Зәки Ахметовке арналған конференция

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің 70 жылдығы әрі Мемлекеттік сыйлығының иегері, ҚР ҰҒА-ның академигі Зәки Ахметовтің туғанына 85 жыл толуына орай «Зәки Ахметов және қазіргі қазақ әдебиеттануының өзекті мәселелері» деген тақы­рып­та халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті.
Қыздар университеті жанындағы қазақ әдебиеті кафедрасының ұйымдастыруы­мен өткен конференцияға Голландия, Поль­ша, АҚШ, Түркия, Ресей мен Қырғыз елінің әдебиеттанушы ғалымдары, белгілі жазушылар, жоғары оқу орындарының оқытушылары, докторанттар мен ма­гистрант­тар қатысты.
Халықаралық жиынның ашылуында сөз алған университет ректоры Динар Нөке­тае­ва өткен ғасырдың 50-жылдары қазақ зиялыларының арасынан санаулы адамдар ғана топ жарып шыққанын, солардың бір де бірегейі – З.Ахметов екенін айтты. Бұған қоса, ол академиктің ғылыми-зерт­теу еңбектері қазақ әдебиетінің та­рихы мен теориясының түп-тұқиянын тұ­тас қамтығанына тоқталып, оның азамат, ға­лым ретінде биік тұлға болғанын жет­кізді.        
Конференция барысында, сондай-ақ З.Ахметовтің шығармашылығы мен, жалпы, ғылыми зерттеу жұмыстарын бір ізге келтіру жайы, қазақ әдебиетінің тео­рия­сы  мен әдіснамалық мәселелері қарал­ды.
Одан бөлек, жиынға қатысушылар тақырыпқа байланысты пленарлық баян­дамалармен қатар, Краков педагогикалық университеті (Польша), «Евразия перс­пек­тива» ғылыми-зерттеу орталығы (Гол­ландия) мен еліміздегі бірқатар жоғары оқу орындарымен онлайн жүйесі бойынша байланыс орнатып, пікір алысты.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста