«Ұлық Ұлыс - Алтын Орда: бастауы, тарихы және мұрасы»

«Ұлық Ұлыс - Алтын Орда: бастауы, тарихы және мұрасы»

2021 жылғы 28 мамырда Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ұлық Ұлыс - Алтын Орданың Еуразия кеңістігінде мемлекеттерді қалыптастырудағы рөлі, Ұлы даланың Ұлы есімдері, Алтын Ордадан кейінгі кеңістіктегі мемлекеттер, орта ғасырлар мен жаңа дәуірдегі түркі, парсы, кавказ аймағы мен славян әлемінің өзара байланысы, әлемдік тарихтағы Алтын Орданың рөліне арналған «Ұлық Ұлыс - Алтын орда: бастауы, тарихы және мұрасы» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізді.

Алтын Орда билеушілері әулетінің тарихи болмысы қазақ халқының этногенезінде үлкен рөл атқарды. 2019 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Қ.К.Тоқаев Алтын Орданың артып келе жатқан маңыздылығын атап өтіп, оның 750 жылдығы мерекеленді. «Ұлытау-2019» халықаралық туристік форумында Қ.К.Тоқаев Ұлытауды «қазақ халқының алтын бесігі, қазақстандықтар қастерлейтін тарихтың айғағы» деп атады. Кеңес Одағы кезінде белгілі ғалымдар Әлкей Марғұлан, Қаныш Сәтбаевтың Алтын Орданы зерттеу әрекеттері қатаң қудалауға ұшырады. КСРО-ның ыдыраған соң зерттеу жұмысына ресми тыйым алынып тасталды.

Бүгінгі таңда тәуелсіздік алғаннан кейін және Қазақстан егеменді мемлекетінің 30 жылдығында ғалымдардың көптеген түркі халықтарын біріктірген Алтын Орда мұрасы туралы еңбектері тарихтың төл беттерін жандандырады.

Форумға қатысушыларға ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары Дәурен Абаев, ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов құттықтау сөз сөйледі.

Конференция жұмысына шетелдік және қазақстандық Алтын Орда кезеңінің маман-ғалымдары қатысты. Олар Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ «Аймақтану» кафедрасының профессоры, т.ғ.д. Айболат Көшкімбаев, Х.Фаезханов атындағы Ұлттық білім беру тарихы мен теориясы орталығы басшысының м.а., т.ғ.д. Марат Гибатдинов, Татарстан Республикасы ҒА Маржани атындағы Тарих институтының Ғылыми істер жөніндегі директорының орынбасары, т.ғ.д., ҚР ҰҒА академигі, т.ғ.д. Көмеков Б.Е., Украина Жоғарғы Рада аппараты жергілікті билік органдарымен және жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен байланыс жөніндегі басқарманың бас консультанты Владислав Гулевич Украина, Қырғызстан Республикасы СІМ Дипломатиялық академиясының проректоры, т.ғ.д. Зайниддин Құрманов,  Ресей федерациясы «Экономика жоғары мектебі» ҰЗУ «Құқық және мемлекет теориясы мен тарихы» кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.д. Роман Почекаев, РҒА Ғылыми ақпарат институтының профессоры, т.ғ.д. Илья Зайцев, Әлішер Науаи атындағы Ташкент мемлекеттік университетінің профессоры, т.ғ.д. Замира Ишанходжаева және басқа да көптеген ғалымдар баяндама жасады.

Конференция жұмысында өзекті баяндамалар тыңдалып, Ұлұқ Ұлыс - Алтын Орда тарихына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды, онда ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың, ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың еңбектері ұсынылды.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста