Жайық қалашығы қамқорлықты қашан сезінеді?

Жайық қалашығы қамқорлықты қашан сезінеді?

Қазақстанның ежелгі қалалары ескіден жеткен қолжазбалардың уақыт өте сарғайып кеткен беттерінде олардың көбінің аттары сақталмаған. Кейбір қалалардың атаулары халық аузындағы аңыз әңгімелерде ғана кездесіп қалады. Ал көбінің тіпті аты тұрмақ, заты да жоқ. Тек осы қалалардың қурай басып, бұта жапқан орындары ғана бағзы заманда еңбек етіп, өмір сүрген, өркендеп, дамып, сарайлар мен шаһарлар тұрғызған, тағдырын жырға қосқан ондаған ғасырлық шежіресі бар ата-бабалар өмірін еске салады.
2001 жыл. «Ақсай–Үлкен Шаған–Атырау» мұнай құбырын тартушылар аяқ астынан көне қаланың орнына тап болды. Бульдозер күрегі қаз-қатар қаланған үйдің қабырғасына тіреліп тоқтады. Оралдан 12 шақырым жерден табылған бұл шаһарға әуелі Шакафни деген атау берілді.
Шакафни жайлы дерек көп. Әдебиеттерде және картада Жайықтың орта тұсында деп анық белгі­ленген. Қаланың аты әр жерде әртүрлі – Шакафни, Шақашық, Сақашық түрінде көрсетілген. Бірақ уақыт өте келе дереккөздері бұл болжамның қателігін көрсетті. Бір дәлел – Шакафни қаласы XVI-XVII ғасырларда сызылған карталарда белгіленген. Ал Жайық қалашығы XIII-XIV ғасырларда өмір сүрген. Яғни уақыты тұрғысынан екеуі мүлде сәйкес емес. Тағы бір дәлел – қазба жұмыстары кезінде мұнда Алтын орда кезеңіне жататын, XIV ғасырдың орта шамасындағы тиындар табылған. Соған қарағанда, Жайық Шакафниден де көне қала екені анықталды.
Жалпы, ортағасырлық карталарда Жайық бойын­да жалғыз ғана Сарайшықтың аты аталады. Басқа қалалар жөнінде дерек жоқ. Дегенмен сулы-нулы жерде адамның қоныс теппеуі мүмкін емес. Бұл өңірде адамдар көне заманнан бері қоныстанған және негізінен көшпелі өмір салтын ұстанған. Бұған бүкіл Батыс Қазақстанда тарыдай шашылып жатқан қорғандар куә. Бұл өлкеден қаншама керуен жолдары өткен, ол жөнінде жазба деректер бар. Осы жерден Ұлы Жібек жолының бір тармағы өтті деген де дерек бар. Ал керуен жолының бойында тұрақты алыс-беріс орны, сауда мекені болмауы тағы да мүмкін емес.
«Көшпелілер өркениеті дамыған кез­де дала мен қала мәдениетінің тұрақты қарым-қатынасы қа­лып­тасады. Сондықтан өнер мен сауда ор­талығы, әрі қысқы қыстау ретінде қалалар пайда болуы өте ықтимал құбылыс», – дейді археолог мамандар.
Жоғарыдағы деректерді саралай келе, 2005 жылы мамандар қалашыққа «Жа­йық» атауын берді. Зерттеу жұмыстары Ә.Марғұлан атындағы Археология инс­ти­туты, Тарих және археология орталығының ға­лымдарымен бірлесе отырып жүргізілді. Қалашық аймағында бірнеше тұрғын, қоғамдық және шаруашылық нысандары бол­ғандығы анықталды. Бұлар – кірпіш күй­діргіш пештер, монша, тұрғын үй-жа­йы, кесене. Мұнда «шығыс моншасы-хам­мам» болған, ол қала ортасында орна­лас­қан. Монша қалдығы қазіргі таңдағы жер деңгейінен 1,5-1,7 метр тереңдіктен та­былды. Моншаның көлемі – 110-120 шар­шы метр. Орталық зал сегіз бұрышты, оған шығыс және батыс бағыттан шағын шо­мылу бөлмелері жапсарласа салынған. Мон­ша жер астынан жағу жүйесімен жы­лытылған. Қызу өткізетін жүйелер еден ас­тынан барлық ішкі бөлмелерге тар­тылған. Шомылу бөлмелеріне су саз құ­быр­лармен жеткізілген.

Барлық жағдайларды салыстыра келе, мынадай бір түйінге келуге болады: қала тұр­ғын­дары құтты мекендерін бейбіт жағ­дайда жаппай тастап кеткен. Археолог­тер­дің болжамы бойынша, мұның мынадай үш себебі болуы ықтимал. Біріншісі – Алтын Орданың ыдырауының салдары, екіншісі – қала Жайықтың жағасында орна­лас­қандықтан, өзеннің күрт қатты тасуы не­месе сол кезде ел ішінде жиі етек алған оба, сүзек, шешек сықылды індет факторы қа­ла халқын аяқасты үдере көшуге мәж­бүр­леуі ықтимал. Шамамен бір ғасырдай өмір сүрген бұл елді мекеннің 1,5-2 мың­дай тұрғыны болған. Бұл – сол дәуір үшін әжептәуір көрсеткіш.
Жалпы, Жайық қалашығының табы­луы осы аймақта X ғасырдан бастап қала мә­дениетінің қалыптасқандығын, бүгінгі Оралдың іргетасы саналып жүрген Яицк қалашығынан да көне шаһар болғандығын дәлелдеп отыр. Қалашықты зерттеу жұ­мыстары «Мәдени мұра» бағдарламасы не­гізінде жүзеге асқан болатын. Міне, осы­дан кейін ерекше танымал нысандар не­гізінде аспан астындағы ашық мұражайлар, қо­рықтар ашу мәселесі күн тәртібіне қо­йылды. «Аспанасты мұражайын жасақтау, ел­дің игілігіне жарату бір күндік шаруа емес. Оған көп уақыт және қыруар қаржы қажет», – дейді билік өкілдері. Бірақ сыр­ғып бара жатқан уақыт біздің жай­ба­сар­лы­ғымызды күтер ме екен? Көне қа­лашықтардың көбі  құрдымға кетудің аз-ақ алдында тұр.
Тарқатып айтар болсақ, жеті хан жатқан Сарайшықтың басында да осы жағдай. Жартысын кәрі Жайық жеп бітірген Сарай­шық жойылуға жақын. Отырар мен Сау­ран­ның, Сығанақ пен Жаңакенттің, Сайрам мен Созақтың да бүгінгі халі мемлекет та­ра­пынан шұғыл қамқорлықты қажет етеді.
Мұрат СЫДЫҚОВ, БҚО Тарих және археология орталығының директоры:
– Біздің зерттеулеріміз Батыс Қа­зақ­стан облысы аумағында ортағасыр­лық бірнеше қала болды деген болжам жасауға негіз береді. Біз оның үшеуін тап­тық. Олар – ХІІІ-ХІV ғасырларға жа­татын, Жайық өзенінің жағасында, Орал қаласынан 12 шақырым жерде ор­наласқан Жайық қалашығы, Жаңа­қа­ла ауданындағы Өзен қалашығы жә­не Қазталов ауданындағы Жалпақтал қа­лашығы. Бұған қоса, алдын ала мә­лі­меттерге сүйеніп, кемінде тағы үш қа­ланың орны табылады деп отырмыз. Мы­салы, 2001 жылы табылған Жайық пен кейінгі кезең қалаларын жал­ғас­тыратын аралық үзік дәл осы Ша­каф­ни болмақ. Оны тапсақ, біз ХІІІ ға­сыр­дан бастап Батыс Қазақстан қалаларын бі­ріктіретін аралықты жалғаған болар едік. Орта ғасыр қалалары өте шағын болғанын, өз орнын жылжытып оты­ратынын ескеріп, біз Шакафниді қазіргі Орал қаласына жақын маңда болған деп санаймыз. Бұлай деуімізге нақты археологиялық барлау жұмыстарымыз және көптеген қосымша дереккөздер – Х-ХVII ғасырлар аралығын қамтитын көне карталар, ежелгі авторлардың еңбектері мен оларға жасалған қазіргі заманғы ғалымдардың түсініктемелері негіз береді.
Қабділрашит ҚАЙЫМ, тарихшы-археолог:
– Қазіргі таңда Батыс Қазақстан об­лысында 1966 археологиялық ескерт­кіш тіркелген. Соңғы жеті жылда 1600-ден астам жаңа археологиялық ес­керт­кіш, 6000-нан астам оба та­был­ды. 120 обаға қазба жұмыстары жүр­гі­зілді. Батыс Қазақстан облысының археологиялық картасы құрастырылды. «Батыс Қазақстан өлкесінің табиғи жә­не мәдени мұра ескерткіштерінің жиын­тығы» деп аталатын 14 томдық ең­бек жарық көрді. Мұның бәрін айтып отырған себебім – археологтер тара­пынан жұмыс жоқ емес, бар. Ендігі мін­дет – осы жұмыстың нәтижесі, яғни та­былған жәдігерлер мен қазылған қо­рым­дарды, қала орындарын көздің қа­рашығындай сақтап, кейінгі ұрпаққа ама­наттау мәселесі. Жайық қа­ла­шы­ғының жағдайы да осыны талап етеді. Мі­не, 11 жылдан бері қазба жұмысы жүр­гізілуде. Табылған заттар көп. Ал­дағы уақытта осы мекенді тездетіп ашық аспан астындағы мұражайға айналдырса нұр үстіне нұр болар еді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста