсеткен Данагүл Тасова жұрттың қызу талқысына түсті. Желі қолданушыларының дені оның тым ашық көйлегін сынап, жағымсыз пікірлерін жаудырды.

«Масқара, ұят. Не болып бара жатырмыз? Депутат осылай жасаса, қарапайым халық не істемейді?», «Қайран қазақ қыздары-ай! Ұят қайда?», «Мен ғана сәнді түсінбеймін бе? Әлде тәнін осылай көрсету дұрыс емес деп ойлайтын басқа да адамдар бар ма?» – деп жазды желі қолданушылары.

Десе де пікір қалдырушылардың ішінде депутатты жақтап, кеудесін көрсеткенде тұрған ештеңе жоқ екенін айтқандар да табылды.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста