«Халықпен кездесу»: меморганның жұмысы қалай бағаланатыны белгілі болды

«Халықпен кездесу»: меморганның жұмысы қалай бағаланатыны белгілі болды

Үкіметтің қаңтар айындағы соңғы отырысында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров 2022 жылдың екінші жарты жылдығында әкімдер халықпен қаншалықты жиі кездескенін және халықтың айтқан мәселесін қалай шешіп бергенін жария етті, деп жазады Azattyq Ruhy.

 
 ХАЛЫҚ ӘКІМДЕРГЕ ҚАНДАЙ МӘСЕЛЕЛЕР БОЙЫНША АРЫЗ ТҮСІРГЕН

Жалпы, 2022 жылдың 2 жарты жылдығында Қазақстандағы әкімдер халықпен 19,8 мың рет кездескен. Ұлттық экономика министрлігі жүргізген зерттеуге сенсек, осы жиырма мыңға жуық кездесу барысында халық әлеуметтік және тұрғын-үй коммуналдық инфрақұрылым нысандарын салу, экология, жол және жер мәселесін көп көтерген екен. Кездесулер кезінде бас-аяғы 33,4 мыңнан астам мәселе көтеріліп, ұсыныс айтылған. Ал, осы мәселелерді шешу үшін әкімдер жергілікті бюджеттен 485 млрд теңге керек деп, оның тең жартысынан астамын алып үлгерген де.

«Кездесулердің нәтижесінде жергілікті атқарушы органдар 33,1 мың мәселенің шешімін тапты. Халық көтерген сұрақтарды шешу үшін жергілікті бюджеттен 485 млрд. теңге қажет. Керек қаржының 253,8 млрд. теңгесі немесе 52,3%-і бөлінді. Әкімдіктер орталық атқарушы органдар, ұлттық холдингтер және компаниялар деңгейінде шешілетін проблемалық мәселелердің тізімін қалыптастырды. Бұл тізім 62 сұрақты қамтиды. Мәселелердің басым бөлігі – республикалық бюджеттен қаражат бөлуді қажет етеді», - дейді Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров.
ӘКІМДЕР РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТТЕН ДЕ ҚАРАЖАТ АЛУҒА «ДӘМЕЛІ»

Сонымен, Ұлттық экономика министрлігінің мәліметіне сүйенсек, халықтың өтініштері арасында сол жердің әкімдігі ғана шешуге «қауқарсыз», яғни, орталық атқарушы орган, ұлттық компаниялар сияқты тараптардың атсалысуымен ғана шешілетін біраз сұрақ бар. Жоғарыда атап өткеніміздей, былтыр халықтың арызы бойынша осындай 62 проблема анықталған. Әрине, халықтың өтінішіне қандай да бір жауап беру үшін жергілікті бюджет және жергілікті атқарушы органның құзіретіне кірмейтін мәселелер бойынша әкімдер қаражат сұрап Ұлттық экономика министрлігіне келеді. Өз кезегінде Ұлттық экономика министрлігі әрбір мәселені егжей-тегжейлі зерттеп, қаражат бөлуге бола ма, әлде, бұрын сол мәселені шешуге қаражат бөлінді ме, жоқ па деген мәселені анықтайды.

Осы айтылған 62 өтініш бойынша Ұлттық экономика министрлігі мынандай талдауын ұсынып отыр:

«Аталған тізімдегі сұрақтарды егжей-тегжейлі талдаудың  қорытындысы бойынша:

- өңірлерде көтерілген 10 мәселе бойынша қажетті құжаттама дайын емес;

- 5 мәселені шешуге республикалық бюджетте 20,2 млрд. теңге қарастырылған;

- 13 мәселеге қатысты 61,2 млрд. теңге сомасында қаражат бөлу мүмкіндігі 2023 жылғы республикалық бюджетті нақтылау кезінде қаралатын болады;

- 14 мәселені шешу бойынша жұмыс мемлекеттік органдармен орындалуда;

- 18 мәселенің шешімі жергілікті атқарушы органдардың құзыретінде. Сондықтан, оларға орталық мемлекеттік органдардан қолдау көрсетілмеді;

- 2 мәселе мемлекеттік органдармен шешілді.

Талдау нәтижесінде, орталық мемлекеттік органдар деңгейінде  шешуді талап ететін 6 мәселе іріктеліп алынған. 

«ӘКІМ БОЛ, ХАЛҚЫҢА ЖАҚЫН БОЛ». ХАЛЫҚТЫҢ МҰҢ-МҰҚТАЖЫН ШЕШКЕН ӘКІМДЕРДІҢ РЕЙТИНГІСІ ҚАНДАЙ?

Жалпы, Қуантыровтың айтуынша, 2022 жылдың қорытындысы бойынша барлық деңгейдегі әкімдер халықпен халық тарапынан айтылған 63 мың мәселенің басын ашып, 47,6 мың проблеманың шешімін тапқан. Халықтың қандай да бір проблемасын шешу бойынша ең жақсы көрсеткішке ие болған Ақтөбе облысының әкімдігі екені хабарланып отыр. Рейтингтің соңында Алматы облысының әкімдігі тұр.

«Мәселелерді шешу бойынша жоғары көрсеткіш келесі облыстарда:

- Ақтөбе облысы – 94,7%;

- Қостанай облысы – 93%;

- Алматы қаласы – 92,8% деген мәліметтермен жоғарғы көрсеткіш қалыптасқан. Ең соңғы орында Алматы облысы, бұнда мәселелердің тек 28,5% ғана шешілген. Рейтингтің соңында сондай-ақ Батыс Қазақстан облысы (50,5%) мен Атырау облысы (54,5%) облысы бар», - деді Үкімет отырысында Қуантыров.

«АШЫҚ МИКРОФОН» ЖОБАСЫ ӘРБІР ӨҢІРГЕ КЕРЕК ТӘСІЛ»

Үкімет отырысында Қуантыров сондай-ақ халық пен әкімдік арасындағы коммуникацияны, яғни, байланысты жақсарта түсетін бірнеше тетікке тоқталды.

«Жалпы, коммуникацияның жаңа форматы азаматтардың оң бағасын алды. Бұл форматтың халықтың сұраныстарына уақытылы жауап беруде өзектілігі жоғары. Кездесулердің саны мен тиімділігінің өскенін атап өту қажет. Мәселен, 2022 жылдың 2-ші жартыжылдығында кездесулер саны 1-ші жартыжылдықпен салыстырғанда 2,3 есе көп. Сондай-ақ, әкімдіктер кездесулердің ұйымдастырылуын жақсартып, халықты алдын-ала хабардар етеді. Бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілердің мониторингі елеулі бұзушылықтар табылмағанын көрсетті. Сонымен қатар, кейбір өңірлерде салыстырмалы түрде кездесулерге халықтың ерекше қызығушылықпен қатысуы байқалады», - дейді Әлібек Қуантыров.
Осы сөзіне мысал келтірген Ұлттық экономика министрі Алматы қаласы әкімдігінің «ашық микрофон» принципіне негізделген жобасын, сондай-ақ Шымкент қаласы әкімдігі мен орталық мемлекеттік органдар басшыларының қатысуымен ай сайын өткізілетін азаматтарды бірыңғай қабылдау күні сияқты тетікті баса назарға алды.

«Бұл тәсілдерді басқа өңірлердің басшыларыда қолдануы қажет  деп санаймыз. Сонымен қатар, халықпен кездесулердің қорытындысы бойынша проблемалық мәселелерді шешу жөніндегі Іс-қимыл жоспарлары бекітіліп, әкімдіктердің ресми интернет-ресурсында жариялануы тиіс. Алайда, бұл тізбе 5 әкімдіктің сайттарында әлі жарияланбаған. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» принципін одан әрі нығайту мақсатында, сондай-ақ халық көтеретін мәселелерді шешу үшін кездесулер өткізуді жалғастырып, әкімдіктер мен орталық мемлекеттік органдар барлық деңгейдегі бюджет жобаларын қарау кезінде халық көтерген мәселелерді ескеруі қажет», - деді сөзін түйіндеген ол.
«ЕНДІ МЕМОРГАННЫҢ ЖҰМЫСЫ «ХАЛЫҚПЕН КЕЗДЕСУ» ИНДИКАТОРЫ БОЙЫНША БАҒАЛАНАДЫ»

Ұлттық экономика министрінің осы баяндамасын тыңдаған Премьер-министр Әлихан Смайылов осылай деп мәлім етті. Үкімет басшысы да халықпен қарым-қатынас жасаудың жаңа форматына көшіп, оларды толғандыратын мәселелерді шұғыл шешудің нақты алгоритмдерін әзірлеу қажет екенін баса назарға алды. Үкімет басшысының айтуынша, халық көтеріп жатқан мәселенің көбі жыл сайын қайталанатын проблемалар. Бұл дегеніміз – жергілікті әкімдік қандай да бір проблеманы түбегейлі емес, «уақытша» шешіп қояды.

«Бұндай сұрақтар негізінен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, құрылыс,   ауыл шаруашылығы    және жер қатынастары, сондай-ақ баға мәселесіне қатысты. Әкім бол – халқыңа жақын бол» дейді. Бізге ашық және нақтылы байланыс қажет. Халық үніне құлақ асатын мемлекет үшін мұндай іс-шаралар халықпен қарым-қатынастың маңызды құралына айналуға тиіс», - деді Үкімет отырысында Смайылов.

Үкімет басшысы ел ішінде әкімдердің кездесулерін асыға күтеді деген сенімде, өйткені сұрақтардың көпшілігі    жергілікті жерлерге қатысты. Оның айтуынша, кездесулер ауыл мен аудан деңгейінде дұрыс жолға қойылуы керек.

«Есептерге қарасақ, әкімдермен кездесулерде проблемалардың шамамен 99%-і    шешімін табады. Бұл орайда, Ақтөбе, Қостанай облыстары    мен Алматы қаласындағы оң тәжірибені атап өтуге болады. Ал, Алматы, Батыс Қазақстан    және Атырау облыстарында    тұрғындардың проблемасын шешу көрсеткіштері әлі де төмен. Биылдан бастап    мемлекеттік органдар жұмысының тиімділігі «Халықпен кездесу» индикаторы бойынша бағаланады», - деді Смайылов.
«Е-ӨТІНІШ» ЖОБАСЫ ШЫНАЙЫ ЖАҒДАЙДАН ХАБАР БЕРЕДІ

Премьер-министрдің айтуынша, мемлекеттік органдар мен атқарушы органдарға жіберілетін өтініштерді тіркейтін «е-Өтініш» ақпараттық жүйесіне келіп түсетін    азаматтардың арыздарына қараса, жағдай басқаша екенін алға тартты.

«2022-ші жылы осы жүйе арқылы 1 млн. 700 мыңнан астам адам өтініш берген және бұл өтініштердің басым бөлігі, дәлірек айтсақ, 82 %-і    жергілікті атқарушы органдарға тиесілі. Яғни, өткен жылдың екінші жартысында    азаматтардың    жергілікті билікке жолдаған арыздарының саны    16%-ке артқан. Бұдан    көтерілген проблемалардың бір бөлігі жергілікті жерлерде    шешімін таппағанын көреміз. Сондықтан, азаматтар өз мәселелерін «е-Өтініш» жүйесі арқылы шешуге    мәжбүр болған. Алматы    және Астана қалаларында, Қарағанды және Ақтөбе облыстарында    шағымдар саны көп», - деп мәлім етті Премьер-министр.
Үкімет басшысының айтуынша, әкімдерге шағымданған тұрғындардың көбі     құрылыс, көлік және коммуникация,тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық    және халыққа тұрмыстық қызмет көрсету мәселелері бойынша    мемлекеттік органдар қабылдаған әкімшілік актілерге, олардың әрекетіне немесе әрекет етпеуіне қатысты шағым айтады.

«Сондықтан, әкімдіктер жергілікті жерлерде мәселелерді шешудің тиімділігін арттыруы қажет. Осыған байланысты мынаны атап өткім келеді. Бірінші. Министрлер мен әкімдер мәселелерді шұғыл шешуге назар аудара отырып, халықпен кездесулердің нәтижелілігін арттыруы керек. Әрбір орталық және жергілікті атқарушы органдар бойынша проблемалық мәселелер картасын әзірлеу қажет. Екінші. Нысаналы топтармен тұрақты кездесулер өткізіп, онда көтерілген мәселелерді түпкілікті шешуді практикаға енгізу керек. Үшінші. Барлық кездесулер, олардың өтетіні туралы хабарландырулар және ең бастысы – шешімін тапқан мәселелер – баспасөз бен әлеуметтік желілерде    кеңінен жариялануы тиіс», - деді тиісті тараптарға тапсырма беріп, осы мәселе бойынша үкімет отырысын қорытындылаған премьер-министр.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста