Ұлттық спортымыз ұмытылып барады

 Алматыда «Ұлттық спорт пен ойындарының бүгіні мен болашағы» деген тақырыпта Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Конференцияға ұлттық спорт түрлері мен ойындарымыздың барлық жанашырлары қатысып, қазақтың төл спортын дамыту жөніндегі өз ойларын ортаға салды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай деңгейдегі конференция соңғы 20 жылда елімізде мүлдем өтпеген екен.
Әзиз Жұмаділ

Ұлттық спорттан миллион евро қымбат па?
Ғылыми-тәжірибелік конференцияның ұйымдастырушысы Қазақтың спорт және туризм академиясы болғандықтан алғашқы сөзді осы академияның президенті, конференцияны ұйымдастыру алқасының төрағасы Қайрат Закирьянов алды. Ұлттық спорт пен ойын түрлеріне жөнді көңілдің бөлінбей отырғанын, тіпті кейбір ұлттық спорт түрлерінен айырылып қалып жатқанымызды тілге тиек еткен Қайрат Қайроллаұлы солардың бірі ат үстіндегі поло екенін айтты.
– Жылқы малын тұңғыш қолға үйреткен біздің бабаларымыз екенін археологтер дәлелдеп, шетелдік зерттеушілер мойындаған. Сондай-ақ ат үстіндегі полоны да біздің бабаларымыз ойлап тапқаны дәлелденген. Дегенмен, өкінішке қарай, спорттың бұл түрі біздің халқымызда ұмыт болып қалды. Ат үстіндегі полоны Аргентина да, Англия да, Италия да, тіпті Үндістан да ойнайды. Бірақ біз емес. Мен осы олқылықтың орнын толтыру ниетімен Англия, Италия, Аргентина елдерінің ат үстіндегі поло федерацияларымен келісімшартқа отырдым. Олар бізге ат үстіндегі поло ойынының мамандарын дайындауға көмектесетін болды. Тек ол үшін бізде спорттың осы түрінен оқу-жаттығу полигоны болуы керек. Стадион және үлкен ат қора салу қажет екен. «Спортқа жанашыр басшылар отыр ғой, көмектесетін шығар», – деп «Самұрық-Қазынаға» хат жолдағанбыз. Бар болғаны – бір-ақ миллион евро сұрадық, бір-ақ миллион. Бірақ Ұлттық әл-ауқат қоры бұған ақша бөлуден бас тартты, – деп Қайрат Қайроллаұлы ішіндегі өкпесін жайып салды.

Статистикаға сенесіз бе?
Жалпы конференция барысында ортаға шығып сөйлеген ұлт спортының жанашырлары өте көп болды. соған байланысты келтірілген деректер мен статистикаларда да шек болған жоқ. Елімізде ұлттық спорт түрлерімен айналысатын адамдардың санынан бастап, ұлттық ойындарға байланысты халық арасында жүргізілген сауалнамаларға дейін айтылды. Мәселен, ҚР Туризм және спорт министрлігі, Спорт комитетінің Ұлттық спорт түрлері басқармасының жетекшісі Қалберген Мұсабековтің баяндамасына сүйенсек, бүгінде елімізде 122 644 адам ұлттық спорт түрлерімен айналысады екен. Енді есептеп көрелік, бүгінде елімізде орташа есеппен барлығы 16 миллион адам тұрады деп алсақ, онда еліміздегі әрбір 130-адам ұлттық спорт түрімен айналысады деген сөз. Аз ба, әлде қанағаттанарлықтай ма, оны өздеріңіз топшылай жатарсыздар. Осы жерде айта кетейік, Спорт комитеті өкілінің берген мәліметіндегі ұлттық спортпен айналысатын 122 644 спортшының 69 643-і тек қана қазақ күресімен айналысатынын ескерсек, тоғызқұмалақ, ат спорты секілді ұлттық ойындардың басқа түрлерінің үлесіне бар болғаны 53 001 спортшының ғана тиесілі екенін көреміз. Сондай-ақ Қалберген Махмұтбекұлы елімізде бар-жоғы 33-ақ ат спортына арналған ипподромның бар екенін айтып қалды. Дегенмен, біздіңше, мұның өзі асыра көрсетілген көрсеткіш секілді. Өйткені, шыны керек, еліміздегі ипподромдардың көбісінің тозығы жеткен. Көрермендерге де ешқандай жағдай жасалмаған. Оны қойшы, ипподром жолына қарап, бәйгеге түсетін сәйгүліктердің өзін аяйсың. Осы жөнінде Спорт комитетінің өкіліне сұрақ қойылғанда, аз-кем кібіртіктеп қалған Қалберген Махмұтбекұлы:
– Әлгі айтқан 33 ипподромның тек бесеуі ғана мемлекеттің меншігінде. Сондықтан, біз оларға жауап бере алмаймыз. Негізі, кезінде жекеменшікке өтіп кеткен сол дүниелердің барлығын мемлекеттің меншігіне қайтарса, дұрыс болар еді, – деп жалтарып кетті.

Жарайды, сол ипподромдардың өзіне де қанағат делік. Бірақ тағы бір қынжылтатыны, байқап қарасақ, елімізде бірде-бір садақ тартатын жебедром жоқ екен. Рас, осыдан біраз бұрын Қазақстан бойынша жалғыз жебедром Алматы қаласында болған. Өкінішке қарай, бүгінде ол да жекеменшіктің қолына өтіп кеткен.
– Садақ тарту спортымен айналысуға ниет танытушылар өте көп. Бірақ олар келеді де, садақты қолына ұстап тұрып, «спорттың бұл түріне қызығам, бірақ қайда барып дайындалам», – деген сұраулы жүзбен қарап, кетіп қалады», – деп Алматы облыстық «Алтын жебе» садақ тарту федерациясының президенті Есенгүл Арыс та өз ойын ортаға салып, Туризм және спорт министрлігіне «бас ауру» болатын тағы бір мәселенің шетін шығарды.

 Әуреге түсірген садақ
Конференция басталмас бұрын Қазақтың спорт және туризм академиясының спорт залында ұлттық спорт түрлерінің кішігірім көрмесі өтіп, онда әр федерация өз ойындарын көрермендерге кеңінен таныстыруға мүмкіндік алды. Мұнда көрермендер тоғызқұмалақ ойынынан бастап, кезінде ұмыт қалып, қайта жаңғырған хан дойбысының ойын ережелерімен де таныса алды. Сондай-ақ «Қыран федерациясы» қоғамдық қоры көрмеге дала бүркітін әкелсе, Садақ тарту спортының федерациясы қазақтардың ежелгі садақтарымен таныстырды. Міне, алғашқы қызық та осы жерде басталған еді. Бос жатқан садақтың адырнасын ретке келтіре алатын адам табылмай, тамашалаушылар әбден әбігерге түсті. «Мен» деп кеуде соққан алыптардың өзінің әлгі садаққа шамалары келмей дымдары құрыды. Тіпті, екеулеп тартқандарымен ешқайсысының мүйіз бен ағаш араласқан бір садақтың сабын июге әлдері жетпеді. Осындай көрініске қарап, садақты қиналмай-ақ ретке келтіріп, аңға шығып кете беретін бабаларымыздың батырлығына, мықтылығына қайран қалады екенсің.

түйін:
Жалпы, екі күнге созылған ғылыми-тәжірибелік конференцияда айтылған ойлар мен талқыланған мәселелер аз болған жоқ. Бұдан байқағанымыз, ұлттық спорт түрлерінде шешімін таппай отырған проблемалар Олимпиадалық спорт түрлеріндегі мәселелерді он орайды екен. Өз жерімізде тұрып өзіміздің ұлттық ойындарымызды ұлықтай алмауымыз өзімізге сын. Егер дер кезінде қолға алмасақ, ұлттық ойындарымыздың барлығы «қолды» болып кетуі де ғажап емес. Онсыз да, көкпарды қырғызға, ат үстіндегі полоны ағылшындарға, садақ тартуды Венгрияға «сыйлап» жіберген жайымыз бар.

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста