ҚР СІМ Үндістаннан қарағандылық әйелді балаларымен қайтаруға көмектесіп жатыр, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.
Нақтырақ айтсақ, әйелдер мен балалардың құқығын қорғайтын "Не молчи" қорына Үндістанның Калькутта қаласында тұрып жатқан қарағандылық әйелден өтініш түскен. Ол 10 жастағы, 3,5 және 1,1 жастағы үш баласымен аталған қалада тұрып жатыр.
Атап айтсақ, қарағандылық әйел отбасындағы зорлық-зомбылықтан зардап шегіп жатқан көрінеді. Үш баланың анасы кейінгі 4 жыл бойы өзін ұрып-соғып, отбасын тұтқында ұстап отырған күйеуінен құтқаруды өтінген.
"Осы жерден кетуіме кемектесіңіздер", деп жазды ол.
Аталған әйел балаларымен бірге Қазақстанға оралғысы келеді. Алайда кішкентай екі баласында виза жоқ, ал үлкен қызында визалық режимнің мерзімі өтіп кеткен.
Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі осы отбасының мәселесімен консул айналысып жатқанын және құжаттарын түгендеу басталғанын жариялады.
"Консул балалардың анасымен байланысқа шығып, барлық көмекті жасайды. Оларды Қазақстанға қайтаруға көмектесеміз", делінген министрлік мәліметінде.
Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz