«Ұлы Дала ұрпақтары» домбыра кеші
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, 2016 жылы 16 желтоқсанда сағат 19.00-де MEGA Alma-Ata сауда ойын-сауық орталығында Алматы қаласы Әкімдігі, Ішкі саясат басқармасының қолдауымен «Ұлыс» ғылыми-зерттеу орталығы» Қоғамдық қоры «Менің Тәуелсіздікке қосқан үлесім» атты жастар акцияcы аясында «Ұлы Дала ұрпақтары» домбыра кешін өткізеді.
Бұл іс-шараның өтуіне Алматы қалалық «Жас Отан» жастар қанаты мен «Алматы қалалық музейлер бірлестігі» КМҚК мекемесі атсалысып отыр.
Тәуелсіздіктің 25 жылдығына тарту ретінде ұйымдастырылып отырған «Ұлы Дала ұрпақтары» домбыра кеші қазақтың қасиетті қара домбырасы мен қылқобызы және өзге ұлттық аспаптар арқылы ілкіден келе жатқан дәстүрлі музыка өнерін, халық жадынан ұмытылып бара жатқан төл музыкалық шығармаларымызды көпшілік орындарда кеңінен насихаттау, орындаушы жас таланттарға қолдау жасау болып саналады.