YouTube-те жұлдыз болған астаналық полицей өз әрекетін түсіндірді

YouTube-те жұлдыз болған астаналық полицей өз әрекетін түсіндірді

Youtube порталындағы бейнероликтің кейіпкері, реттеуші Жарқынбек Шонтықов қызметін орындауда әріптестеріне үлгі болды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz.

Жарқынбек Шонтықов жолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз етудің өз міндеті екенін айтты. "Бұл біздің жұмысымыз. Меніңше, бұл оқиға 16 мамырда болды. Ол кезде жаңбыр жауып тұрған. Бараев-Уәлиханов - менің учаскем. Бағдаршам істен шығып қалды, жолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін мен қызметіме кірістім. Жаңбыр менің жұмысыма кедергі келтірген жоқ. Ауырып қалған жоқпын, бәрі жақсы", - деді ол тілшілермен әңгімелесе отырып.

Шонтықов бұл жағдайдың әріптестеріне үлгі болғанын қалайтынын айтты. "Мен роликті көрген жоқпын. Басшылықтан естідім", - деді ол.

Астана ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, елордадағы нөсер кезінде бірнеше көше жабылып қалған. 30-ға жуық жол-патруль полиция қызметкері жол қозғалысын реттеу үшін жұмыс істеген.

Осындай жағдайлардың бірі ұялы телефонға түсірілді, кейін Интернетке жүктелді. Видеодан Астанада Бараев-Уәлиханов көшелерінің қиылысында ЖПП полкінің сержанты Жарқынбек Шонтықовтың нөсерге қарамастан жолдағы қозғалысты реттеп тұрғанын көруге болады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста