Испаниялық дәрігерлер адамның иммундық жүйесін күшейтуге, ағзаға түрлі вирустарға төтеп беруге көмектесетін азық-түліктердің тізімін жасап шығарды деп хабарлдайды KAZ.NUR.KZ "Российская газетаға" сілтеме жасап.
Атап айтқанда, испаниялық мамандар аурудың дамуын тежеуге немесе суық тию, тұмау мен басқа да дерттердің белгілерін жоюға ықпал ететін азық-түлік түрлерін атады.
Олардың ішінде ең пайдалысы – құрамында аллицин қосындысы және антиоксиданттық қасиеті бар Е дәруменіне бай азық-түліктер жатады.
Осылайша, иммундық жүйеге ең пайдалы он азық-түліктің қатарына аллицин қосындысы бар сарымсақ, Е дәруменіне бай бадам, антиоксиданттық қасиеті бар қаражидек, тауық сорпасы, брокколи, саңырауқұлақ, қара шоколад және цитрус жемістері кіреді.
Дәмдеуіштердің ішінде – зімбір мен куркума, ал сүт өнімдері арасында – айран ең пайдалы деп танылды.
Сондай-ақ мамандар киви, анар жемістерін жиі тұтынып, тамаққа қызыл болгар бұрышы мен асжапырақты көп қосуға кеңес берді.
Ал антиоксиданттарға бай көк шай иммундық жүйенің қызметіне оң ықпал ететін пайдалы сусын ретінде танылды.
Еске сала кетейік, бұған дейін әлемде қатерлі вирустан қорғанудың қандай тиімді тәсілдері бар екенін жазған болатынбыз.