Ұлы Абайдың қара сөздері – Республика алаңында
Иә, дәл солай. Өскемендегі Республика алаңына һакімнің қара сөздері қашалған гранит тақтайшалар орнатылды. Ақынның шығармалары қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жазылған. Өскемен қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Бұлбұл Бакинованың айтуынша, олар сөздерді қалай жазу және безендіру жайында ұзақ ойланыпты.
Бұлбұл БАКИНОВА, Өскемен қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы:
– Біз қара сөздердің ішінен білімге, еңбек пен отбасына қатысты ең маңызды деген тұстарын таңдап алдық. Бұл жұмыста бізге С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың оқытушылары көп көмектесті, олар мәтіндерді орыс және ағылшын тілдеріне аударды. Қате кетіп қалмас үшін мен тақтайшалар дайындалған салонға өзім барып, әрбір әріптің дұрыс жазылуын қадағаладым.
Қырық бес қара сөзден барлығы 12 үзінді таңдалып алынған. Облыстық ішкі саясат басқармасының кеңесімен тағы екі тақтайшаға ақынның басқа шығармаларынан үзінділер жазылыпты. Орталық алаңда ұзын саны 14 ескерткіш тақта орнатылған. Ұйымдастырушылар Абайдың өсиет сөздерін оқыған әрбір азамат ойға келіп, рухани азық алады, әсіресе жастарға үлкен тағылым болады деген сенімде.