Халықаралық қылмыстық сот Ресейге қатысты тергеуді бастамақшы
Гаагадағы халықаралық қылмыстық сот Украинадағы соғысқа байланысты Ресейге қарсы тергеу басталғанын жариялады. Оның прокуроры мекеме тергеуді тезірек бастауға ниетті екенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Хабар 24” арнасына сілтеме жасап.
Еске салайық, бұл тұрақты жұмыс істейтін тәуелсіз сот органы. Оның құзыретіне геноцид, әскери қылмыстар, адамзатқа қарсы қылмыстар, сондай-ақ басқыншылық қылмыстар үшін жауапты адамдарды қудалау кіреді.
Бұған дейін Владимир Зеленский Украинаның халықаралық сотқа шағым түсіргенін айтқан. Киев Ресейдің әскери операцияларын жалғастыруына тыйым салуды сұрайды.
Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу