Үш жасар бала сынапты ішіп қойды
Ақмола облысының Аршалы ауданында сынаптан уланған бала ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды "Алаш айнасы" порталы облыстық ішкі істер департаментіне сілтеме жасап.
Ресми ақпаратқа сәйкес, кеше, ақпанның 18-і күні, сағат 15:00-де аудандық ауруханаға үш жасар бала жеткізілді. Диагноз - ауыр металдармен улану. "Ата-аналардың сөзіне қарағанда, бала қызуөлшегіштің ішіндегі сынапты ішіп қойған", - дейді полиция өкілдері.
Айта кетейік, сынап ішіп қойса, алдымен жүрек айниды. Адамның іші өтіп, құсқысы келеді. Іштен қан шығуы да мүмкін. Сосын адам өзін әлсіз сезініп, басы айналады. Ал сынаптың шамадан тыс мөлшері өлімге де себеп болады. Мамандардың айтуынша, бала аузына сынап алса, оны бірден түкіріп тастау қажет. Сосын ауыз қуысын марганецпен шайып алған жөн. Метал сынаптың өзі аса қауіпті емес. Алайда ол асқазандағы тұз қышқылымен араласқан кезде аса улы зат - HgCl2 сынап хлоридіне айналады. Ол қанға тез сіңіп, бүкіл организмге таралып кетеді. Егер бала сынап ішіп уланса, оған бірден сүт пен жұмыртқа ақуызын берген дұрыс.
Сынап жылы температурада тез ериді. Ал буланып кеткен жағдайда улы газға айналады. Сол себепті 2007 жылдан бастап Еуропада сынап термометрі мен тонометрлерін қолдануға тыйым салынды. Біз болсақ, оны әлі күнге дейін пайдаланып келеміз.
Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу