Ұстаздар жаңалыққа шөлдеп жүр

Бұл аптада Назарбаев зият­кер­лік мектептері жанынан құрылған Педагогикалық шебер­лік орталығының тыңдау­шылары үшін қарбалас өмір басталды.
Біз, білім берудің жаңа тәсілдерін меңгеруге ұмтылған Алматы қаласының бір топ мұғалімдері, үш айлық курстың тыңдаушысы ретінде екінші «Бетпе-бет» мектептегі іс-тәжірибемізді бастадық. Курста білген-түйгенімізді мектебімізге барып, ұжымымызбен бөлісуге, семинар өткізуге асықтық.
Ең алғашқы семинарды Жан­ер­ке Мұқа­нова Алматыдағы қазақ-түрік лицейін­де өткізді. Семинарға 12 адам қатысты. Және қолдау көрсету мақсатында өзіміздің топтан  жеті тыңдаушы бардық. Тренеріміз Ғалия Толықбаеваның берген ресурстары семинарда орынды қолданыл­ды. Маған семинарда ұнағаны – кері байланыс. Әр адамның алдына таратылып берген қағаз­дарға «семинарға дейінгі», «семинардан кейінгі көңіл күйіңіз» деп жазылып, оған әртүрлі көңіл күйдегі смай­ликтер берілуі қатысушыларға да ұнады деп ойлаймын. Одан кейін өзім де №74 жалпы білім беретін мектепте  семи­нар өткіздім. «Әлем жылдам өзгеруде» атты тақырыпты негізге ала отырып, «Мен қа­лай өзгеремін?» деген сұрақ төңірегінде ой өрбіттім. Мені қол­дау­ға тобымыздан №31 мектептің мұғалімі Гүлназ Бектұрғанова мен №59 мектептің мұғалімі Меруерт Байтенова келді. Семи­нарға 34 мұғалім қатыс­ты. Курста жасаған жұмыстарымыз жайлы сапалы деректер көрсете отырып, курс мазмұнын нақты ашу­ға тырыстым. Соңында Эдуард де Бононың «алты шля­па­сын» алты адамға таңдатып кидіріп, «осы шляпалардың сырын білгіңіз келе ме, онда коучинг сессиясына келіңіз» деп ой тастадым. Коучинг сессияға алты емес, 16 мұғалім, тәлім алушы болуға үш мұғалім ұсыныс жасады. Сондықтан да педа­го­гикалық шеберлік орталығының Алматы қаласы филиалы ұйымдастырып отырған курсқа алғысымыз шексіз.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста